Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

СҚО әкімі облыс жұртшылығын мәселелерді бірге шешуге, ақылдаса әрекет жасауға шақырды

17.03.2017

СҚО әкімі облыс жұртшылығын мәселелерді бірге шешуге, ақылдаса әрекет жасауға шақырды

Cолтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Наурыз мейрамы қарсаңында облыс жұртшылығымен кездестi, оның барысында конструктивтi сұхбат өттi.

«Мереке алдында сiздiрмен арнайы кездесуiмдi жөн деп көрдiм. Өздерiңiз көрiп, естiп отырсыздар, екi күн iшiнде бүкiл аудан әкiмдерiн, қала әкiмдерiнiң есептерiн тыңдадым, қабылдадым , кеше басқарма мен департамент басшыларымен араласып, олармен де ой-пiкiрлесiп, проблемаларды талқыладық», — дедi облыс әкiмi.

Облыс әкiмi қатысқан iс-шараға ҰОС, еңбек, спорт ардагерлерi, Қазақстанның Еңбек сiңiрген қайраткерi, облыстың құрметтi азаматтары, қоғамдық кеңестердiң төрағалары қатысты.

«Мiнекей бүгiн үлкен мерекенiң алдында қоғамдық пiкiрдi қалыптастыратын азаматтармен кездесудi ұйымдастыруды жөн санап, ойларыңызбен бөлiсiп, пiкiрлерiңiздi, ұсыныстарыңызды тыңдау үшiн алдарыңызға келiп отырмыз», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, көктем мерекесiн тек қалалар мен ауылдардың алаңдары мен көшелерiнде тойламай, сондай-ақ, әр аулада да тойлауды ұсынды.

«Осы жылы бiздер Наурыз мейрамын аулалық аумақтар мен тұрғын үй–жайларында қарсы алудан бастасақ, жақсы дәстүр болар едi. Аулалардағы кiре-берiстердi, балалардың ойын алаңдарын, тротуарларды, арықтар мен жауын-шашын кәрiз жүйесiн қардан тазарту, соңында, мүмкiндiгiнше, барлық ауламен мерекелiк дастархан жайып, күш пен шыдамдылықты тексеретiн ұлттық ойындарды ұйымдастыру. Осы барлық iс-әрекеттер бiздегi бiрлiк рухы мен ынтымақтастығымызды одан әрi нығайтатынына сенiмдiмiн», — деп атап өттi өңiр басшысы.

Петропавлда тұрғын алабында 400-ден астам аула бар.

Көне заманнан берi Наурыз мейрамы жандану мен табиғаттың жаңаруын бiлдiредi. Сонымен бiрге, бұрынғы заманда Наурыз келгенге дейiн адамдар өз үйлерi мен шаруашылығын тазалық пен тәртiпке келтiрген. Наурыз таза үйге келсе, ауру-сырқат, сәтсiздiктер, қасiрет үй иелерiнен айналып кетедi деп сенген.

Анықтама үшiн:

1991 жылдың 15 наурызынан бастап Қазақстанның Президентi Нұрсұлтан Назарбаев өзiнiң Жарлығымен 22 наурызды, көктемгi күн мен түннiң теңелуiн, мерекелiк күн деп жариялады. Қазақстан Республикасының «Мерекелер» туралы заңына сәйкес Наурыз мейрамы — мемлекеттiк мереке. Үстiмiздегi жылы Үкiметтiң Қаулысымен Қазақстан азаматтары 5 күн демалу мүмкiндiгiне ие болды.

СҚО әкімі облыс жұртшылығын мәселелерді бірге шешуге, ақылдаса әрекет жасауға шақырды

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ