Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

СҚО-да боранды күнi жолдан адасып кеткен ана мен бала құтқарылды

09.01.2017

Иван Ерш — Белорусия елiнiң азаматы.

15 жыл бойы ол өз мемлекетiмен Қазақстан арасында тауар тасумен айналысып келедi. Осы уақыт аралығында ол бiздiң өңiрiмiздiң климаттық ерекшелiгiн де жақсы танып алған. Сондықтан, қыс келiсiмен жүргiзушi Иван Ерш көлiгiн сайлап, Қазақстандағы қытымыр мезгiлге қызу дайындық жүргiзедi екен. Қазiр ол Астанадан Петропавл қаласына бет алған.

Иван Ерш — көлiк жүргiзушi:

— Қазақстанның қысы қандай болатынын бiлемiз. Сондықтан, бiз алдын ала дайындаламыз. Сiздерге келсек, көлiктер топтасып жүредi. Яғни, бiрнеше машина жолға бiр уақытта шығуға тырысамыз. Бұл өзiмiзге жеңiл. Егер де жолда төтенше жағдай орын алса, бiр-бiрiмiзге көмектесуге тырысамыз. Мәселен, бүгiн таңертең бiр көлiктi үшеуiмiз бiрiгiп қыздырдық. Ол үшiн әрқайсымызда керектi құралдар бар.

Жүргiзушiлер жолда қалмаудың амалын ойлап жүрсе, жаяу жүргiншiлер оны мүлдем ұмытқан сыңайлы. 33 жастағы Венера Великанова қаңтардың 8-i күнiн жадында ұзаққа сақтамақ. Өйткенi, дәл осы күнi таңғы сағат 11-лер шамасында ол 7 жасар ұлымен жолға шығады. Баласын Мамлют ауданындағы интернатқа апарып салмақ болған ана 11 км-дi артқа тастап, қатты көтерiлген боранда алған бағытынан адасып кетедi. Дiттеген жерлерiне жетуге 5 шақырым қалғанда, екеуiнiң әлi құрып, жолда қалады. Кешкi 5-тердiң кезiнде бiрақ нәзiкжанды 112 нөмiрiне хабарласып, көмекке шақырады. Құтқарушылар мен тәртiп сақшылары ана мен баланы 3 сағаттан артық уақыт iздейдi.

Қайсар Қанафин — СҚО IIД ЖПҚ аға инспекторы:

— Хабар келген соң құтқарушылар мен тәртiп сақшылары бiрден iздеу жұмыстарына кiрiстi. Ол үшiн 6 бiрлiк техника мен қарда жүруге арналған көлiктер жұмылдырылды.

Ана мен бала ауруханаға уақытында жеткiзiлген. Қазiр жағдайлары бiрқалыпты. Дәрiгерлердiң айтуынша, құтқарушылар бiр сағатқа кешiккенде онда екеуiнiң де өмiрiн сақтап қалу мүмкiн болмас едi дейдi.

Анатолий Рафальский — Тайынша аудандық орталық ауруханасының бас дәрiгерi:

— Қазiр баланың жағдайы жақсы. Таңертең қауiп-қатер сейiлдi. Ол үшiн бiздiң анестезиолог пен реаниматологымыз қолдан келгендерiн жасады. Бiрiншi кезекте алғысты ана мен баланы құтқарған полковник Петр Мартынюкке бiлдiру керек. Ол өз өмiрiне қауiп төндiре отырып, өзгенiн жанын сақтауға тырысты. Құтқару барысында тәртiп сақшысы бiрнеше мәрте құлап, иығын шығарып алса да iздеудi жалғастырған.

Полицейлер мен құтқарушылар солтүстiкқазақстандықтарға күн суықта және қатты борандарда жолға шықпауға кеңес бередi. Өйткенi, бұл әрекет сiздiң және жақындарыңыздың өмiрiне қауiп төндiруi мүмкiн.

Айгерiм Ержанова

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ