A- A A+
Петропавлда аймақтық «Мөңке балығы» мерекесі өтті

Мақаланың шыққан күні 16.09.2019

Табиғат аясындағы тамаша демалыс! Сенбі күні Петропавлда аймақтық «Мөңке балығы» мерекесі өтті. Шараға 13 балықшы қатысып, өзара сынға түсті. Тағы, көл жағасында сорпа дайындалып, тұрғындарға тегін таратылды, ән-жырдан шашу шашылды.

Пестрое көлі. Сағат таңғы – 7 жарым. Бұл уақытта жағаға жиылған балықшылар бес қаруын сайлап жатыр. Қазір олар іске кіріседі. Яғни, су айдынындағы мөңкеге қармақ салады. Бірақ, алдымен мерекенің ашылу салтанаты өтті. Музыка ойналып, қатысушылар таныстырылды. Ереже түсіндірілді. Кейін, сайыс басталды.

Бүгін 13 адам бәсекеге түспек. Олар сайысты бірінші минуттан-ақ бастап кетті. Ескектерін барынша қатты есіп, көлдің қамыс жақ бөлігіне қарай жүзіп барады. Неге дәл солай қарай бет алды? Бұл сұрақ әрбір жан үшін қызықты. Сөйтсек, күзге қарай мөңкенің бәрі қамысты жерде болады екен. Ал, мұны кәсіби балықшылар жақсы біледі.

Алена Третьякова – «Мөңке балығы» мерекесінің ұйымдастырушысы:

– Бүгін аймақтық «Мөңке балығы» мерекесін 4-мәрте өткізіп отырмыз. Жаңа ғана тура 8-де балықшылар іске кірісті. Олар енді 11:00-ге дейін өзара сынға түседі. Кейін, жағаға шығады. Мұнда ауланған олжаның салмағын есептеп, жүлдегерлерді анықтайтын боламыз. Әзірге, рекорд – 10 келіге жақын. Бұл көрсеткіш осыдан 2 жыл бұрын тіркелген еді.

Сайыстың ережесі өте қатаң. Балықшы бір қармақпен ғана балық аулауы тиіс. Яғни, бірнеше құрылғыны пайдалануға болмайды.

Байболат Бектемірұлы:

– Сонымен қатар, тыныштық та сақталуы қажет. Өйткені, мөңке балығы артық шуды ұнатпайды. Егер де дыбыстар орын алса бір жерде тұрмай келесі жерге ауысады екен. Мұның барлығы ескерілген. Манағы ойнап тұрған музыка қазір өшірілді. Адамдар да бір-бірімен күбірлесіп, ақырын ғана сөйлесіп жатыр. Тіпті, мына біз келе жатқан катер де балықшыларға жақындамай, алыстан жүзіп жүр.

Мұның бәрі – ұйымдастырушылардың жіті бақылауында. Арнайы маман қайықпен қатысушылардың қимыл-әрекеттерін мұқият қарап жүр. Балықшылар көлде бәсекеге түсіп жатқанда, жағада да сайыс басталды. Мұнда аспаздар да өз өнерлерін ортаға салуда. Олар балық сорпасын әзірлеп, мықтыны анықтайды.

Андрей Фролов – «СҚО рестораторлар және отельерлер қауымдастығы» ҚБ директорының міндетін атқарушы:

– Бүгін қаламыздағы дәмханалар мен мейрамханалардың бас аспаздары мөңкеден сорпаның бірнеше түрін әзірлеп жатыр. Нақтырақ айтар болсам, балықшы, грузиндік, патшалық, украиндық және орыс стиліндегі дәмнің 250 литрін жасайды. Іске 10 адам тартылған. Олардың дені – өз жұмыстарының шебері. Ал, кейбірі – оқу орындарын енді тәмамдаған жастар. Мамандар мұндай шараларға қатысу арқылы өз қарым-қабілеттерін арттырады.

Көп-кешікпей көл бетіндегі жандардың да сайысы аяқталды. Тоқта деген белгіден соң балықшылардың алды жағаға жақындап келеді. Дүйім жұрт алғашқы қатысушыларды ерекше қарсы алды. Бірақ, олардың қармағына ешқандай мөңке ілікпепті. Бұдан өзгелер олжалы оралды. Бірі – 2, екіншісі 3-4 су жануарын аулаған. Жалпы салмақтары 500 грамнан әрі аспады.

Ал, 17 жастағы Максим Богдановтың олжасы 1 келі 445 грамды құрады. Осылайша жас жігіт өзінен әлдеқайда мықты балықшылардың алдын орады.

Максим Богданов – балықшы:

– Балық аулап жүргенімен 3 жыл болды. Алғаш рет Қара теңіз жағасында қармақты қолыма алғанмын. Содан бері тастаған емеспін. Үнемі өзен-көлдерге шығып тұрамын. Әкем мен атамды да осылай демалуға үйреттім. Қазір олар менен қалмайды. Өзіме компьютер алдында отырғанша балық аулаған ұнайды. Табиғат тамаша емес пе!? Бүгінгі сайыс ұнады. Бастапқыда жолым болмады деп айтар едім. Бірақ, уақыт өте олжам арта түсті.

Сайыс жүлдегерлері марапатталды. Оларға ақшалай сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді. Шара соңы нағыз мерекеге ұласты. Өнерпаздар жұртшылықтың көңілін көтеріп, ал аспаздар балық сорпасын тегін таратты.

Байболат Бектемірұлы

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Қаралым саны: 219
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы