Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

СҚО-ның жаңа әкiмi тағайындалды

14.03.2017

Құмар Ырғыбайұлы Ақсақалов

14 наурызда Петропавлда облыстық мәслихаттың XII-шi кезектен тыс сессиясы өткiзiлiп, оның барысында Президент Әкiмшiлiгiнiң басшысы Әдiлбек Жақсыбеков Елбасының облыс әкiмi лауазымына Құмар Ақсақаловтың кандидатурасын ұсынғаны туралы хатын оқыды. Халық қалаулылары Құмар Ақсақаловты Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi лауазымына тағайындау туралы Елбасының ұсынысын бiрауыздан қолдады.

Бұдан кейiн Президент әкiмшiлiгiнiң басшысы жаңа әкiмдi таныстыра отыра, Ерiк Сұлтановқа жемiстi еңбегi үшiн алғысын бiлдiрiп, өңiрдiң соңғы жылдардағы үлкен экономикалық табыстарға жеткенiн атап өттi. Өз кезегiнде Ерiк Сұлтанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бiлдiрген сенiмiне және облыс активiне бiрлесiп атқарған жемiстi жұмыс үшiн алғысын бiлдiрдi.

«Ең алдымен туып-өскен өңiрiмiздi көркейту жолында үш жылдай қызмет еткенiм үшiн Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа алғыс бiлдiремiн. Осы уақыт iшiнде қолдау көрсеткендерiңiз үшiн Сiздерге шексiз ризамын. Алдағы уақытта да Елбасының сенiмiн ақтап, халқымызға адал қызмет етуге бар күш-жiгерiмдi саламын», — дедi Е.Сұлтанов.

«Мен Елбасымыздың көрсеткен жоғары сенiмiне алғысымды бiлдiремiн. Бiз алдағы уақытта да халық игiлiгi мен өңiрдiң дамуы үшiн Елбасының қойған тапсырмаларын бiрге орындайтын боламыз», — дедi Қ.Ақсақалов.

Жаңа тағайындауға дейiн Қ.Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi басшысының орынбасары қызметiн атқарды.

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов 1965 жылы туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономикалық ғылымдар кандидаты.

1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды.

1989-1991 ж.ж. — Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы.

1991-1992 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi.

1992-1993 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры.

1993-1996 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары.

1996-1998 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi.

1998-2002 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi.

2002-2004 ж.ж. — Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi.

2004-2006 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.

2006-2010 ж.ж. — Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары.

2010-2014 ж.ж. — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы.

2014-2015 ж.ж. — «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

СҚО-ның жаңа әкiмi тағайындалды

СҚО-ның жаңа әкiмi тағайындалды

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ