A- A A+
Кiтапхана қоры 18 оқулықпен толықты

Мақаланың шыққан күні 27.08.2019

С.Мұқанов атындағы облыстық кiтапхана қоры сиясы кеуiп үлгермеген туындылармен толықты. Петропавлға «Жаңа гуманитарлық бiлiм. Қазақ тiлiндегi 100 оқулық» жобасы аясында 18 еңбек жеткiзiлдi.

2017 жылдың сәуiрiнде ҚР Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламаны жариялады. Дәл осы тың бастамада Елбасы «Жаңа гуманитарлық бiлiм. Қазақ тiлiндегi 100 оқулық» жобасын қолға алуды тапсырған болатын. Қазiр бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бұған дәлел мына — 18 кiтап. Олар ана тiлiмiзге аударылған.

Нәзира Ысқақова — С.Мұқанов атындағы ОӘҒК кiтапханашысы:

– Бұл оқулықтарды елiмiзге танымал университеттердiң ғалымдары мен оқытушылары аударған болатын. 18 оқулықтың 16-сы — ағылшын, бiреуi — француз және бiреуi орыс тiлiнен аударылды. Оқулықтар студенттер мен оқытушылар үшiн маңызды. Мұнда өте көп ақпарат бар.

Бұл — облыстық кiтапханаға жоба аясында әкелiнген алғашқы туындылар. Олар түрлi тақырыпта жазылған. Психология, әлеуметтану, философия және тағы да басқалары. Кәсiпкерлiк те назардан тыс қалмапты. Мына еңбек «Кәсiпкерлiк: теория, процесс, практика» деп аталады. Оның авторы — ағылшындық профессор Доналд Куратко. Мұнда жеке iстi бастау, қалай жүргiзу туралы баяндалады. Яғни, болашақ бизнесмендер үшiн таптырмас дүние.

Байболат Бектемiрұлы — тiлшi:

– Шынымен де, бұл жердегi кiтаптардың барлығы қызық, ерекше. Өзiме мына туынды ұнады. Оны ағылшындық ғалым, жазушы Юваль Харари есiмдi азамат жазыпты. Мұнда адамзаттың қысқаша тарихы баяндалады. Яғни, өткен замандарда орын алған оқиғалардың барлығы қағаз бетiне түскен. Бұл еңбекке әлемге әйгiлi азамат Билл Гейтс мынандай пiкiр қалдырған. Елсiз аралға өзiңмен бiрге ала кететiн 10 кiтаптың бiрi осы шығар деген екен.

Айта кетейiк, оқырмандар кiтапханада «Рухани жаңғыру» бағларламасы аясында басылып шыққан басқа да еңбектермен таныса алады.

Нәзира Ысқақова — С.Мұқанов атындағы ОӘҒК кiтапханашысы:

– Бiрқатар сериялық кiтаптар бар. Ол — «Қазақстанның қасиеттi жерлерi». Мұнда тарихи деректер баяндалады.

«Жаңа гуманитарлық бiлiм. Қазақ тiлiндегi 100 оқулық» жобасы аясында облыстық кiтапханаға тағы да оқулықтар әкелiнедi. Мұнда жыл соңына дейiн тағы 30 еңбек жеткiзiледi деп жоспарланған.

Байболат Бектемiрұлы

Ақпарат көзi: mtrk.kz

Қаралым саны: 266
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы