A- A A+
СҚО әкiмi: «Рухани жаңғыру» — рухани дамудың жаңа белестерi»

Мақаланың шыққан күні 04.05.2018

СҚО әкiмi: «Рухани жаңғыру» — рухани дамудың жаңа белестерi»

Орталық коммуникациялар қызметiнде Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының орындалу барысы жайында әңгiмеледi.

Өңiр басшысының баяндамасынан бұрын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының iске асырылу барысына арналған көрме өттi. Көрермендерге әйгiлi «Ботай» қонысының жәдiгерлерi мен тұрғын үйлердiң үлгiлерi, өңiрдiң киелi жерлерiнiң картасы, кiтап басылымдары, дисктер, альбомдар ұсынылды.

Облыс басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдени және тарихи құндылықтары бар нысандарды сақтауға бағытталған шаралар кешенi қабылданғанын атап өттi.

«Бағдарламаны iске асыруға облыс тұрғындары, барлық нысаналы топтар кеңiнен тартылуда. Жүктелген мiндеттердi түсiну және iске асыру, бiртұтас құндылықтар мен ұлттық кодты қалыптастыру нәтижесiнде, әрбiр азамат мемлекетiмiздiң дамуына өз үлесiн қосатындығы маңызды», — деп Құмар Iргебайұлы атап көрсеттi

Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асырудың негiзгi кезеңдерiнiң бiрi — туған өлкенiң проблемаларына кәсiпкерлердi, меценаттар мен қызығушылық танытқан азаматтарды тарту болып отыр. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында 2017 жылы облыста туған өлкенi дамытуға бағытталған жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге 126 iс-шара жүзеге асырылды.

«Қазақстанның киелi жерлерi» арнайы жобасын iске асыру мақсатында жалпыұлттық маңыздағы тiзiмге өңiрдiң 6 нсыаны және жергiлiктi маңыздағы 13 нысан ендi. Өңiрдiң киелi нысандарының бiрi болып энеолит дәуiрiнiң бiрегей ескерткiшi «Ботай қонысы» болып табылатындығын Құмар Ақсақалов атап көрсеттi.

«Солтүстiк Қазақстан облысындағы осы қоныстың арқасында бұл жалғанда алғаш рет жылқы малын қолға үйрекендiгi дәлелденiп отыр. Бұл ескерткiш республикалық маңызға ие және бiздiң өңiрдiң брендi болып табылады. Солтүстiкқазақстандықтар аталған тарихи дерекпен, әлемдiк жылқы шаруашылығының бесiгi болып табылатындығымен заң жүзiнде мақтана алады»,- деп Құмар Ақсақалов әңгiмелеп өттi.

2018 жылғы 31 наурызындағы ҚР Үкiметiнiң қаулысымен Ботай қонысы үш республикалық тарихи-қорытардың қатарына ендi. Бұл болашақ ұрпаққа бiрегей мәдени ескерткiштi сақтауға, саяхатшыларды тартуда бәсекеге қабiлеттiлiктi жоғарылатуға, ғылыми-зерттеу, археологиялық, ағартушылық, бiлiми бағдарламаларды дамытуға қажеттi шарттар тудыруға қол жеткiзедi.

Өңiрiмiзде тек iшкi деңгейдегi емес сонымен қатар халықаралық деңгейдегi туризм саласын дамытуға баса назар аударылуда. Петропавл қаласын абаттандыру жұмыстары жалғастырылуда. 2018 жылдан бастап өңiрдегi барлық мұражайларға кiру тегiн болды. Облыс әкiмiнiң айтуынша қабылданған шаралар туристтер ағымын екi есеге өсiруге мүмкiндiк туғызып отыр. Өңiрдiң басшылығымен «Заман таспасы» жобасы қабылданды. Бұл жоба туристтерге гаджеттердiң көмегiмен қаланың тарихи ескерткiштерiмен танысуға мүмкiндiк бередi.

«Жоба бойынша қазiргi таңда ескерткiштер туралы екi тiлде толық мағлұматы бар маршрут дайындалды, дайындалған QR-кодты тақташа үлгiсi негiзiнде, QR-код қалыптастырылды», — деп өңiр басшысы атап өттi.

Бәсекегеқабiлеттiлiк пен рухани жаңару да назардан қалған жоқ, атап айтатын болсақ қазақ мәдениетiн шет елдерде дәрiптеу жұмыстары жандануда. Бағдарламаны iске асыру аясында Солтүстiк Қазақстан облысының таңдаулы мәдени топтары халықаралық фестивальдар мен конференцияларға қатысуда. Облыс әртiстерiне өз өнерлерiн Германия, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi, Италия, Испания, Болгария, Қытай, Ресей мен Белорус елдерiнде көрсетуге мүмкiндiк туды. Өңiрде мәдениеттi дамыту жұмыстары белсендi түрде жүргiзiлуде — жас ақындар мектептерi, ансамблдер мен ұлттық спорт түрлерiн дәрiптеуге арналған мектептер ашылуда.

Өңiр басшысы сонымен қатар жаңа қазақ театрының құрылысын атап көрсеттi. Қалада С. Мұқанов атындағы 200 орындық қазақ сазды-драмалық театры қызмет етуде. Биылғы жылы Петропавл қаласында жаңа «Жас Өркен» шағынауданында 500 орындық жаңа театрдың құрылысы басталады.

Сөз соңында Құмар Ақсақалов рухани жаңғыруға байланысты ұлт басшысының қойған мiндеттерi, халқымыздың алдында рухани дамудың жаңа белестерiн ашатындығын көрсетiп кеттi.

Қаралым саны: 2133
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы