Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Кiмге қандай құзiрет берiлдi — Қазақстандағы тағайындаулар

09.01.2017

ҚазАқпарат — Ағымдағы аптаның iшiнде мемлекеттiк аппаратта айтарлықтай ауыс-түйiстер болған жоқ. Дегенмен, алдағы уақытта ондай тағайындаулар болуы әбден мүмкiн. Себебi Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көшi-қон саласында бiрқатар мемлекеттiк органдардың өкiлеттiлiктерiн бiр-бiрiне ауыстырып, көшi-қон қызметi бойынша арнайы комитеттi ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Кiмге қандай құзiрет берiлдi — Қазақстандағы тағайындаулар

Құжатқа сәйкес, бұған дейiн ұлттық экономика министрлiгiнде болған бiрқатар мiндеттемелер денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiне берiлетiн болды. Атап айтқанда, көшi-қон саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, шет мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарымен және халықаралық ұйымдармен көшi-қон процестерiн реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру функциялары екiншi денсаулық министрлiгiнiң құзiретiне енiп отыр. Ал iшкi iстер министрлiгiне көшi-қон саласындағы мемлекеттiк саясатты ведомствоаралық үйлестiру, көшi-қон процестерiн бақылау, талдау және болжамдау өкiлеттiлiктерi берiлмек. Соның аясында Көшi-қон қызметi комитетi құрылады.

Дегенмен, оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға, сондай-ақ шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квоталарды қалыптастыру жұмысы денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң құзiретiнде қала бередi. Мемлекет басшысы мемлекеттiк органдар арасында штат санын қайта бөлiп, сәуiрдiң 1-iне дейiн Қазақстан Республикасының 2017 — 2021 жылдарға арналған көшi-қон саясаты тұжырымдамасын әзiрлеудi тапсырды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Жарлығымен зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты Аслан Мусин Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi қызметiнен, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi қызметiн қоса атқарудан босатылды. Ал Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкiлi болып тағайындалды.

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ