A- A A+
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

Мақаланың шыққан күні 26.07.2017

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақаловтың Аққайың ауданындағы жұмыс сапары Смирново ауылындағы сапаржаймен танысудан басталды. Ұйымның басшысы Любовь Котляровскаяның айтуынша, ғимарат өткен ғасырдың 80-жылдары пайдалануға берiлген, сондықтан апатты жағдайда болғандықтан, қайта жаңартуды қажет ететiн. Қазiр онда күрделi жөндеу жүргiзiлiп жатыр.

«Жұмыс 1 шiлдеде басталды, тамыз айының соңына дейiн аяқтауды жоспарлап отырмыз. Онда тұрақ боксы, мында күту залы болады. Барлығы да талапқа сай әдемi жасалады. Адамдарға қолайлы болу үшiн, кассаны кiшкене жылжытамыз, жылы зал мен жылы бокс жоспарлануда», — деп өз ойымен бөлiстi Любовь Котляровская.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов бұл нысан әлеуметтiк сала үшiн маңызды рөл атқаратындығын атап айтты.

«Экономика дамуда. Смирнова арқылы жолаушылардың мол нөпiрi өтедi. Барлық округтермен байланыс орнатылған, өтпелi автобустар да көп. Басты мiндет — жолаушыларды тасымалдауды жақсарту. Сондықтан тұрғындар үшiн барлық жағдай жасалуға тиiс», — дедi Құмар Iргебайұлы.

Облыс әкiмi келесi болған нысан — «СПК МОЛ ТД» өндiрiстiк кооперативi.Нысанды салу өткен айда басталыпты. Оны қазан айында аяқтау жоспарлануда. Онда тазартылған сүт, йогурт сүт қоспалары мен қышқылтым сүт өнiмдерiн шығару жоспарлануда. Кооператив iске қосылғанда 13 жұмыс орны ашылады.

Кәсiпорынның директоры Евгений Даньконың сөзiне қарағанда, кооперативке 20 адам бiрiккен, сүттi ауданның 4 округiнен сатып алады.

«Сүттi 85 теңгеге сатып аламыз.Бiз мал басын көбейтумен айналысудамыз. Округтерде адамдар ауыл шаруашылығын дамытуға ынталы, әсiресе сүт бағытындағы малдарды. Бiз 15 күн сайын есеп айрысамыз. Григорьевка ауылында тұратын бiр әйел бiр айда 300 мың теңгенiң сүтiн тапсырады. Ол шаруашылығын кеңейтiп, 20 шақты сиыр ұстайды», — дедi Евгений Данько.

Облыс әкiмi ауыл шаруашылығын кооперативтендiру үшiн мемлекет барлық жағдайды жасап жатқандығын тiлге тиек еттi.

«Мемлекеттiң мiндетi — сүт өңдейтiн қосындарды, танкерлердi ашу. Бүгiн Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кооперативтендiру жүргiзiлуде. Қазiрдiң өзiнде 10 мыңдай адам бiрiктi. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Адамдар сүт, ет алуға, көкөнiс өсiруге тиiстi. Мемлекет оларды сатып алу және өткiзу тетiгiн жасауға тиiс. Жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетi дегенiмiз — адамдар жұмыс iстейдi және белгiлiктi сомада тұрақты пайда табады. Бiреу үшiн жұмыс iстеудiң қажетi жоқ, тек өзiң үшiн жұмыс iстеу керек. Қазiр сондай тетiктер жасалған. Тек оған адамдар көп жұмылдырылуы керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Одан кейiн әкiм егiн алқаптарындағы технологиялардың сақталуын тексердi. Тұтастай алғанда Аққсайың ауданында қолайлы жағдай қалыптасқан.

Аялдамалардың бiрiнде «Симарго»ЖШС-нiң егiс алқабы қаралды. Компания директоры Владимир Пожиткин алқаптарда барлық жағдай сақталатындығын айтып бердi.

«Биыл егiстiк алқап 6130 гектарды құрады. Тұтастай алғанда жерлерiмiздiң барлығы пар мен сүдiгер. Ауыспалы егiс бiзде қатаң сақталады, әрбiр алқапта есеп кiтапшасы бар. Көтемде ылғал жабамыз, сосын егiн себу, сосын катоктаймыз. Өскiндер мен арамшөптердiң шығуына қарай гербецидпен өңдеймiз.Биыл жердi өңдедiк, бiр бөлiгi жәрдемқаржыландырылды, бiр бөлiгi өз қаражатымызға. Фунгицидпен барлық егiстiк алқабын өңдедiк, арпаны 2 рет», — дедi Владимир Пожиткин.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов жүргiзiлген жұмыс өз нәтижесiн берiп жатқандығын атап айтты.

«Технология сақталады, тыңайтқыш толығымен сiңiрiлген. Соған орай астықтың шығымдылығы да жақсы екендiгi көрiнiп тұр. Гүлдеп, масақтанып жатқаны — түсiнiктi. Бiзге сапа жақсы болу үшiн күннiң ыстығы ғана керек», — дедi облыс әкiмi.

Сол сияқты облыс әкiмi Аққайың ауданында ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы алқаптарындағы жағдаймен де танысты.

«Бiз жаздық бидайдың 3-сұрыбын, отандық орташа-кеш «Астана», «Астана 2» және «Омбы-35» бидайларының 2-сұрыбын шығарамыз. Бiздiң технологиямызға сәйкес орташа-ерте, орташа-кеш сұрыптарын ұсынамыз», — дедi «Солтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы» ЖШС директоры Белгiбай Қанафин.

Өңiр басшысы егiндi қарап, технологитяны сақтаудың маңызды екендiгiн тағы да атап айтты.

«Элита парға себiлген. Ауа райын болжау қосындары әрбiр ауданда бар. Түскен ылғал оңтайлығы жақын екендiгiн көрiп отырмыз. Оңтүстiк өңiрлерде жауын-шашын аздау, жетiспеушiлiк байқалады. Бiзде — солтүстiк пен шығыс бөлiктерде өлшем бойынша нормаға жақын. Өңiрiмiзде құрғақшылықты байқап отырған жоқпыз, сондықтан өсiмдiктердiң өсу қарқыны қалыпты жағдайда өтуде деп айта аламыз. Бастысы — технология. Технология болса, астықпен қамтамасыз етiлемiз», — деп атап көрсеттi өңiр басшысы.

Алайда барлық алқаптарда қолайлы жағдай қалыптаспаған. Григорьев аулдық округiндегi «Парунов» ЖШС-нiң зығыр алқабы қараусыз қалғаны байқалды.

«Қара сұлы, палың сияқты арамшөптер болмауға тиiс. Қара сұлы — ең зиянды арамшөп. Шаруа қожалығының жерге дұрыс қарамайтындығын бiрден көрсетiп тұр. Бiз қаншама жол жүрiп, жердiң жақсы жағдайда екендiгiн байқадық. Барлығында бiрдей жағдай, алайда оған жақсы көзқарас — жоқ. Мұндай жер пайдаланушыларды жауапкершiлiкке тарту керек. Аудан осы жер пайдаланушыға байланысты не iстегенiн бiлгiм келедi. Қандай шара қолданылды?», — дедi аудан әкiмi Дәурен Байтөлешевке өңiр басшысы.

Аудан әкiмi жердi тиiмдi пайдалану бойынша тексерiс жүргiзiлiп, өтiнiм инспекциясына жолданатындығына сендiрдi.

Аққайың ауданына сапар соңында Смирнова ауылында аудан активiмен кездесу өттi. Кездесудi ашқан Құмар Ақсақалов Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысына тоқталды.

«Өнеркәсiптiң дамуы бойынша елiмiзде төртiншi орындамыз. Ауыл шаруашылығы бойынша да өткен жылға қарағанда өсiм бар. Бөлшек сауда өстi. Облыс бойынша 41%-ға артық тұрғын үй салдық. Бұл облыс бойынша жасаған негiзгi қорытындымыз. Облыс өңiрiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосып жатқан аудандардан, қалалардан тұратыны белгiлi», — дедi өңiр басшысы.

Облыс әкiмi экономиканың дамуы банк жүйесiнiң өсiмiне әсер ететiндiгiн алға тартты. СҚО-дағы екiншi деңгейлi банктер филиалдарында 2016 жылдың 1 жартыжылдығында жеке тұлғалардың депозиттерi 101 млрд. теңге болса, үстiмiздегi жылдың сәйкес мерзiмiнде — 127 млрд. теңге болды.

«Адамдар көп салым сала бастады. Жедел салымдар өстi — 100 млрд. теңге болса, биыл 125 млрд. теңге. Ұлттық валютадағы депозит өткен жылы 52,4 млрд. теңге едi, қазiр — 88 млрд. Яғни адамдар ұлттық валютаға сенедi. Соған орай шетелдiк валютадағы депозиттер азайды», — дедi Құмар Ақсақалов.

Содан кейiн Аққайың ауданының әкiмi Дәурен Байтөлешев бiрiншi жартыжылдықтағы өзгерiстер жайында баяндады.

«Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы көлемi үстiмiздегi жылы 3 миллиард 125 миллион теңге болды. Ауданның жалпы егiс көлемi 214 мың гектар. Оның 144 мыңына — дәндi, 44 мыңына — майлы, 23 мыңына жемазықтық дақылдар себiлдi. Бiз әртараптандыру жүргiзiп, майлы дақылдар алқабын 14 мың гектарға ұлғайттық», — дедi Дәурен Байтөлешев.

Сол сияқты Аққайың ауданының әкiмi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi дұрыс пайдалануға байланысты 2015-2016 жылдары және 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығында 32 мың гектар алқапқа 46 тексерiс жүргiзiлгенiн тiлге тиек еттi. Қорытындысы бойынша 5 млн. теңгеден астам сомаға 29 әкiмшiлiк айыппұл салынған.

Содан кейiн облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров пен Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов баяндама жасады.

Қайрат Омаров ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге 1 млрд. 612 млн. теңге көлемiнде жiрдемқаржы берiлгенiн, соның өзiнде еңбекақы қоры 777 млн. теңгенi, салық 344 млн. теңгенi құрағанын атап айтты.

Өңiр басшысы жәрдемқаржы алғаннан кейiн аграршылар тұрақты жұмыс орнын ашып, адамдарға лайықты еңбекақы төлеуi керектiгiн атап айтты.

«Қазiр мемлекет есебiнен еңбекақы мен салық төлейтiн болып отырмыз. Мемлекет сiздер үшiн өз қаржысымен салық төлеп жатыр. Жұмыс iстеуге жағдай жасалған. Осы жағдайда кейбiреулер көмек пен минаралдық тыңайтқыштарды пайдаланбайды. Бiздiң басты мiндетiмiз — әртүрлi бағдарламалар арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу. Әлеуеттi мүмкiндiктердi пайдалану керек», — дедi облыс әкiмi.

Ауданда бiлiм беру мен медицина саласында бiлiктi мамандарға қажеттiлiк бар. Дефециттiң бiр бөлiгi ауданға жас мамандардың келуiмен жабылады.

Қорытынды жасай келе, Құмар Ақсақалов тұтастай алғанда аудан дұрыс бағытта келе жатқандығын атап айтты. Алайда пайдаланылмай жатқан резервтер бар. Өңiр басшысы аудан әкiмiне ауданға еңбек етуге келген жас мамандарға қосымша көмек көрсетудi, тұрғын үймен қамтамасыз етудi тапсырды. Сол сияқты әкiм жергiлiктi аграршыларды ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына көмек көрсетуге және инвестиция салуға шақырды.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың Тайынша ауданына жұмыс сапары «Степноишим тәжiрибе станциясы» ЖШС-нiң егiстiк алқаптарын тексеруден басталды. Агроқұрылым басшысы Александр Кобзевтiң айтуынша, өткен жылы астықтың өнiмдiлiгi 20 центнердi, жасымықтiкi — 15 центнердi құрады.

Облыс әкiмi барлық жағдай сақталған егiстiң сапасын бағалады.

«Бидай себiлген, алдында жасымық болған, дәндi дақылдар үшiн осы қолайлы. Әрине, бәрiнен де пар жақсы. Технологиялар мен дәндi-бұршақты егiстi сақтаған жағдайда бұған дейiн егiлген жасымық та жақсы рөл атқарады. Мұнда барлық жағдай сақталғанын, тыңайтқыштар, гербецидтер сiңiрiлгенiн, қажеттi жұмыстар атқарылғанын көрiп отырмыз. Жағдай жақсы, оны бидайдың сабақтарынан, өсу қарқынынан көрiп тұрмыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Келесi аялдамада рентабельдi дақылдардың бiрi — үлгiлi рапс алқабы қаралды. Өткен жылы өзiндiк құны 25-30 мың теңге жағдайында, бiр тоннасы 125 мың теңге болды. Осы жағдайда, ұқсату бойынша жергiлiктi кәсiпорындарға тапсырған майлы дақылдардың әрбiр тоннасына жәрдемқаржы берiледi. Жасымық алқаптарында да жақсы жағдай қалыптасқан. Ауа райы мүмкiндiк берсе, осы дақылдарды жинау 15 күннен кейiн басталады.

Аққайың және Тайынша аудандарының астық алқаптарын байқай келе, облыс әкiмi БАҚ өкiлдерiне берген сұхбатында майлы дақылдар бойынша жақсы жағдай қалыптасып отырғанын атап айтты.

«Көктемде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен келiскендей, әртараптандыру аясында, майлы дақылдар алқабын 200 мың гектарға дейiн көбейттiк. Бүгiн бiз атқарылған жұмыстың сапасын көру үшiн аудандарға шықтық. Екi ауданда майлы дақылдардың жақсы өсiп тұрғанын байқадық. Биылғы жыл рапстiкi деуге болады. Технология сақталса, бiздiң жерiмiз нәтиже бередi. Мемлекеттiң мiндетi — жердi пайдалану құқығы берiлген агроқұрылымдардың алқаптарды дұрыс пайдалануын бақылау. Бұл жер көптi асырайды. Бiз азық-түлiк қоржынымен болуға тиiспiз. Мемлекет басшысы осындай мiндет қойып отыр. Сондықтан әрбiр ауылдық округтiң әкiмi өз аумағындағы жердiң қалай пайдаланылатындығын бiлуге тиiстi. Ауылдық округтердiң әкiмдерi — бiздiң аумақтық өкiлдерiмiз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Содан кейiн Тайынша ауданының орталығында облыс әкiмi ауданның тұрғындарымен кездестi. Кездесуде ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен өзектi мәселелер талқыланды. Олардың бiрi — ауданның тұрғындарын жұмыспен қамту. Аудан тұрғындарының саны нелiктен азайып келедi.

Облыс әкiмi осы бағыттағы аудан басшыларының жұмысын сынға алды.

«Бiзде 2 негiзгi сала бар — ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiп. Уақыт өткен сайын және әр күн нәтиже беруге тиiс. Бiз тұрақты жұмыс орындарын ашып, бизнеске көмектесуiмiз керек. 2016 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша 27 976 тұрғын жұмыспен қамтылған. Бiр жыл өткеннен кейiн ол — 26 592 адам екенiн көрiп отырмыз. Жұмыс қолы 1 384 адамға қысқарған. Абай ауылдық округiнде — 275 адам минус, не кетiп қалған, не жұмыссыз қалған. Драгомировка — еңбек жасындағы 139 адам минус, олар да не кетiп қалған, не жұмыссыз қалған. Бұл — жұмысқа қабiлеттi адамдарды тарту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаруашылық субьектiлерi мен ауыл округтерi әкiмдерiнiң тиiмдi жұмыс iстемегендiгi», — деп мәлiмет келтiрдi облыс әкiмi.

Жұмыс сапарының соңында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығындағы, әсiресе мал шаруашылығы бағытындағы жұмысты белсендi етудi тапсырды. Бұдан басқа, облыс әкiмi аудан басшыларының алдына жұмыссыздар санатындағы азаматтарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етудi және еңбекақыны көтеру бойынша барлық жағдайды жасау мiндетiн қойды.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

Қаралым саны: 2757
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы