Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Қазақстан Президентiнiң Үндеуi БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң алаңында таныстырылды

11.01.2017

ҚазАқпарат — 10 қаңтарда Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң тұрақты емес мүшесi ретiнде оның «Шиеленiстердiң алдын алу және бейбiтшiлiктi сақтау» тақырыбындағы ашық пiкiрталастарына қатысты. Нью-Йорк қаласында өткен шара аясында Қазақстанның Сыртқы iстер министрi Қайрат Әбдiрахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауiпсiз, әдiл және гүлденген әлем құру үшiн жаһандық әрiптестiктi нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси жолдауын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СIМ баспасөз қызметiне сiлтеме жасап.

Қазақстан Президентiнiң Үндеуi БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң алаңында таныстырылды

Iс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Ұлыбритания, Италия, Латвия, Польша, Франция, Нидерланды, Украина, Швеция, Эфиопия және Жапонияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары және сыртқы iстер министрлерiнiң орынбасарлары, Ресей, Қытай, АҚШ және БҰҰ-ға мүше басқа да мемлекеттердiң аталмыш Ұйым жанындағы тұрақты өкiлдерi қатысты. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мүшелерi және БҰҰ елдерiнiң өкiлдерi пiкiрталастар барысында шиеленiстердiң алдын алу және бейбiтшiлiктi сақтау саласындағы өздерiнiң ұлттық басымдықтары туралы мәлiмдедi, сондай-ақ бүкiләлемдiк Ұйым қызметiнiң осы басымдықты бағыттары бойынша жаңа Бас хатшының жұмысына қолдау бiлдiрдi. Пiкiрталастар барысында Қазақстанның Сыртқы iстер министрi 2017-2018 жылдар кезеңiнде Қауiпсiздiк Кеңесiнiң тұрақты емес мүшесi ретiндегi Қазақстан өкiлеттiктерiнiң басталуына орай Мемлекет басшысының Саяси жолдауын жариялады. Қ. Әбдiрахманов бұл Жолдаудың Мемлекет басшысының 2016 жылғы 31 наурыздағы «Әлем. ХХI ғасыр» манифесiнiң қағидаттарына негiзделетiндiгiн және оны шығармашылық тұрғыдан дамытатындығын атап көрсеттi. Президент Н. Назарбаевтың Ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi IV саммит аясында ұсынылған бағдарламалық құжатының БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойына қарсы ядролық қарусыз әлем құру мақсатында халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi нығайту, сондай-ақ бейбiтшiлiк, қауiпсiздiк және даму арасындағы ажырамас байланысты қамтамасыз ете отырып, ғаламшарды соғыстар мен шиеленiстерден арылту iсiнде күш-жiгердi бiрiктiру және ынтымақтасу қажеттiгiне баса назар аударғандығы белгiлi. Жолдауда атап көрсетiлгендей, «Қазақстан Кеңесте бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау мен нығайтудың бiрiншi кезектегi маңыздылығын негiзге ала отырып, оның бүкiл күн тәртiбi бойынша әдiл және шынайы жұмыс iстейтiн болады».

Н. Назарбаевтың айтуынша, Астана «Қауiпсiздiк Кеңесiнiң барлық мүшелерiмен тең құқылы негiзде ынтымақтаса жұмыс iстеуге, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi нығайту мақсатында ымыраға қол жеткiзiп, бәтуаластықтың қалыптасуына септiгiн тигiзуге ниеттi». Осыған орай, жолдауда БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесi ретiндегi Қазақстан жұмысының басымдықтары атап көрсетiлдi. Олардың қатарында ядролық қарусыз әлемдi жақындату, жаһандық соғыс қатерiн болдырмау, Ауғанстандағы бейбiтшiлiкке ықпалдасу, Орталық Азияда бейбiтшiлiктiң өңiрлiк аймағын қалыптастыру, БҰҰ қамқорлығымен Жаһандық лаңкестiкке қарсы коалиция (желi) құру, Африканың бейбiт дамуына жәрдемдесу, БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын, бейбiтшiлiк, қауiпсiздiк және даму арасындағы ажырамас байланысты iлгерiлету, БҰҰ-ны ХХI ғасыр талаптарына бейiмдеу және жаһандық проблемаларды шешу үшiн ұжымдық саяси ерiктi нығайту мақсатында мемлекеттер мен үкiметтер басшылары деңгейiнде ҚК-не мүше мемлекеттердiң тұрақты кездесулер тетiгiн келiсу бар.

Мемлекет басшысы өз жолдауында атап көрсеткендей, «Қазақстан Кеңесте барлық мүше елдермен аталмыш басымдықты бағыттар бойынша ашық, әдiл және саяси жағдаятсыз, жауапты, салмақты және сындарлы түрде жұмыс iстеуге ниеттi». Осыған орай, құжатта «Қазақстанның маңызды мақсатқа — ХХI ғасырда әлемдi қауiпсiз, әдiл және гүлденген әлемге айналдыру мақсатына қол жеткiзу жөнiндегi өз бастамаларына әрiптестерiнiң тарапынан қолдау көрсетiлетiндiгiне сенiм бiлдiретiндiгi» айтылады. Қазақстандық тарап сондай-ақ пiкiрталас қатысушыларының назарын превентивтi дипломатиядағы, сенiм шараларын iлгерiлету мен нығайтудағы, жаппай қырып-жою қаруын тартпаудағы, дау-жанжалдарды реттеудегi және халықаралық лаңкестiкке қарсы әрекет етудегi бiрлескен күш-жiгердiң маңыздылығына аударды. Қазақстан басшылығының Астанада Сирияда бейбiтшiлiк орнату бойынша келiссөздер алаңын ұсынуға дайын екендiгi тағы да атап көрсетiлдi. Қазақстан Президентiнiң жолдауы отырыс қатысушыларының жоғары бағасына ие болды. Бұдан басқа, оны БҰҰ ҚК ресми құжаты ретiнде тiркеу туралы шешiм қабылданды. Нью-Йорктегi сапар барысында сондай-ақ Қ. Әбдiрахмановтың БҰҰ Бас хатшысы А. Гутерришпен кездесуi болып өттi.

Кездесу барысында Астананың Қауiпсiздiк Кеңесiне мүшелiгi бағдарламасының өзектi мәселелерiн және Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының көп қырлы күн тәртiбiн талқыланды.

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ