A- A A+
Петропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашалады

Мақаланың шыққан күні 22.12.2017

 Петропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашалады

Петропавлда алғаш рет спорт сарайының мұз айдынында ҚР Президентi атынан ауқымды жаңажылдық қойылым өттi. Мұз шоуы барлық балаларға нағыз жаңажылдық сыйлық болды. Президент шыршасының тақырыбы Астананың 20 жылдығына арналды. Мерекелiк шараға облыс әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.

Жаңажылдық мейрамға үздiк оқушылар, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары, мүгедек және жетiм балалар қатысты. Айта кету керек, биыл шырша көп баланы қамту үшiн жаңа форматта өткiзiлуде. Егер өткен жылдары мерекеге 200 бала шақырылса, биыл 300 бала қатысып отыр. Петропавлдың мектептерiнен 300 оқушыны қосып қойыңыз. Жалпы, 600 бала әдемi кештiң куәсi болды.

Елбасы балаларға бейне сәлемдеме жолдап, келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

«Қымбатты балалар, баршамыз асыға күтетiн жарқын мереке Жаңа жылға санаулы күндер ғана қалды. Мен сiздердi алда келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Осынау шырша тойы естерiңде қалатын ерекше кеш болады деп сенемiн. Сендер берекелi, бейбiт елде өсiп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Халқымыз «өсер елде өскелең ұрпағынан таниды» деген сөздi бекер айтпаған. Ата-ананың үкiлi үмiтiн ақтайтын да, туған елiмiздiң асқақ рухын сақтайтын да мына сендер. Сондықтан бiз ақылды да алғыр, зерделi де зерек болғандарыңызды қалаймыз», — деп құттықтады Нұрсұлтан Назарбаев.

Мерекенiң кiшкентай қонақтары Президенттiң атынан планшет, кiтап және тәттi сыйлықтар алды.

Жас солтүстiкқазақстандықтарды келе жатқан мерекемен облыс әкiмi Құмар Ақсақалов та құттықтады.

«Жаңа жыл алдында Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың атынан ұйымдастырылған жасыл шырша жанында жас достармен жүздесу жақсы дәстүрге айналған. Сендер — тәуелсiздiк таңында дүниеге келген азат елдiң ұланысыңдар. Бiздiң бүгiнгi атқарып жатқан ұлан-ғайыр iстерiмiз елiмiздiң болашағы — сендерге арналады. Үлкен аға, апаларың сендер жақсы, жылы мектепте оқысын, заманауи спорт залдарында спортпен шұғылдансын, ешкiмнен кем болмай шығармашылықпен айналыссын деп барлық жағдайды жасап жатыр», — деп атап өттi өңiр басшысы.

Өз кезегiнде Балалар үйiнiң тәрбиеленушiсi Николай Ткаченко мен Петропавлдағы 5-шi мектептiң оқушысы Аделия Құсайынова осынау мереке үшiн алғыстарын бiлдiрдi.

Театрландырылған мұз қойылымы бүгiнгi кештiң көркiне айналды. Оған мәнерлеп сырғанаудың жас шеберлерi, қаланың үздiк шығармашылық ұжымдары, театр актерлерi қатысты. Барлығы 300 адам жұмылдырылды. Кәсiби мәнерлеп сырғанау шеберлерiнiң қойылымы балалар үшiн тосын сый болды.

Петропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашаладыПетропавлда өткен Президент шыршасында 600 бала мұз қойылымын тамашалады

Қаралым саны: 2282
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы