Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

СҚО-да мал сою орындарында шикiзат жетiспеушiлiгi бар

03.03.2017

СҚО-да мал сою орындарында шикiзат жетiспеушiлiгi бар

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Ерiк Сұлтанов Бескөл ауылындағы «Загот Интер» ЖШС-нiң еттi қайта өңдеу цехының жұмысымен, «Қызылжар су» ЖШС мен «Петропавл жылу желiлерiнiң» екiншi сатыға көтеру сорғы станциясында өткiзiлген қайта құру жұмысымен танысты.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Ерiк Сұлтановтың барған алғашқы нысаны — Қызылжар ауданында орналасқан «Загот Интер» ЖШС-гi болды. 2016 жылы Бескөл ауылында iске қосылған жеке мал соятын орын жылына 4 мың тоннаға дейiн өнiмдi қайта өңдей алады. Алайда серiктестiк басшысы Шуми Ысқақованың айтуынша шикiзаттың аз болғанынан серiктестiк толық қуаттылығына жұмыс iстемейдi. Мұнда тәулiгiнде 80 бас iрi қара мал, 130 бас ұсақ қара мал, 50 бас жылқы мен 100 шошқаны соя алады. Өнiмдi сақтау үшiн немiс тоңазытқыш агрегаттары мен компрессорлар сатып алынды.

Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов тиiстi органдарға ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң құрылуы есебiнен малды сою цехтарын шикiзатпен қамтамасыз ету мәселесiн шешудi тапсырды. «Бiздiң шикiзаттың өзге облыстар мен елдерге кетуiн болдырмау қажет. Шикiзат жеткiлiктi, тек бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру қажет», — дедi облыс әкiмi.

Кейiн Ерiк Сұлтанов «Қызылжар су» ЖШС-не барды. Серiктестiк 2014 жылдан бастап нысандарды сумен жабдықтау және су тартуды жаңғырту жобасын жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 11,4 млрд. теңгенi құрайды.

Жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2017 жылдың басына дейiн су тартқыш желiлерiнiң тозуын 72 пайызға дейiн және су өткiзу желiлерiнiң тозуы 62 пайызға дейiн төмендетiлдi.

Жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. 2017-2021 жылдарға арналған инвестициялардың көлемi 7,2 млрд. теңгенi құрайды немесе 69 шақырым желiлер қайта құрылады. Жаңғырту аяқталған соң, су тартатын желiлердiң тозуы 59 пайызға дейiн, кәрiз желiлерi 49 пайызға дейiн төмендейдi.

Кейiн Ерiк Сұлтанов «Петропавл жылу желiлерi» ЖШС-нiң жұмысымен танысты. Өткен жылы жылулық оқшауламаларды, құбыр желiсiн қалпына келтiру, жылу магистральдарын қайта құру жұмыстары жүргiзiлдi. Осы уақытқа дейiн барлық әлеуметтiк нысандар мен көппәтерлi тұрғын үйлер жылумен толық қамтамасыз етiлген.

Үстiмiздегi жылы серiктестiк 13 шақырым жылу желiлерiн ауыстыруды жоспарлап отыр. Жылу магистральдары мен таратқыш желiлердiң құрылысы мен қайта құру жұмыстары жалғасатын болады.

СҚО-да мал сою орындарында шикiзат жетiспеушiлiгi бар

СҚО-да мал сою орындарында шикiзат жетiспеушiлiгi бар

СҚО-да мал сою орындарында шикiзат жетiспеушiлiгi бар

СҚО-да мал сою орындарында шикiзат жетiспеушiлiгi бар

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ