A- A A+
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Береке» Петропавлдың ең әдемi шағынаудандарының бiрi болуға тиiс»

Мақаланың шыққан күні 05.06.2017

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Береке» Петропавлдың ең әдемi шағынаудандарының бiрi болуға тиiс»

Аппараттық кеңес барысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов облыс орталығын абаттандыруға байланысты осындай тапсырма бердi. Кеңес кезiнде бұдан басқа 2017 жылдың 5 айындағы бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнiң орындалуы және еңбекақы бойынша қарыздарды өтеу мәселелерi талқыланды.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкiмжанов үстiмiздегi жылдың 5 айының қорытындысы жайында баяндады.

«Облыстың жергiлiктi бюджетiне 14 млрд. 833 млн теңге өзiндiк кiрiс түстi немесе 119%. Асыра орындау — 2 млрд. 372 млн. теңгенi құрады. Жоспардағы облыс бюджетi 6 млрд. 399 млн. теңгеге орындалды немесе 142,1%. Аудандық және қалалық бюджеттерге 8 млрд. 434 млн. теңге қаражат түстi немесе 106,0%», — дедi Ескен Әкiмжанов.

Баяндаманы тыңдай келе, облыс әкiмi өткен жылдары көрсеткiштердiң өсiмi еңбекақы мен салық салу көлемдерiнiң көбеюi есебiнен байқалса, биыл жақсы көрсеткiштерге дұрыс әкiмшiлiк жасау арқылы қол жеткiзу қажеттiгiн атап айтты.

«Асыра орындау — алдағы уақытта жұмыс iстейтiн бiздiң қомақты қорымыз. Үш апта бұрын ауқымды тендерлердi жеңiп алатын құрылысшылар сияқты iрi компаниялардың жұмысын талқыладық. Олардың мардымсыз салық төлейтiндiгiне көз жеткiздiк. Соған орай мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң, басқармалардың басшыларына оларды шақырып сөйлесуге және мониторинг жүргiзуге арнайы тапсырма берген болатынмын. Өйткенi салық төлемейтiндер назардан тыс қалмауға тиiс», — дедi Құмар Iргебайұлы.

Өңiр басшысы өсiмге кедергi келтiретiн барлық факторларды бiр айдың iшiнде жоюды артта қалғандық байқалатын аудандардың әкiмдерiне тапсырды.

2017 жылдың 1 маусымындағы мәлiмет бойынша бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң орындалуы 99,2% болды.

«Нақтыланған жоспар бойынша 70 млрд. 162 млн.теңге қаражат жұмсалды. Жүргiзiлген шығыстардың қалдығы 563 млн. теңгенi құрады», — дедi қаржы басқармасының басшысы.

Сонымен бiрге республикалық бюджеттен бөлiнген мақсатты трансферттер мен кредиттердiң 167 млн. теңгесi игерiлмей, орындалу — 99,2 пайыз болды.

«Бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң осы дейгейде болуын қалыпты жағдай деп есептеймiз. Алайда бұл мәселенi жақсы әкiмшiлiк және барлық процестердi басқару есебiнен шешуге болатын едi. Дегенмен өткен жылдың 5 айының қорытындысы бойынша миллиардтаған қаржы игерiлмегенiн есепке алсақ, орындалмаған iске айта қаларлықтай объективтi себептер жоқ. Бiрiншi жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, бұл маңызды мәселелердiң бiрi болады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Екiншi мәселе бойынша Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Пiшенбаев ақпарат бердi.

«Еңбекақы бойынша 7 кәсiпорынның 798 қызметкерi алдындағы жалпы қарызы 95,3 млн. теңгенi құрайды. Уәлиханов, Жамбыл, Қызылжар аудандары жалақы қарызының өсiмiне жол бердi, Ал Ғ. Мүсiрепов атындағы және Тайынша аудандарында бұл көрсеткiш азайды. Аққайың, Ақжар, Айыртау, Мамлют, Тимирязев, Шал ақын, М. Жұмабаев аудандары мен Петропавл қаласы әкiмдiктерiнiң мәлiметi бойынша еңбекақы бойынша қарыздары жоқ», — дедi Қайрат Сәкенұлы.

Ақпаратты тыңдай келе, өңiр басшысы қарызға жол берген кәсiпорындардың басшыларымен әлеуметтiк әрiптестiк бойынша үшжақты клмиссияның отырысын өткiзудi тиiстi әкiмдерге тапсырды.

«Еңбекақы бойынша қарыз өсiмiне бiз ешқашан да жол бермеуiмiз керек. Болмаған жағдайда сот арқылы шешiлуi тиiс, барлығы әкiмшiлiкке байланысты. Бiрiншi жартыжылдықтың қорытындысы бойынша соның барлығына жеке-жеке сараптама жасалатын болады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Кеңесте облыс орталығын абаттандыру жөнiнде Петропавл қаласының әкiмi Марат Тасмағанбетов айтып бердi.

«Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша үшайлық аясында облыс орталығында жоспарлы жұмыс жүргiзiлуде, оның iшiнде эстетикалық көрiнiске сәйкес келмейтiн әртүрлi бөгеттер мен қоршаулар алынуда. Қала орталығы мен басты көшелердегi алынып тасталатын бөгеттер мен қоршаулардың негiзгi бөлiгi анықталды. Жабық қоршау иелерi мүлдем бас тартқан жағдайда, оларға торлы полимерлi жабылғы түрiндегi заманауи еуроқоршаулармен ауыстырудың баламалы түрлерi ұсынылады», — дедi Марат Тасмағанбетов.

Өз кезегiнде өңiр басшысы қаланы абаттандыру тек қана сәнсiз қоршауларды алып тастау ғана емес, ол облыс орталығын көгалдандыру, көше жолдарын, бақтарды, Қазақстан Конституциясы көшесiн, аулаларды қылпына келтiру екендiгiн атап айтты

«Бүгiнгi күнi бiзде «Қызыл белдеулерге», яғни коммуникациялар өтетiн аумақтарға iс жүзiнде ғана емес, моралдық жағынан да ескiрген дүңгiршiктер мен сауда нүктелерi салынған. Бүгiнгi күнi олар қаланың бет-бейнесiн бұзып тұр, эстеттикалық талаптарға да жауап бермейдi. Ашық түрде сауда жасайтын базарлар көп. «Қызыл белдеуде» тұрған нысандардың иелерiмен жұмыс iстеудi қала әкiмiне жүктеймiн, бақылаусыз сауда орындары алынып тасталады. Алдын ала ескертемiн — сауда алаңдарын әзiрлеңдер. Талаптарға жауап беретiн сауда орталықтарының құрылысы үшiн, орын бөлуге қала әкiмдiгi әзiр», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi «Береке» шағынауданын абаттандыру жағдайына ерекше назар аударды.

«Өте жақсы аудан болып келе жатыр. Онда құрылыс қарқынды жүргiзiлуде, алайда оны көрсейту бойынша шешiмiн күткен мәселелер өте көп. Бiз шағынауданның аулаларын жаяу аралып шықтық. Толығымен антисанитарлық жағдай орын алған. Құрылыс қарқынды, ал аумағы адам көргiсiз. Абаттандыру үшiн жақсы жоспар керек. «Береке» қаланың ең көрiктi шағынаудандарының бiрi болуға тиiстi», — дедi өңiр басшысы.

Өз кезегiнде қала әкiмi Марат Тасмағанбетов «Береке» шағынауданында жанға жайлы логистиканы қамтамасыз ету үшiн, бюджетте жаңа жолдар салу қарастырылғанын тiлге тиек еттi.

Талқылау барысында облыс әкiмi қаланың сапар карточкасы ретiнде Вокзал алаңын көрiктендiрудi жақсарту қажеттiгiне назар аударды.

«Көптеген нысандар бойынша жұртшылықты, жастарды қатыстыра отырып, ұжымдық шешiм қабылдау керек. Бiз жастармен кездестiк, оларда қызғылықты сәулеткерлiк шешiмдер мен жобалар жетерлiк. Соның барлығын бiрлесе талқылаған орынды. Бiр кабинетте отырып алып қана шешiм қабылдаудан аулақ болғанымыз жөн. Қаланың жекелеген мәселелерi тыңғылықты қоғамдық талқылаулардың болмағанынан қордаланғанын көрiп отырмыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Бұдан басқа, өңiр басшысы облыс орталығындағы тоқтап тұрған кәсiпорындар базасында индустриялы аумақ құру жөнiнде мәселенi қарастыруды Марат Тасмағанбетовке тапсырды.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Береке» Петропавлдың ең әдемi шағынаудандарының бiрi болуға тиiс»

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Береке» Петропавлдың ең әдемi шағынаудандарының бiрi болуға тиiс»

Қаралым саны: 1746
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы