Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Ерiк Сұлтанов облыс орталығының өндiрiстiк нысандарына барды

11.01.2017

Ерiк Сұлтанов облыс орталығының өндiрiстiк нысандарына барды

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Ерiк Сұлтанов Петропавл қаласы бойынша жұмыс сапары барысында өндiрiстiк нысандарды аралады, сондай-ақ, «Орман» ықшам ауданында салынып жатқан балабақшаның құрылысымен танысты.

Ең алдымен өңiр басшысы Шаховское ауылындағы «Вторсырье» ЖШС-нiң қоқыс сұрыптау кешенiнiң жұмысымен танысты. Кәсiпорын өткен жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс iстейдi. Компания басшысы Қайыржан Айсиннiң айтуы бойынша, мұнда тұрмыстық қалдықтар макулатура, картон, пластикалық бөтелке мен қаңылтыр құтыға сұрыпталады.

«Шыны Алматыға, макулатура «Карина» компаниясына, картон өзге компанияға, қаңылтыр құтылар металл базасына жiберiледi. Станцияның қуаттылығы жылына 20 мың тоннаны құрайды. Өндiрiстiк қуаттылықты арттыру мен 28 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Қазiр мұнда 14 адам жұмыс iстейдi. Бiзде 1 трактор, 2 өзi аударғыш машина бар», — дедi Қайыржан Айсин.

Бұл жобаны жүзеге асыру «Даму» қорының несие беру бағыты аясында мүмкiн болып отыр.

Ерiк Сұлтановтың барған келесi нысаны — цемент- құмды тығыздау тәсiлiмен силикат кiрпiшiн өндiретiн «Алаугаз-СК» ЖШС болды. Зауыт 2015 жылы индустрияландыру картасының аясында салынды. Өңiр басшысы жабдықтау мен дайын өнiмдi қарап шықты.

Сондай-ақ, облыс әкiмi «Орман» ықшам ауданында мемлекеттiк- жеке меншiк әрiптестiк аясында 140 орынға шақталған балабақшаның құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «Титан-Север» ЖШС жүргiзiп жатыр, ал тапсырыс берушi «Егоровские скалады компаниясы.

Ерiк Сұлтановты нысанды жүргiзiлiп жатқан жұмыстармен таныстырды. Нысанның iргетасын тұрғызу жұмыстары толығымен жасалды, монолиттiк қабырғалары тұрғызылды. Бұл мекеменi осы жылың күзiнде тапсыру жоспарланған.

Қызылжар ауданының Затон ауылында «Стройкомплекс Keramos» ЖШС-нiң өндiрiсiмен танысты. Кәсiпорын 2 жыл бойы тоқтап тұрды.2017 жылдың мамыр айында нысан қайта iске қосылмақ. Майтұнда кiрпiш пен күйдiрiлген балшықтан жасалған құрылыс материалдарын шығаратын болады. Қазiргi кезде дайындық жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Кәсiпорында жаңа 50 жұмысын ашу жоспарланған.

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов зауыттың өнiмдерi өңiрдегi ғимараттардың құрылысына пайдаланылатынын атап өттi.

«Стройкомплекс Keramos» ЖШС-гi алдағы уақытта кiрпiш өндiрiсiнiң тағы 2 бағытын қосуды жоспарлап отыр.

Ерiк Сұлтанов облыс орталығының өндiрiстiк нысандарына барды

Ерiк Сұлтанов облыс орталығының өндiрiстiк нысандарына барды

Ерiк Сұлтанов облыс орталығының өндiрiстiк нысандарына барды

Ерiк Сұлтанов облыс орталығының өндiрiстiк нысандарына барды

Ерiк Сұлтанов облыс орталығының өндiрiстiк нысандарына барды

Ерiк Сұлтанов облыс орталығының өндiрiстiк нысандарына барды

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ