A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының өкiлдерiмен кездестi

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының өкiлдерiмен кездестi

Кездесуге Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгi басшысының бiрiншi орынбасары М.Тәжин, Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Н.Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров, имамдар — К.Дүйсенбай, Н.Есмағанбет, Н.Ауысханұлы, А.Керiмбек, Т.Оспан қатысты.

Елбасы қатысушыларға арнаған сөзiнде Қазақстан халқының өмiрiнде дiннiң ерекше рөл атқаратынын атап өтiп, мемлекет тарапынан дiни қарым-қатынастарды реттеу үшiн қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

— Мемлекет бұл мәселеге ерекше көңiл бөлiп отыр. Проблемаларға талдау жасап, осы салаға қолдау көрсететiн арнаулы министрлiк құрдық.

Жақында мен тарихи және рухани байлығымызды сақтай отырып, оны арттыру, сананы жаңғырту қажеттiгi туралы мақала жарияладым. Патриотизм, отанды сүю, ел iшiндегi және өңiрлердегi тұрақтылық — бiздiң болашағымыз. Сол үшiн бiз бiрлесе жұмыс iстеуге тиiспiз, — дедi Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев цифрлық технологиялар дамыған дәуiрде Қазақстан өзiнiң ұлттық құндылықтарын, мәдениетi мен салт-дәстүрiн сақтауға тиiс екенiн айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президентi деструктивтi дiни ағымдарға қарсы күрес жүргiзу қажеттiгiне назар аударды.

— Қазақстанның аумағы ұлан-байтақ және табиғи қазба байлық пен ресурстарға бай екенi баршаға белгiлi. Осының бәрiне қызғанышпен қарайтындар да бар. Олар — бiзге қастық ойлап, қоғамымыздың ынтымағын бұзуға тырысушылар. Халқымыздың арасына терiс дiни ағымдарды енгiзу бiзге сырттан ықпал етудiң бiр тәсiлi болып саналады. Соңғы уақытта осындай үрдiс байқалып отыр. Бiз мемлекеттiгiмiзге қауiп төндiретiн кез келген құбылыспен күресуге тиiспiз. Сондықтан сiздердiң алдарыңызда зор мiндеттер тұр, — дедi имамдарға арнаған сөзiнде Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары дәстүрлi түрде ханафи мазхабын ұстанатынын, исламның осы бағытының негiзiн түсiндiруге машықтанған мамандар даярлау қажеттiгiн атап өттi.

— Бүгiнде Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасында 3800 имам жұмыс iстейдi. Олардың жартысы дiни сауаттылықты арттыру курстарынан өткен. Алайда, мұның жеткiлiксiз екенiн айта кеткен жөн. Бiзге осы салада жұмыс iстейтiн имамдар мен мамандардың бiлiм деңгейiн арттыру жайын ойластыру қажет.

Оқыған имам ғана дұрыс бiлiм бере алады. Ол өз дiнiн терең танып, өзге дiндердiң ерекшелiктерiн зерттеп, басқа да бiлiмдердi игерген адам болуға тиiс. Имамдар шешендiк өнердi, адам психологиясын меңгерген идеологтарға айналуы керек, — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгiме барысында Қазақстан Президентi «Нұр Мүбарак» университетiнiң жұмысымен және оны бұдан әрi дамыту жоспарымен танысты.

Елбасы жас ұрпақтың дiни сауатсыздығына айрықша назар аударды.

— Дiни сауатсыздығының нәтижесiнде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киiп, бетi-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейдi. Бұл бiздiң дәстүрiмiзге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесiн пысықтау керек. Қазақ қара киiмдi қаралы кезде ғана киедi, — дедi Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мәдениетiнiң тарихына, қазақ әйелдерiнiң дәстүрлi киiмiне тоқталып, қара киiм мен дiн арасында ешқандай байланыс жоқ екенiн айтты.

— Егер жастарымыз халқымызға жат уағыздарға ерсе, мемлекетiмiздiң болашағы не болмақ? Бiз бұған жол бермеймiз. Тәуелсiз Қазақстанның болашағы жарқын, ұлтымыз тату болып, елiмiз зайырлы мемлекет ретiнде одан әрi дамуға тиiс. Бiз өзiмiздiң игi мақсатымызға қарсы шыққандарға көне алмаймыз. Бұл — мемлекеттiк аппараттың ғана емес, барша Қазақстан халқының, оның болашағының мүддесi, — дедi Қазақстан Президентi.

Елбасы халық арасындағы дiни сауаттылықтың маңыздылығын атап өтiп, имамдардың өз қызметi барысында патриоттық тәрбиеге ден қоюға тиiс екендiгiне назар аударды.

— Нағыз мұсылманды киген киiмiнен емес, iшкi иманынан таниды. Кiмнiң жүрегiнде сүйiспеншiлiк болса, соның иманы бар. Бiз өркениеттi әлемге қарай қадам басып, ғылым мен бiлiм есiгiн ашуымыз қажет. XVIII-XIX ғасырларға дейiн мұсылман дүниесi бүкiл әлемде көшбасшы болды. Ол ғылымның қайнар көзi, философтардың, дәрiгерлер мен жазушылардың отаны болды. Қазiр бiз бұл жағынан көшбасшылық орнымыздан айырылып қалдық.

Бүгiнде азаматтарымыз интернет арқылы түрлi мәлiметтер алады. Осылайша, дәстүрлi емес ағымдардың да уағызын тыңдап жүр. Ол үшiн түрлi әдiстер мен технологиялар қолданылуда. Бiз де олармен күрес жүргiзу үшiн ақпараттық технологияларды қолдануымыз керек. Қажет болған жағдайда, мемлекет Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасына қолдау көрсетуге дайын.

Мен өзiмнiң мақаламда «Туған жер» бағдарламасына ерекше көңiл бөлдiм. Ол бiзге әр өңiр, әр елдi мекен туралы мол мағлұмат алуға мүмкiндiк бередi. Әрқайсымыздың жүрегiмiзде патриотизм болуға тиiс. Осы орайда өз уағыздарыңызда Отанды сүю тақырыбына айрықша көңiл бөлулерiңiздi сұраймыз, — деп түйiндедi Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар дәстүрлi емес дiни ағымдарға қарсы күрестегi өзара iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi ойларын ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының өкiлдерiмен кездестi

http://www.akorda.kz/kz

Мақаланың шыққан күні 19.04.2017
Қаралым саны: 619
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы