Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Аппараттық кеңес

06.03.2017

6 наурызда облыстық әкiмдiкте өңiр басшысы Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен кезектi аппараттық кеңес өттi. Аппараттық кеңес барысында осы жылдың 2 айы бойынша бюджеттiң кiрiс пен шығыс бөлiгiн орындау мен мектептердi душ кабиналарымен және жылы дәретханалармен жабдықтау мәселесi қарастырылды.

Аппараттық кеңес кадрлық тағайындаудан басталды. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң жауапты хатшысының бұйрығымен Аман Жақсыбайұлы Төрегелдин Қазақстан Республикасы Қарсы Министрлiгi мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстандық мемелекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi басшысы болып тағайындалды», — дедi Ерiк Сұлтанов.

Аман Жақсыбайұлы, Көкшетау облысы Воладар ауданы Қаратал селосында туған. Солтүстiк Қазақстан облысында 10 жылдан артық уақыт еңбек еттi, қазiргi тағайындауға дейiн Уәлихан ауданның әкiмi лауазымын атқарды.

Қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкiмжановтың ақпараты бойынша 2017 жылдың 1 наурызына шығыс бойынша облыстың бюджетi мен орындалуы қанағаттандырмайды. Өндiрiлмеген шығыстардың ең көп қалдығы М.Жұмабаев, Тайынша, Жамбыл, Ақжар, Аққайың аудандары мен Петропавл қаласында.

Статистика департаментiнiң деректерi бойынша 2016 жылы облыстағы орташа айлық жалақы 87 065 теңгенi, соның iшiнде «Ауыл шаруашылығы» саласында бұл көрсеткiш 81 001 теңгенi құраған.

Орташа айлық жалақы бойынша ең төмен көрсеткiш Уәлиханов ауданында (-21,8% орташа облыстық көрсеткiштен төмен); Ақжар ауданында (-20,9%); Айыртау ауданында (-19,3%); Шал ақын ауданында (-18,8%); Тайынша ауданында (-18,3%); Есiл ауданында (-17,8%).

Өз кезегiнде СҚО индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов өңiрге инвестиция тарту бойынша динамика өсiмi туралы хабарлады.

Оның ақпараты бойынша 2017 жылы Солтүстiк Қазақстан облысына 191 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Тек үстiмiздегi жылдың қаңтар айынан бастап облысқа 8,8 млрд. теңге инвестиция тартылған. Негiзi капиталдағы инвестицияның өсiмi Тайынша ауданынан басқа барлық аудандарда байқалады.

Өз кезегiнде бiлiм басқармасының басшысы Шолпан Қаринова оқушылардың мектеп жанындағы интернаттарда тұру жағдайлары туралы, соның iшiнде мектеп ғимараттарындағы душ кабиналары мен жылы дәретханалардың бар болуы туралы баяндады.

2016-2017 жылғы оқу жылында 59 мектеп жанындағы интернат жұмыс iстеп тұр. Олардың тек 38-i ғана суық және ыстық су өткiзiлген душ кабиналарымен жабдықталған ,ал қалған 21-i жабдықталмаған.

Облыстағы 517 мектептiң iшiнде жылы дәретхана 339-нда орнатылған, ал қалған 178 мектептiң дәретханасы сыртта орналасқан. Жылы дәретханалармен облыс орталығының, Тимирязев ауданының және арнайы бiлiм беру ұйымдары толығымен қамтамасыз етiлген.

Осыған байланысты өңiр басшысы тиiстi органдар мен аудан әкiмдерiне бiр ай iшiнде мектеп жанындағы интернаттарды душ кабиналарымен жабдықтауды, ал келесi оқу жылына барлық мектептердi жылы дәретханамен жабдықтауды тапсырды.

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ