Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Ерiк Сұлтанов әкiмдiк отырысын өткiздi

29.12.2016

Ерiк Сұлтанов әкiмдiк отырысын өткiздi

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмiдiгiнде өңiр басшысы Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен әкiмдiк отырысы «Үздiк мемлекеттiк қызметшi» төсбелгiсiн тапсыру рәсiмiнен басталды.

Ұзақ жылғы адал еңбегi және мемлекеттiк қызметке қосқан зор үлесi үшiн «Үздiк мемлекеттiк қызметшi» ведомстволық наградасымен Қазынашылық департаментiнiң басшысы Асқап Сақыпкереев, облыс әкiмiнiң мемлекеттiк-құқық бөлiмiнiң меңгерушiсi Юрий Наумочкин, Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Марат Жамалиев, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлiм басшысы Владислав Орлов, облыс әкiмi аппаратының жалпы бөлiмiнiң бас маманы Бибiгүл Құлымова марапатталды.

Әрi қарай отырыс барысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 28 наурыздағы Жарлығын Солтүстiк Қазақстан облысында жүзеге асырудың қорытындысы және 2016 жылы тұрғындармен есеп беру кездесуi барысында көтерiлген мәселелердiң iс-шаралар жоспарының орындалуы, сондай-ақ өңiр аудандарының әкiмдiктерi өткiзген азаматтардың өтiнiштерiн қарастыру мәселелерi қарастырылды.

Бiрiншi мәселе бойынша облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы Әсем Рахметова баяндады.

«Солтүстiк Қазақстан облысында Өңiрлiк iс-шаралар жоспарына және желiлiк жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында 350 мың адамды қамтыған 6 500-ден астам iс-шара өткiзiлдi. Iс-шараларды өткiзуге «Нұр Отан» партиясының, ҮЕҰ-ның, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкiлдерi кең ауқымда тартылды», — дедi Әсем Рахметова.

Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов Президент Жарлығының жоғары деңгейде орындалғанын атап өтiп, аудандарға жүргiзiлген жұмыс үшiн алғысын бiлдiрдi.

«Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы қарсаңындағы осы қарқынды сақтап, алдағы уақытта да үлкен мүмкiндiктердi жоспарлау және бұл жұмыстарға инвесторларды тарту қажет. Болашақта әрбiр елдi мекенде бос уақыт өткiзу орталықтарын ашу мүмкiндiгiн қарастыру керек», — дедi облыс әкiмi.

Екiншi мәселе бойынша облыс әкiмi аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет баяндады.

2016 жылдың басында барлық деңгейдегi әкiмдер облыс тұрғындарымен 656 есептiк кездесу өткiздi. Аталған кездесулерге 56480 адам қатысты.

«Есеп беру кездесулерi аяқталған соң, қарастырылған мәселелердi жүзеге асыру бойынша Iс-шаралар жоспары бекiтiлдi. Барлық келiп түскен 1951 ұсыныстың 803-i бақылауға алынып, қалған 1148-i сол жерде шешiмiн тапты. Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанындағы жағдай бойынша, 803 мәселе қарастырылып, 787-i шешiлдi», — деп атап өттi Мадияр Қожахмет.

Бұдан бөлек, 11 ай iшiнде облыс әкiмiнiң аппараты 867 өтiнiштi қарастырды, ал облыс әкiмi жеке қабылдауында 241 адам болды.

Ерiк Сұлтанов облыс аудандарының және Петропавл қаласының әкiмiне назарға алынған мәселелердiң барлығын уақытылы және сапалы шешiп, келiп түскен ескертпелер мен оған берiлген жауапты тұрақты түрде жергiлiктi ресми сайттарда жариялауды мiндеттедi. Сондай-ақ облыс әкiмi Петропавл қаласы мен аудан басшыларының блогтарына келiп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарастырудың сапасын жоғарылатуды тапсырды.

Ерiк Сұлтанов әкiмдiк отырысын өткiздi

Ерiк Сұлтанов әкiмдiк отырысын өткiздi

Ерiк Сұлтанов әкiмдiк отырысын өткiздi

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ