Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

СҚО-да Геннадий Зенченкомен қоштасты

19.12.2016

В СКО простились с Геннадием Зенченко

Қызылжар ауданының Новоникольское селосындағы Мәдениет үйiнде СҚО-ның Құрметтi азаматы, Қазақстанның Еңбек Ерi, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн ұйымдастырушылардың бiрi, «Зенченко и К» коммандиттiк серiктестiгiнiң бас директоры Геннадий Иванович Зенченкомен қоштасу рәсiмi өттi.

Геннадий Зенченконы ақтық сапарға шығарып салу үшiн туысқандары, жақындары, әрiптестерi, қоғам өкiлдерi, елiмiздiң түрлi өңiрлерiнiң өкiлдерi келдi. Қоштасу рәсiмiне Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов қатысты. Облыс әкiмi Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың атынан көңiл айту жеделхатын оқыды.

«Геннадий Иванович еңбек жолын ауыл шаруашылығын, елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық әлеуетiн дамытуға арнады. Ол өзiнiң адамгершiлiк қасиеттерiмен, жоғары кәсiбилiгiмен, мол өмiрлiк тәжiрибесiмен, биiк кәсiбилiгiмен ерекшелендi. Оның еңбегi «Қазақстанның Еңбек Ерi» және өзге да марапаттармен бағаланды. Геннадий Зенченко туралы естелiктер оны танитындардың жүрегiнде мәңгi сақталады», — делiнген ҚР Президентiнiң жеделхатында.

Сондай-ақ көңiл айту жеделхаттары ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаевтан, ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы Нұрлан Нығматуллиннен, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы АҚ Төрағасы Ахметжан Есiмовтен, Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Даниал Ахметовтен, Қостанай облысының әкiмi Архимед Мұхамбетовтен келдi.

«Бүгiнгiдей қайғылы күнi туған-туыстары мен жақындарына жұбату сөзiн табу қиын. Осындай ауыр сәттерде Геннадий Ивановичтiң жеке тұлғалық қасиетi мен оның тәжiибесi мен даналық құндылығын тереңiрек түсiнемiз. Геннадий Иванович механизатор-жұмысшы қызметiнен «Новоникольский» кеңшарының директоры қызметiне дейiн көтерiлiп, елiмiздегi iрi агроқұрылымның негiзiн қалаушы болды. Бүгiнгi таңда «Зенченко и К» командиттiк серiктестiгi әлемдегi ең заманауи технологиялармен жабдықталған, Қазақстандағы табысты серiктестiктердiң бiрi. Бұл жетiстiкте Геннадий Зенченконың еңбегi өте үлкен», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.

Қоштасу рәсiмiне ауыл шаруашылығы вице-министрi Серiк Егiзбаев қатысты.

«Оның барлық ойы, мақсаты Отанымен, Қазақстанмен байланысты болды. Ол халықтың бiрлiгi мен достығы, еңбегi ғана тәуелсiз Қазақстанымыздың дамуына көмек болатынына сендi. Оның мақсаты орындалды. Бiз барлығымыз Геннадий Ивановичтiң отбасымен бiрге қайғырудамыз. Оның сөздерi Отанды қалай сүю керектiгiн, ел игiлiгi үшiн қалай қызмет ету керектiгiн барлығымызға үйретедi. Оның мейiрiмге толы сөздерi ешқашан есiмiзден шықпайды», — деп атап өттi вице-министр.

«Нұр Отан» партиясының басшылығы атынан Геннадий Ивановичтiң жақындары мен туыстарына Партияның хатшысы Фархад Қуанғанов көңiл айтты.

Бұдан бөлек, қоштасу рәсiмiнде СҚО-ның Құрметтi азаматы, еңбек ардагерi Жақсылық Ысқақов, ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Абай Тасболатов, сондай-ақ қызметтегi әрiптестерi Қазақстанның Еңбек Ерi, «Қарқын» ЖШС директоры Сайран Бұқанов, «Якорь-СК» ЖШС директоры Владимир Очеретенко, Қазақстанның Еңбек Ерi, «Родина» ЖШС агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр сөз сөйледi.

Геннадий Зенченко 18 желтоқсан күнi өмiрден озды. Өмiрiнiң 50 жылдан астамын Геннадий Иванович ауыл шаруашылығына арнаған, оның 20 жылында «Зенченко и К» КС басқарды. Ол орақ науқанында өнiмдiлiгi гектарына 30 центнер болатын жоғары нәтижеге, сонымен қатар майлы дақылдарды, картоп, өзге де көкенiстердi өсiруде табысты қызмет еттi.

Еңбек Ерi Геннадий Зенченко екi мәрте «Отан» орденiне, «Алтын барыс» төсбелгiсiне ие болған. КСРО-ның екi орденiмен, Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның 12 медалiмен марапатталған.

 

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

В СКО простились с Геннадием Зенченко

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ