Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Ерiк Сұлтанов энергетиктердi кәсiби мерекесiмен құттықтады

22.12.2016

Ерiк Сұлтанов энергетиктердi кәсiби мерекесiмен құттықтады

Солтүстiк Қазақстан облысында энергетика саласының қызметкерлерi кәсiби мерекелерiн атап өттi. Петропавл ЖЭО-2 өкiлдерi үшiн биылғы мерекенiң маңызы зор, өйткенi осы жылы аталмыш мекеме 55 жылдық мерейтойын атап өткелi отыр. Энергетиктердi құттықтаған облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов энергетика саласы экономиканың маңызды саласының бiрi екенiн атап өттi.

«Солтүстiк Қазақстан облысының энергетика саласы экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiн арттыру арқылы табысты дамып келедi. Облыс энергетиктерi өз мiндеттерiн қашан да жоғары дәрежеде атқарады.

Бүгiн кәсiби мереке күнi «СевКазЭнерго» акционерлiк қоғамы өзiнiң қызметкерлерi, облыс тұрғындары үшiн жаңа жатақхана тапсырғалы отыр. Бұндай қадам қызметкерлердiң көңiл-күйiне, олардың әлеуметтiк жағдайына ерекше оң ықпал етедi деген сенiмдемiн», — дедi өңiр басшысы.

Облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасымен 4 сала қызметкерi марапатталса, тағы 2-уi Алғыс хаттармен марапатталды.

Энергетиктердi мерекесiмен «Орталық Азия Электроэнергетикалық Корпорация» АҚ Президентi Еркiн Әмiрханов құттықтады және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлерiне марапат көрсетiп, арнайы атақтар табыстады.

Iс-шара барысында кәсiби мереке иелерiн «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Леонид Ларичев те құттықтады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ энергетиктерi жоғары өндiрiс көрсеткiштерiне қол жеткiздi. 2007 жылмен салыстырсақ, стансаның қуаты 161 МВт-қа артып, 514 МВт-ты құрады, ал электроэнергияны өндiру сағатына 1,4 млрд. кВт-қа артып, бүгiнде сағатына 3,2 млрд кВт-ты құрайды», — деп атап өттi Леонид Ларичев.

Шара барысында Петропавл ЖЭО-2-нiң 5 ардагерi «Ардагер энергетик — Ветеран энергетик» атағына ие болды.

Ерiк Сұлтанов энергетиктердi кәсiби мерекесiмен құттықтады

Ерiк Сұлтанов энергетиктердi кәсiби мерекесiмен құттықтады

Ерiк Сұлтанов энергетиктердi кәсiби мерекесiмен құттықтады

Ерiк Сұлтанов энергетиктердi кәсiби мерекесiмен құттықтады

Ерiк Сұлтанов энергетиктердi кәсiби мерекесiмен құттықтады

Ерiк Сұлтанов энергетиктердi кәсiби мерекесiмен құттықтады

Ерiк Сұлтанов энергетиктердi кәсiби мерекесiмен құттықтады

Ерiк Сұлтанов энергетиктердi кәсiби мерекесiмен құттықтады

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ