Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Аппараттық кеңес

26.12.2016

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде өңiр басшысы Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бiрқатар мәселелер қарастырылды.

2017 жылы барлық деңгейдегi әкiмдердiң есеп беру кездесулерiн өткiзуге дайындық туралы облыс әкiмi аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет баяндады.

«2016 жылдың 14 қаңтары мен 24 ақпаны аралығында барлық деңгейдегi әкiмдердiң тұрғындармен 656 есеп беру кездесуi өткiзiлдi. Кездесуге барлығы 56480 адам қатысып, 1617 адам 1951 ұсыныс бiлдiрген», — дедi Мадияр Қожахмет.

Келесi жылы да 656 кездесу ұйымдастыру жоспарланған.

Жаңа жылдық мерекелерде қоғамдық қауiпсiздiктi ұйымдастыру туралы жергiлiктi полиция қызметiнiң басшысы Қанат Айтбаев баяндады.

«Алдағы мерекелiк шараларды ұйымдастыруға байланысты IIД «Құқықтық тәртiп» деп аталатын жедел алдын алу шараларының кешенiн жүргiзедi. Аталған iс-қимыл қоғамдық жерлерде құқық бұзушылықты болдырмауға, жол қауiпсiздiгiн нығайтуға, сертификатталмаған пиротехникалық өнiмдi анықтауға, қаруды сақтау және алып жүру құқығын дұрыс пайдаланбағандарды анықтау мен алдын алу шараларын өткiзу жұмыстарын қамтиды», — дедi Қанат Айтбаев.

Өңiр басшысы жаңа жылдық мерекелердi өткiзу кезiнде қауiпсiздiктi жоғары деңгейде сақтауды тапсырды.

Жаңа жылдық мереке кезiнде елдi мекендердi безендiру барысы мен мұз қалашықтарын салу жоспары туралы облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы Әсем Рахметова баяндады.

«Орталық алаңдарда және iргелес аумақтарда мұз қалашықтары салынып, жаңа жылдық шыршалар орнатылды, шамшырақтар, қар өрнектерi iлiнiп, балалар үшiн сырғанауға арналған төбешiктер ұйымдастырылған. Облыс бойынша барлығы 384 мұз қалашығы салынды», — деп атап өттi Әсем Рахметова.

Мұнымен қоса, хоккей корттарын ашу мен қайта салу жұмыстары жүргiзiлуде. Бүгiнде облыста 402 хоккей корты бар.

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ