A- A A+
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс»

Мақаланың шыққан күні 17.05.2017

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс»

Өңір басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық ХХІІ сессиясында осы жайында айтты.

Өңірлік Ассамблея жұмысының негізгі бағыттарын айта келіп, облыс әкімі бір-бірінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу, бірілік пен ынтымақтастық сынақ кезінде ерекше көрініс табатындығына назар аударды.

«Әрбір адам, әрбір отбасы проблема мен қайғыдан сақтандырылмаған. Біреуде қайғылы жағдай орын алса, біз бәріміз келіп, қолдау көрсетеміз. Біздің халқымыз бен дәстүріміз сондай. Биылғы жылдың көктеміндегі су тасқыны кезінде орын алған жағдайға байланысты да соны айтуға болады. 300-ден астам үйге су. кірді. Су тасқыны басталғаннан қандай дінді ұстанатындығына, ұлтына қарамастан барлық адамдар келіп, көмек көрсеткенін көрдік. Ешқандай шақырусыз-ақ, үндемей келіп, біздің халқымыз қандай екенін танытты. Біздің еліміздің түкпір-түкпірінен осы күнге дейін көмек келіп жатқандығын да көріп отырмыз»,- деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы Ресей Федерациясының Түмен облысынан арнайы келген делегацияға жеке ризашылығын білдірді.

Құмар Ақсақалов 25-ші мерекелік сессияда Мемлекет басшысы Ассамблеяның алдына жаңа келешекті міндеттер қойылғанына жиналғандардың назарын аударды. Мысалы, Президент Ассамблеяның тікелей қатысуымен жүзеге асырылатын бірқатар жобаларды айқындады.

«Қай этносқа жататындығына қарамастан, барлық қазақстандықтарға «Малая Родина» - «Туған жер» жобасы өте жақын. Солтүстік Қазақстанның жері кәсіби-аграршылардың тұтас тобын өсіріп шығарды. Біз олардың барлығын жақсы білеміз. Ол – Серік Малаев, Геннадий Зенченко, Еркебұлан Мәмбетов, Юрий Шоль. Бұл адамдар бүгін ауыл шаруашылығын дамытып, мал шаруашылығымен айналысуда, заманауи технологияларды енгізуде, адамдарға көмектесуде, әлеуметтік сала нысандарына қамқорлық жасауда және т.б. Бұлар әр ұлттың адамдары, бірақ олар бір-ақ мақсатқа – адамдарға көмектесуге және ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасын дамытуға біріккен»,- деді Құмар Ақсақалов.

Құмар Іргебайұлы бүгін ұлт жетістігінің себепкері адамның бәсекеге қабілеттілігі, адам капиталы екендігін атап айтты.

«Біздің өңірімізде еңбеккор, қарапайым және жауапкершілігі мол адамдар өте көп. Аудандарды аралаған кезде сондай адамдармен кездестім. Тыныш, байсалды кейіппен, өздеріне онша назар аудартпай, Мемлекет басшысы айтқан зор міндеттерді орындап жатқан адамдар, шын мәнінде, көп»,- деді облыс әкімі.

Құмар Ақсақалов экономикалық даму саласында Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуеті зор екендігін алға тартты

«Этномәдени орталықтардың өкілдері өкілетті елдермен байланыс жасайды. Осы мүмкіндікті инвестиция тартуға пайдалану керек. Қазір облысымызға инвестиция қажет. Бүгін польшаның, немістің, түркияның бизенесі жұмыс істесе жақсы болар еді. Біз сол үшін ашықпыз. Бизнес даму үшін барынша жағдай жасауға және кездесуге әзірміз»,- деді өңір басшысы.

Өңір басшысы Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс екендігін атап айтты. Құмар Ақсақаловтың пікірінше, бұл жағдайда жастарға ерекше назар аудару қажет.

Сессияда «Қазақ тілі» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Жангелді Тәжин, облыстық балалар ауруханасы неврология бөлімінің меңгерушісі Ольга Шумакова, «Солтүстік Қазақстан облыстық «Лад» славян мәдениеті қоғамы» ҚБ төрағасы Александр Курленя, Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы төрағасы Есенғали Ыбыраев сөз сөйледі.

Есенғали Ыбыраев түмендік қазақтар атынан шекаралас аумақтағы отандастарға қолдау көрсетіп отырғаны үшін облыс әкіміне алғыс білдірді.

«Облыстық әкімдіктен де, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы тарапынан да қамқорлықты сезініп отырмыз. Түмен облысының үкіметі де өз тарапынан Петропавлдағы отандастарына қамқорлық жасауда. Қазақстан алдына қойған міндетіне қарай қадам басып бара жатқанын көріп отырмыз. Біз ресейлік қазақтар ұлт көшбасшысын мақтан тұтамыз және тарихи отанымыздың болашағына алаңдамаймыз»,- деді Есенғали Ыбыраев.

Республикалық «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Евгений Хан да өз ойымен бөлісті..

«Қазақ халқының арқасында ғана тірі қалдық, олар өздері бай болмаса да бізбен тамағымен, жылуымен , киім-кешегімен бөлісті деп әрдайым айтып жүреміз. Сондықтан бізбен санасатын, Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген толық диаспораның біріміз. Біз қазақстандықпыз деп мақтанышпен айта ламыз»,- деді Евгений Хан.

Шара барысында «Мәмбетов және К» КС-нің механизаторы Ардақ Сағитов, Қызылжар аудандық «Арарат» армян мәдени орталығының жетекшісі Лариса Агаджанян, «Серпін» бағдарламасымен оқып жатқан Солтүстік Қазақстан кәсіби- педагогикалық колледжінің студенті Саида Бекбуди өз ойларын ортаға салды.

Сессияның соңында марапаттау рәсімі болды. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға, халықтардың бірлігі мен достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін этномәдени орталықтар мен мәдениет пен білім саласы қызметкерлерінің 7 өкілін облыс әкімі Құрмет грамотасымен, 11 адамды Алғыс хатпен марапаттады. Бұдан басқа өңір басшысы .этномәдени бірлестіктердің 25 басшысына грант табыс етті.

Аталмыш шара мерекелік концерт бағдарламасымен жалғасты.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс»

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс»

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс»

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс»

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс»

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс»

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс»

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс»

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Ассамблеяның жұмысы қоғамның қажеттілігінен туындап, адамдардың мүддесі мен мұқтаждығына бағдарлануға тиіс»

Қаралым саны: 5447
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
25%
Денсаулық сақтау - 51
23%
Мәдениет - 19
8%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы