Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Аппараттық кеңес

09.01.2017

Облыс басшысы Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бiрқатар маңызды мәселелер қарастырылды.

Көктемгi су тасқыны кезеңiне дайындық мәселесi бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi департамент басшысының мiндетiн атқарушы Нурлан Атығаев баяндады.

«Қазгидромет» РМК-ның 1 қаңтарға дейiнгi ақпараты бойынша облыс аумағындағы қар қалыңдығы мен түскен қардың көлемi орташажылдық көрсеткiштермен салыстырғанда қалыптан 120-210 % -дан асқан. Су тасқыны кезеңiнде әсер ететiн маңызды факторлардың бiрi — топырақтың қату тереңдiгi. 2015 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда аудандарда топырақтың қату тереңдiгiнiң көрсеткiштерi 15-55 см-ге асып тұр», — дедi Нұрлан Атығаев.

Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов аудан әкiмдерiне елдi-мекендерде су тасқынын болдырмау мақсатында бiр ай iшiнде дайындықты қамтамасыз етудi жүктедi.

«Өткен жылғы тәжiрибе бар. Инженерлiк, жол-құрылыс техникасымен қамтамасыз ету қажет. Қазiр бәрiн жинақтау қажет, барлық техника әр ауданда болуы тиiс. Қажеттi көлемде ыдыс-қап әкелiп, керек қаражатты бөлiңiздер», — дедi Ерiк Сұлтанов.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiне дайындығының барысы туралы кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарова баяндады.

«93 күн бойы көрмеге баруға арналған кесте дайындалған, оның аясында 136 мың адамды жiберу жоспарланған, солардың iшiнде 60 мың адам — оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, халықтың әлеуметтiк тұрғыдан әлсiз тобы. Жетiм балалар мен аз қамтылған отбасылардағы балаларды көрмеге жiберуге бюджетттен қаражат бөлiнедi», — деп хабарлады Құралай Жарова.

Бұдан басқа, жастар бастамалары орталығымен бiрлесiп «ЭКСПО-2017» көрмесiне қатысуға 160 ерiктi таңдалды, олар ағымдағы жылы 3 айлық оқыту курстарына жiберiледi.

Жергiлiктi «Прогресс» туристiк фирмасы өңiр тұрғындары мен Ресей Федерациясының (Қорған, Омбы, Түмен) шекаралас облыстары үшiн туристiк бағытты дайындады. Ол көрме келушiлерiне ұсынылған туристiк бағыттар реестрiне енгiзiлген.

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ