Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Халық қалаулылары Тайынша ауданында болды

10.01.2017

Ең алдымен депутаттар Ясная Поляна ауылында орналасқан қазандықтың жұмысымен танысты.

Негiзi сонау 90-шы жылдары қаланған нысан тек 2013 жылы ғана жаңғырту көрген. Қазiр қазандық майлы дақылдар өнiмдерiнен қалған қалдықтардың көмегiмен жағылады. Жылумен 1500-нан астам тұрғыны бар ауылдың 30 пайызы, мектеп, балабақша және өндiрiстiк нысандар қамтылады екен. Кейiн халық қалаулылары «Тайынша-Астық» серiктестiгiнiң сүт-тауарлық кешенiне ат басын бұрды. Мұнда 23 адам жұмыс iстейдi.

Сергей Кульчицкий — «Тайынша-Астық» ЖШС сүт-тауарлық кешенiнiң меңгерушiсi, Тайынша ауданы:

— Бiзде 1200 бас сауын сиыр бар. Карусель қондырғысы бiр ретте 50 сиырды саууға қауқарлы. 2016 жылы бiр сиырдан 2805 литр сүт алдық. Алынған ақты күн сайын сүт зауыттарына жөнелтемiз. Өзiмiздiң сыйымдылығы 20 тонналық екi танкерiмiз бар.

Жалпы серiктестiкте 2 мың 750 бас iрi қара мал бар.

Бұдан соң депутаттар Ильичевка ауылына аттанды. Олар ең алдымен «Ильичевка-Астық» серiктестiгiнiң жұмысымен танысты. Элеватор 43 мың тонна астық қабылдауға қауқарлы. Мұнда дәндi-дақылдарды кептiрiп, өңдеуге арналған екi желi жұмыс iстейдi.

Денис Аникин — «Ильичевка-Астық» ЖШС құрылтайшысы, Тайынша ауданы:

— Өткен жылы 63 мың тонна өнiм қабылдап экспорттасақ, осы маусымда яғни, тамыз айынан бастап 36 мың тоннаны қабылдадық. Негiзiнен, ол — майлы дақыл өнiмдерi. Бiздер тауарды әлемнiң 12 елiне экспорттаймыз. Ол — Еуроодақ елдерi, Қытай, Монғолия сынды мемлекеттер.

Мұнда негiзiнен түрiк пен ресейден жеткiзiлген қондырғылар орнатылған. Тағы дәндi-дақылдарды тазартуға арналған автоматтандырылған фотосепаратор бар. Депутаттармен кездескен кәсiпорын басшылары өз жоспарларымен де бөлiстi. Келешекте олар ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн, қоспа жем дайындайтын зауыт салмақ ниетте.

Меймандар аялдаған соңғы нысан «Тайынша-май» зауыты болды. Серiктестiк жылына 300 мың тонна майлы дақылдарды өңдеуге қауқарлы. Ашылғанына бiр айдан астам ғана уақыт өтсе де кәсiпорын 1000 тоннадан астам май өндiрген.

Дәурен Тұрапбеков — «Тайынша-май» ЖШС директоры Тайынша ауданы:

— 4 мың тонна рапсты өңдеп одан 1200 тонна май алдық. Жергiлiктi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн шаруашылықтармен келiсiм жасасып, тағы 5 мың тонна рапс алдық. Жұмыс жақсы қарқынмен жүрiп жатыр.

Мұндағы процесс толығымен автоматтандырылған. Халық қалаулылары зауыттың әлеуетi зор екендiгiн айтты.

Мұрат Темiржанов — ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты:

— Кәсiпорын жергiлiктi шаруалардан рапстың тоннасын 115-130 мың теңгеге сатып алып жатыр екен. Бұрын бiз мұндай бағамен тек өнiмдi экспортқа шығарғанда ғана алатынбыз. Бұл ала жаздай тер төгiп, жерге дән сiңiрген диқандар үшiн, әрине жақсы болып отыр. Яғни, аграрийлерiмiз шығындалмайды. Зауыт зығыр, рапсты қабылдайды, сондықтан оның болашағы зор деп бiлемiн.

Жалпы өңiрге келген халық қалаулылары «Агробизнес-2020» мемлекеттiк бағдарламасының орнына қабылданғалы жатқан агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту жобасын түсiндiрiп, аграрийлердiң осы орайдағы пiкiрiн бiлмек. Тағы олар тұрғындарға «Нұрлы жер» бағдарламасының мүмкiндiктерi жайлы айтуда.

Мұрат Темiржанов — ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты:

— Бұл — жаңа бағдарлама. Оның iшiнде тұрғындарды жұмыспен баспанамен қамту, жер беру сынды көптеген сауалдар кiредi. Жалпы бiздер соңғы уақытта қабылданған барлық заң жобаларын халыққа түсiндiрiп, олардың ой пiкiрлерiн бiлуге келдiк. Егер ұсыныс-тiлектер болса, оны бiздер жұмыс орнымызға барып, әрiптестерiмiзбен талқылап, құжатқа өзгертулер мен толықтырулар енгiзе аламыз.

Терiскейге жұмыс сапарымен келген 5 депутат өңiрiмiзде апта соңына дейiн аялдамақ.

Магжан Ахмадина

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ