A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
СҚО есiрткiге тәуелдi 700 адам тiркелген

Есiрткi адам азғасына орасан зор зиян келтiретiнi әуелден белгiлi. Бiрақ, оны бiр рет татып көрген жанның кейiн нашаға қарсы тұруы қиындап кетедi. Әсiресе, елiктегiш келетiн жастардың бұл құлдыққа түсiп қалуы оп-оңай. Мамандардың айтуынша соңғы кездерi есiрткiнiң синтетикалық психобелсендi түрi — «спайс» жиi кездесетiн көрiнедi. Бүгiн оның да 300-ге жуық аталымы бар екен.

Елена Патютко — облыстық наркологиялық орталықтың нарколог-дәрiгерi:

— Қазiр қоғамда жаңа дизайнерлiк есiрткi туралы жиi естимiз. Ол синтетикалық есiрткi немесе спайс деп аталады. Оны пайдаланған адамды иiсшiл иттер де, тiптi медициналық тексерiс кезiнде де анықтау мүмкiн емес. Бiрақ, спайсты қолданғандар бiрден ренимация бөлiмiнен шығады. Героин мен марихуанадан гөрi , сайстан өлiп кету қаупi жоғары.

Елiмiзде есiрткi мен осы тектес заттарды қолданып, оны таратуға заңмен тыйым салынған. Десе де, наркобизнеспен айналысатын адамдарға бұл да кедергi келтiрер емес. Жыл сайын олар зиянды заттардың құрамын өзгертiп, оны саудалап келедi. Мәселен, өңiрiмiзде жыл басынан 20 келi есiрткi тәркiленiп, зиянды затты сатумен айналысқан 30 адам ұсталған.

Сейiлхан Жұмағұлов — СҚО IIД Есiрткiге қарсы күрес басқармасының бастығы:

— Өңiрiмiзде наркобизнеспен күрес күн сайын жүргiзiледi. Осы ретте биыл мамандар зиянды затты сақтаумен айналысқан 46 адамды анықтады. Қазiр облысымыз бойынша есiрткiге тәуелдi 700 азамат тiркеуде тұр. Ел бойынша бұл сан 32 мыңға жетедi.

Заман кеселiмен мамандар белсендi күресуде. Статистикаға сүйенетiн болсақ, қазiр өңiрiмiзде героин сынды ауыр есiрткiнi пайдаланушылар саны 5 пайызға қысқарған. Дегенмен, профилактикалық шаралар әлi де жалғасуда. Дәл қазiр олар жастарға есiрткi мен оның керi әсерлерi туралы әңгiмелеуде. Оқушылармен кездесуге бокстан жеңiл салмақтағы WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов та келiп, ұл-қыздарды спортпен айналысуға шақырды.

Жанат Жақиянов — бокстан жеңiл салмақтағы WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы:

— Темекi шегiп, алкоголь iшiп тұрған жэастарды көрсем, оларға ескерту жасауға тырысамын. Бұл iстiң дұрыс еместiгiн айтамын. Бос уақыттарыңда спортпен айналысыңдар деймiн.

Бұл ретте жастардың да өз айтарлары бар.

— Бiр-ақ рет өмiр сүремiз, сондықтан бұл өмiрде барлығын көру керек дегендi жиi естимiз. Десе де бұл аузыңа көрiнген затты алып, нашақор болу емес қой. Терiс әрекеттерден сақ болу үшiн пайдалы iспен айналысқан жөн.

Айгерим Ержанова

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Мақаланың шыққан күні 19.04.2017
Қаралым саны: 252
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Облыс әкiмiне өтiнiштердi қарау
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы