Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Аппараттық кеңес

04.01.2017

Аппараттық кеңес

Өңiр басшысы Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен әкiмдiк отырысы кадрлық тағайындаудан басталды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Солтүстiк Қазақстан облысының прокурорының уақытша мiндетiн атқарушысы болып Тимур Ғазизбекұлы Тәшiмбаев тағайындалды.

Тимур Ғазизбекұлы ТәшiмбаевТимур Ғазизбекұлы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiн құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы қаласы Фрунзенский ауданының прокуратурасында тергеушiнiң стажеры қызметiнен бастаған. Алматы қаласы Фрунзенский ауданының прокуратурасының тергеушiсi, прокурордың көмекшiсi болып iстеген. Сондай-ақ, Алматы облысының Iле ауданында прокурордың көмекшiсi, аға көмекшiсi, прокурордың орынбасары қызметтерiн атқарған.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында түрлi қызметтердi атқарды. Алматы қаласының Бостандық және Түркiсiб аудандарында прокурор, Астана қаласында прокурордың орынбасары болған.

2007 жылдан 2012 жылға дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң сот қызметi және құқық қорғау мәселелерi жөнiндегi бөлiмнiң меңгерушiсiнiң орынбасары қызметiн атқарды. 2012 жылдың сәуiр айынан бастап бүгiнгi тағайындауға дейiн Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жедел iздестiру қызметiнiң заңдылығын бақылау департаментiнiң басшысы болып жұмыс iстедi.

Аппараттық кеңес барысында 2016 жыл бойынша мемлекеттiк қызметкерлердi қайта даярлау мен бiлiктiлiктi арттыру бойынша өңiрлiк орталығы қызметiнiң қорытындылары туралы мәселе қарастырылды. Бұл туралы кеңес қатысушыларына орталық директоры Сабыр Ыбыраев хабардар еттi.

«2016 жылы орталықта қайта даярлау мен бiлiктiлiктi арттыру курстарынан 1383 қызметкер өттi, олардың iшiнде 1324 мемлекеттiк қызметкер және 59 азаматтық қызметкер. Бiлiктiлiгiн 983 қызметкер арттырды, олардың iшiнде 924 мемлекеттiк және 59 азаматтық қызметкер. Қайта даярлаудан 400 қызметкер өттi, олардың 299-ы алғаш рет мемлекеттiк қызметке қабылданған, қабылданғандардың 101-i басшылық лауазымына тағайындалған, оның iшiнде 28 ауылдық округтiң әкiмдер де бар», — дедi Сабыр Ыбыраев.

2016 жылдың есептi кезеңiнде орталықта 49 оқыту семинары, алғаш рет мемлекеттiк қызметке қабылданғандар мен басшылық лауазымына тағайындалғандарға арналған 9 курс, бiлiктi арттыруға арналған 40 семинар өткiзiлдi.

Сондай-ақ аппараттық кеңес барысында 2016-2019 жылдарға арналған бiлiм мен ғылым мемлекеттiк бағдарламасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру туралы мәселе қарастырылды.

Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ