Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Мамлют ауданының ұстаздары Елбасы Жолдауын талқылады

17.03.2017

Облыстық бiлiм басқармасының басшысы Шолпан Каринова Дубровное орта мектебiнiң ұжымына Елбасы жүктеген тапсырмаларды жеткiздi.

Жолдаудағы 4-шi басымдықта жастардың өздiгiнен iздену қабiлеттерiн арттырып, мектеп қабырғасында алған бiлiмдерiн өмiрде қолдана алу туралы айтылған. Мұны басқаша функционалдық сауатылық деп атайды.

Гульмира Завьялова — ата-ана:

— Менiң балам 9-сыныпта оқиды. Болашақта ол да жоғары оқу орнына түсу үшiн сынақ тапсырады. Бiлiм басқармасының басшысы Шолпан Каринова биыл ҰБТ мен мектеп қабырғанда тапсырылатын емтиханның форматы сәл өзгеретiнiн айтты. Бiрақ тестiлеуде 11 жылдық оқу бағдарламасының тапсырмалары қамтылады дедi. Түлектердiң ата-аналарына алаңдауға еш негiз жоқ дедi. Осы сөз менiң көңiлiмдi орнына түсiрдi.

Осы күнi Шолпан Каринова Дубровное орта мектебiнiң кабинеттерiн аралады. Мекеме химиия, биология, физика, мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған. Бiр сөзбен айтқанда, материалдық-техникалық базасы мығым. Мектепте электронды күнделiк құрылыпты.

Наталья Кузаева — С.Г. Гуденко атындағы Дубровное орта мектебiнiң физика пәнi мұғалiмi, Мамлют ауданы:

— Электрондық күнделiк арқылы ата-аналар қолда бар ұялы телефон мен компьютер арқылы интернетке кiрiп балаларының бағаларын көре алады. Мұнда бәрiн анық етiп көрсетiлген. 5 пен 4 бағасы қызылмен белгiленген. Тоқсандық, жылдық бағаларды көруге болады. Ата-аналар электрондық күнделiктi ашу арқылы балаларының сабаққа қатысқандығын бiле алады.

Қазiргi таңда жаңа стандарт бойынша 1-сынып оқушылары қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн қатар меңгеруде. Бұл жаңашылдықтан Дубровное орта мектебi де қалыс қалмады.

Бүгiнде өңiрiмiзде 8000 бүлдiршiн жаңа бағдарлама бойынша бiлiм алуда.

Марина Линник — С.Г. Гуденко атындағы Дубровное орта мектебi директорының орынбасары, аудық мәслихат депутаты, Мамлют ауданы:

— Елбасы халыққа Жолдауында әсiресе, балаларды жастайынан үш тiлде оқытуға басымдық беру керектiгiн атап өттi. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбiр пәндер ағылшын тiлiнде оқытылмақ. Сонымен қатар, Елбасы қала мен ауыл мектептерi арасындағы бiлiм беру сапасының алшақтығын азайту қажет деп айтқан болатын.

Жоғары сыныптарға сабақ беретiн ұстаздар да шет тiлiн үйренуде. Былтыр мыңға жуық ұстаз жаңа стандарт бойынша бiлiктiлiктiлiктерiн

артырыпты. Алдағы 3 жыл көлемiнде өңiрдегi барлық бiлiм ошақтары жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылады.

Биыл «Баршаға арналған тегiн кәсiптiк-техникалық бiлiм беру» жобасы iске асырыла бастады. Осы бағдарлама аясында ауылдық және селолық округтерде мобильдi топ жасақталды. Олар 15 пен 45 жас аралығындағы азаматтарды жұмысшы мамандықтарын меңгеруге үгiттемекшi.

Шолпан Каринова — СҚО Бiлiм басқармасының басшысы:

— Мобильдiк топ кәсiптiк-техникалық бiлiм алғысы келетiн, бизнес ашуға ынталы жастарды тiзiмге алып, оларға бастаған iсiн аяғына дейiн жеткiзуге көмектеседi.

Тегiн оқытуға ең әуелi жұмыссыз және өзiн өзi тиiмсiз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсiптiк бiлiмi жоқ ересек адамдар тартылады. Оларға жолақысы, шәкiртақы төленбекшi.

Берiк Қасен

Ақпарат көзі: mtrk.kz

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ