Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Жыл басынан өңiрде 1500-ден астам адам тiркеуге тұрған

10.01.2017

Өңiрде жаңа заңға сай, ХҚКО-нда азаматтарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тiркеу қарқынды жүргiзiлуде.

Бүгiнде аталған орталық мамандары 12 сағаттық жұмыс күнiне көшiп, облыстық Көшi-қон басқармасының қызметкерлерiмен қоян-қолтық жұмыс жасауда. Мәселен, жыл басынан берi 1500-ден астам адам тiркеуге тұрған.

Айгерiм Ержанова, тiлшi:

— Ендi тұрғылықты жерiнен тысқары жаққа бiр айдан асатын мерзiмге барған әр қазақстандық уақытша тiркеуге тұруы керек. Ол үшiн ХҚКО-на келiп тиiстi құжаттарды рәсiмдеп, мемлекеттiк баж салығы ретiнде 227 теңге төлеуi тиiс. Бұл талап қонақ үйде тұрып, өзге қалада жұмыс iстейтiн және өзге қалада ауруханада ұзақ емделiп жатқан азаматтарға да қатысты.

Сондықтан, қазiр азаматтар жаппай ХҚКО-на барып уақытша тiркеуге тұруда. Мәселен, жыл басынан берi өңiрде 1500-ден астам адам жаңа заңға сай құжаттарын рәсiмдеген. Оның 444-i дүйсенбi күнi тiркеуден өтiптi. Қазiр орталық қызметкерлерi адамдарды қабылдау үшiн түскi үзiлiссiз, уақытша 12 сағаттық режимге көшкен.

Ержан Қабдөшов — Петропавл қаласы IIБ Көшi-қон полициясы бөлiмiнiң аға инспекторы:

— Мұнда тағы қосымша 3 жұмыс орны ашылды. Ендi 5 маман азаматтарды қабылдап тiркеуге тұрғызып жатыр.

Заң бәрiне ортақ. Сол себептi, қажет болса әрбiр қазақстандық уақытша тiркеуге тұруы шарт. Мейлi, сiз туған-туыстарыңызға келiп қонақ болсаңыз да, жұмыс бабымен бiр айдан астам уақытқа басқа қалаға келсеңiз де талапты орындау қажет. Бiрақ, Көшi-қон полициясы басқармасының мамандары пәтер-пәтердi аралап, азаматтардың мазасын алмаймыз дейдi.

Еркетай Тұтқышов — СҚО IIД Көшi-қон полициясы басқармасының бастығы:

— Егер де көршiлер шағымданып жатса ғана уақытша тiркеудi тексеремiз. Арнай үй-үйдi аралап тексерiс жүргiзiп, айппұл салмаймыз.

Жоғарыда аталған талаптарды орындамағандар 7 АЕК көлемiнде айыппұл төлейтiн болады. Бұл шамамен 16 мың теңгенi құрайды. Еске сала кетейiк, айыппұл уақытша тiркеуге тұрудан бас тартқан тұлғаларға ғана емес, пәтерiнде тұрып жатқан адамдарды тiркеуге қоймаған жалға берушiлерге де салынады. Оның құны 22 мың теңгеден асады.

Айгерiм Ержанова

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ