A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдың қалай жаңғырып жатқандығымен танысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдың қалай жаңғырып жатқандығымен танысты

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдағы құрылыс нысандарын аралап, жолдардың жөнделуiмен және аула аумақтарына асфальт төсеумен, сол сияқты Қалалық демалыс және мәдениет саябағының қайта жаңғыру барысымен танысты.

Бiрiншi кезекте, өңiр басшысы жол өткелiн жаңғырту процесiн қарады. Онда жұмыс «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүргiзiлуде. Атқарылып жатқан шаралар туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының директоры Болатбек Айтбаев айтып бердi.

«Жобаның жалпы құны 1 млрд. 258 млн. теңге. Бүгiнгi күнге дейiн оның 275 млн. теңгесi игерiлдi, яғни жылдық жоспардың 27%-ы. Биыл сомасы 900 млн. теңгенi игеру жоспарланған. Осы жол өткелi бойынша төменгi жұмыстардың барлығы аяқталып келедi. Содан кейiн жол өткелiнiң тiрек бөлiктерi мен жабылғы құрылғылары құрастырылады», — дедi Болатбек Айтбаев.

Жол өткелiнiң бiр бөлiгiн алдын ала бекiтiдген жоспар бойынша биыл қазан айында аяқтау жоспарлануда. Облыс әкiмiнiң тiлегi мен құрылыс мерзiмiне қойылатын талапқа қарай жұмысты қыркүйек айының соңында аяқтау белгiленуде. Екiншi бөлiгi бойынша жұмыс қатар жүргiзiдедi. Оны 2018 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.

«Көпiрдi жөндейтiн уақыт та келдi. Тамыз айының ортасында қауiпсiздiк үшiн бiр жарым айға қозғалысты жаба тұру керек болады», — дедi облыс әкiмi.

Осы жерде «Спутник-1» саяжай қоғамының иелерi облыс әкiмiне өз өтiнiштерiн айтты. Олардың сөзiне қарағанда, онда су қоймасы бар, су аққан кезде саяжайларға қарай ағады. Қалалық әкiмдiк су ағызуды ұйымдастырған. Бақшашылар осы мәселенi шешудi сұрайды.

«Бiз тазарту қондырғыларын қойдық. Мен бiрнеше рет болдым. «КамАЗ» дүкенi ауданы төменде орналасқандықтан, су соған қарай ағады. Дүкен директорымен кездестiк. Қазiр суағарға жабалық-сметалық құжаттар әзiрлемекпiз. Басқа жолмен оны шеше алмаймыз. Онда су ағызу жүргiзiлiп жатыр, уақытша құбыр қойып, суды сорудамыз. Ол проблеманы жартылай ғана шешедi. Сондықтан жабалық-сметалық құжаттарды дайындау жоспарлануда», — дедi қала әкiмi Марат Тасмағанбетов.

«Есептеймiз, қымбат бола қояды деп санамаймын.. Бұл мәселенi шешемiз», — дедi облыс әкiмi.

Осы жерде облыс әкiмiне айналма жолдан әуежай бұрылысына дейiнгi учаскенiң декоративтiк безендiрiлу үлгiсiн көрсеттi.

«Безендiрiлудiң қажеттi элементтерi көрсетiлген схема жасадық. Айналма жолға қоршау орнатып, қазу жолымен «Керуен» жасау ұсынылады. Түсе берiсте Пестрое көлiн көркейту қарастырылады. Ол декоративтiк және экологиялық жоспарда ерекше рөл атқарады. Бiз жағажайды оңға қарай бос жерге көшiрудi ұсынудамыз. Соған орай кешеннiң құтқару станциясын құру үшiн жер телiмiн бөлемiз. Кiреберiске iрi әрiптермен «Петропавл» сөзiн жазу ұсынылады. Әуежайдан шыққаннан кейiн велосипедшiлер тобы композициясы мен жануарлакр мүсiнiн орнату қарастырылуда», — дедi «Архстрой» ЖШС-нiң бас инженерi Василий Стихин.

Безендiру тұжырымдамасымен таныса келiп, өңiр басшысы Құмар Ақсақалов барлық мәселенi қала құрылысы кеңесiнде қарауды ұсынды.

«Қаланы безендiру бойынша барлық мәселелердi қала құрылысы кеңесiнде қараймыз. Жас сәулеткерлер мен дизайнерлердi шақыру керек. Барлық идеяларды тыңдап, шешiм қабылдаған жөн. Қайта жаңғыру болғанын қолдаймыз. Қаланың заманауилығы мен стилi сәйукч болуға тиiс», — дедi өңiр басшысы.

Одан кейiн өңiр басшысы «Жас өркен» шағынауданын қайта құру барысымен танысты.

Облыс орталығының әкiмi Марат Тасмағанбетов тұрғын үй кварталдарының құрылысы туралы айтып бердi.

«Қазiр үшiншi квартал бойынша жұмыс жүрiп жатыр. Тапсырыс берушi — қала құрылысы бөлiмi. Конкурстық процедуралар өттi. «Основание» ЖШС 32 қабатты тұрғын үй кешенiнiң құрылысын салады. Жалпы аумағы — 248 мың шаршы метр. Оның 133-i — бiр бөлмелi, 83-i — екi бөлмелi, 116-сы — үш бөлмелi. Бұл үй өте қолайлы орында тұр деп ойлаймын. Онда шағын орталықтар орналасатын болады, бұл үй 100 пайыз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ арқылы өтуге тиiс деп есептеймiн», — дедi Марат Тасмағанбетов.

Жұмыс сапары барысында Құмар Ақсақалов С.Мүқанов көшесiндегi жолға орташа жөндеу жүргiзiлу барысымен танысты.

Жергiлiктi бюджеттен аталмыш нысанға 72 млн. теңге бөлiнiптi. Жұмыс Горький көшесiнен Пушкин көшесiне дейiн жүргiзiлуде.

Облыс әкiмi биыл автомобиль жолдарын қалпына кеотiруге 2 есе көп қаржы бөлiнгенiн атап айтты.

«Биыл 40 шақырымдай жолды қалпына келтiремiз. Елiмiз бен облысымыздың экономикасы өсуде. Ол көптен берi шешiлмеген мәселелердi шешуге және қаржыландыруға мүмкiндiк бередi, Ол жол мен көркейтуге де қатысты. Автомобиль жолдарын қалпына келтiруге 2 есе көп қаржы бөлiндi. Бұл ұрдiс жылдан жылға өсе бередi, себебi экономика оған мүмкiндiк берiп отыр», — дедi облыс әкiмi.

Содан кейiн облыс әкiмi асфальт төселген, сол сияқты балалар алаңы жасалған Абай, 53 көшесiндегi ауланың қалпына келтiрiлуiмен танысты.

«Бұл жер шамамен 800 шаршы метр., балалар алаңын орнаттық. Ол өзiмiздiң Петропавлда жасалады. Ол аулалық аумаққа бейiмделген және кепiлдi қызмет көрсетедi», — дедi Марат Тасмағанбетов.

Балалар алаңының сапасын жергiлiктi тұрғындар жа оң бағалауда.

«Ең негiзгiсi олар жақсы материалдардан жасалған, оның құрылғысы қайтадан сырлауды қажет етпейдi. 2-ден 12 жасқа дейiнгi балалардың ойнауы үшiн жағдай жасалды. Алаңның шет жағывна баскетбол алаңын жасауды жоспарлаудамыз», — дедi ПИК төрайымы Ирина Яуфман.

Аула тұрғындарымен әңгiмелесу барысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов үстiмiздегi жылы 100 аула жөнделетiндiгiн алға тартты.

«Биыл 100 ауланы қалпына келтiрiп, ПИК-ке беремiз. Оны тұрғындармен бiрге осындай жақсы жағдайда ұстау керек. Аулаларды аралай жүрiп, оларға гүл егiлгенiн байқаудамын. Өз ауласына осылай қарау керек. Барлық мерекелер осындай аулада өткiзiлуi керек. Биыл жекелеген аулаларда өткiздiк», — дедi өңiр басшысы.

Бұдан басқа, облыс әкiмi Абай 84 және 86 көшелерiндегi асфальттардың сапасына назар аударды.

Одан кейiн облыс әкiмi Егемен Қазақстан, Интернационал — Букетов көшелерiндегi жолдардың жөнделу барысын қарады. Онда жолдар мен өткелдер жасалып, шлагьаум қойылған, сол сияқты балалар алаңы қоршалған.

Жұмыс сапары соңында Демалыс және мәдениет саябағының қайта жасақталу барысын байқады.

«Бiздiң бақ 3 аймаққа бөлiнген. Ол аттракциондар, белсендi демалыс және тыныш демалыс аймақтары. Тыныш демалыс аймағында ұзындығы 2500 метрлiк веложол салу қарастырылуда, Белсендi демалыс аймағында балалардың ойын кешендерi мен көгалдандыру орналастырылады. Абай мен Пушкин ескерткiшi мағындағы орталық үстынды ауыстыру қарастырылған.Бұрынғы үстын Жеңiс бағына орнатылады. Үстынның орташа ұзындығы 12 метр. Оны түрлi-түстi жарықтандыру жайы ойластырылуда. Сахна кең болады. Ол тең дәрежеде мәрмәр тастармен өрнектелдi. Оның аумағы кең. Тiрi қоршаудың өзi 3 шақырымдай. Жай күндерi стационарлық жарықтандыру болады. Мереке күндерi түрлi-түстi жарықтандыру», — дедi «СК-РАЙВ» ЖШС-нiң жобалық ұйымының жетекшiсi Денис Бредников.

Облыс әкiмi Қазақстан Конституциясы көшесiне орнатылатын үстын жайлы өз түсiнiгiн ұсынды.

«Онда барлық шаралар өткiзiлетiн ауқымды кең сахна болуы керек. Өйткенi алаң көп адамды жинауға мүмкiндiк бередi. Сахна темiрден болмай, кез келген шараны, театрландырылығын, концерт өткiзетiндей болуы тиiс. Мына темiр құрылғыларды орнатудың қажетi жоқ. Оны кең, биiк етiңдер», — дедi Құмар Ақсақалов.

Демалыс және мәдениет саябағын аралай келiп, өңiр басшысы демалатындарға қолайлы жағдай жасау барлық күштi жұмылдыру қажеттiгiн атап айтты.

«Бiз 15-20 метрдей жүрдiк. Анда жоғарғы жақ жабық, ол оның ерекшелiгi және әсемдiгi. Аймақта тыныштық орнаған. Сондықтан онда ағаштарды көп кесудiң қажетi жоқ. Мұнда кешке жүру қауiпсiз емес. Бiздiң мiндетiмiз — адамдар үшiн бұл жердi сүйiктi орынға айналдыру. Онда сәйкес жарық болады. Жаз айының соңында басқа саябақ болады деп сенемiз. Ағаштарды барынша қалдыруға тырысу керек», — дедi өңiр басшысы.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдың қалай жаңғырып жатқандығымен танысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдың қалай жаңғырып жатқандығымен танысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдың қалай жаңғырып жатқандығымен танысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдың қалай жаңғырып жатқандығымен танысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдың қалай жаңғырып жатқандығымен танысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдың қалай жаңғырып жатқандығымен танысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдың қалай жаңғырып жатқандығымен танысты

Мақаланың шыққан күні 01.08.2017
Қаралым саны: 1446
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы