A- A A+
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тұрғындарды жұмыспен қамту және кiрiстерiн көбейту бойынша жұмысты күшейтудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тұрғындарды жұмыспен қамту және кiрiстерiн көбейту бойынша жұмысты күшейтудi тапсырды

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Мамлют ауданының ауылдық округтерiнде болды.

Өңiр басшысы Дубровное ауылдық округi орталығының көркейтiлуiмен, фельдшерлiк-акушерлiк қосынның дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiлуiмен танысты.

«Ауылдық округке не өзгерiп жатқанын көру үшiн келдiк. Елiмiзде, оның iшiнде облыста өзгерiстер болып жатыр, сондықтан ауылдық округте де өзгерiс болуға тиiстi», — дедi облыс әкiмi.

Содан кейiн С.Г.Гуденко атындағы Дубровное орта мектебiнде ауылдық округтiң актив өттi. Ауылдық округтiң әкiмi Галина Швецова 9 айдағы әлеуметтiк-экономикалық дамудың қорытындысы туралы айтып бердi.

«Басты мiндеттердiң бiрi — тұрғындардың өмiр сапасын көтеру және кедейлiк деңгейiн төмендету. Округте 4 елдi мекен, 540 үй және 1653 тұрғын бар. 2017-2019 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына 46 адам қатысты. Жалпы 984 адам еңбекке жарамды, соның 538-i ғана жалдау бойынша жұмыс iстейдi», — дедi Галина Сергеевна.

Ақпаратты тыңдай келе, өңiр басшысы Құмар Ақсақалов жергiлiктi атқарушы органның жұмысын сынға алды.

«Мен бұл кездесуде келесi жылы тұрғындардың кiрiсiн қалай ұлғайтатындығы туралы естiгiм келiп едi. Iстiң нәтижесi болуға тиiс. Ауылдық округтiң әкiмi сол жайлы бiлiп, кәсiпкерлермен қоян-қолтық жұмыс iстеуi керек. Қазiр қанша алып отырмыз, ертең қанша алатынымыз жөнiнде нақты санды ести алмадым. Өкiнiшке қарай жалпылама сөз. Әңгiмеден, ең бастысы болашақта ненi ұлғайтатындығымызды бiле алмадым. Шаруашылықтың екi басшысы сөйледi — олар бiршама iрi кәсiпорындар. Округ әкiмi де басты — тұрғындардың кiрiсiне тоқталған жоқ. Бүгiн өмiрдi жақсарту мен жердiң әлеуетiн арттыру үшiн, бiрлесе не iстейтiндiгiмiздi түсiнуiмiз керек. Малды қалай көбейтетiндiмiз жөнiнде де ештеңе естiмедiм. Мал көбею үшiн қалай көмектесемiз? Шынын айтқанда, бүгiнгi әңгiмеге көңiлiм толмады. Аудан басшысына жиналып, тиiстi жұмыс атқаруды тапсырамын. Жағдайға әсер ету керек», — дедi облыс әкiмi.

Активтен кейiн өңiр басшысы интернатта тұратын оқушылармен кездестi.

«Мемлекет сiздердi бiлiммен қамтамасыз етуi тиiс. Тұру үшiн, бiз тиiстi жағдай жасаймыз. Сiздiң пiкiрiңiз бойынша ненi жақсарту керектiгiн бiлгiмiз келедi. Мүмкiн қосымша үйiрмелер мен құралдар қажет шығыр», — дедi балаларға Құмар Ақсақалов.

6-сыныптың оқушысы Даниил Куклицкий барлық оқушылардың атынан интернатқа жаңа теледидар, компьютер және жиһаз керектiгiн айтты. Әкiм өз кезегiнде осы мәселенi шешетiндiгiн айтып, балаларға үздiк жаңа оқу жылын тiледi.

Жұмыс сапарының келесi пунктi Ленин ауылдық округiнiң орталығы болды. Онда өңiр басшысы тұрғындармен кездестi. Ауылдық округтiң әкiмi Бүркiтбай Самұратов қалыптасқан жағдай туралы айтып бердi.

«Бұл ауылдық округке Ленин, Октябрь, Дачное ауылдары қарайды. 2017-2019 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына 8 адам қатысты», — дедi Бүркiтбай Самұратов.

2016 жылы елiмiздiң жұмыс күшi көп өңiрлерiнен 3 отбасы, биыл 13 отбасы көшiп келiптi. Активтен кейiн облыс әкiмi қоныс аударғандармен кездестi. Олар жаңа жер, жұмысқа орналасу және болашақ жоспарлары туралы айтып бердi.

Өңiр басшысы ауылдың жаңа тұрғындарына бақшамен айналысуды ұсынды.

«Техникасыз астықпен айналысудың қажетi жоқ. Қиын болады. Бақшамен, көкөнiс өсiрумен айналысыңыздар. Бiзде көкөнiс те жақсы шығады. Өз шаруащылықтарыңызды көтергеннен кейiн дақылдардың басқа түрлерiн де қолға алуға болады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жұмыс сапарының соңғы орны Новомихайловка ауылы болды. Онда да облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жергiлiктi тұрғындармен кездестi.

Ауылдық округтiң әкiмi Берiк Құрымбаевтiң сөзiне қарағанда, тұрғындардың өмiрлiк қызметi аграрлық сектор мен мал шаруашылығына байланысты. «Ауылдық округке 5 елдi мекен қарайды, тұрғындар саны — 2047. 1-шi жартыжылдықтағы орташа еңбекақы 93003 теңгенi құрады. 5 iрi агроқұрылым мен 7 жеке кәсiпкер мал шаруашылығымен айналысады. Үстiмiздегi жылы мал шаруашылығына 30 млн. 571805 теңге, өсiмдiк шаруашылығына 70 млн. 458720 теңге жәрдемқаржы алынды», — дедi Берiк Құрымбаев.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Асқар Сақыпкерев өз ойын ортаға салды.

«Тұрғындарды жыл бойы жұмыспен қамтамасыз ететiн мал басын көбейту мүмкiндiгi бар. Округте 1301 адам бар, оның 400-i өзiн-өзi қамтамасыз ететiндер. Оларды жұмысқа тарту керек», — дедi Асқар Жоламанұлы.

Ол ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсату маңызды мәселелердiң бiрi екендiгiн атап айтты.

«Бiз 3 ауылдық округтi аралап шықтық. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен бiрлескен жұмыс жүргiзiлдi. Өздерi тұратын елдi мекендерге тапқан ақшаларын салатын бұл әлеуметтiк жауапкершiлiктi бизнес», — дедi аудан әкiмi Ерболат Бекшенов. Бұдан басқа, аудан әкiмi сүт кешенiн салу және егiстiк алқаптарды әртараптандыру жөнiнде жоспар бар екендiгiн айтты.

«Новомихайловское 2003» ЖШС-нiң директоры орақ науқанының барысы жайлы баяндады.

«Шаруа қожалықтарының қосылуы есебiне егiстiк алқабы 14 мың 200 гектарды құрайды. Мемлекеттiң үнемi қолдауы арқасында өткен жылы 95,9 млн. теңге, биыл 58,4 млн. теңге демеуқаржы алдық. Қазiр шаруашылықта 7 мың 301 гектар дәндi дақылдар бар, ол дақылдардың 80 пайызы. 1040 гектар рапсты (12,1 ц/га), 1021 гектар арпаны (12,5 ц/га), 145 гектар бұршақты, 125 гектар қарақұмықты толық жинап алдық. 1913 гектар бидайды және 100 гектар зығырды жинау қалды», — дедi шаруашылық басшысы.

«Құнарлы жерлер бар, бiрақ нәтиже ала алмаймыз. Өйткенi технология, жердi күту жоқ. Оның үстiне барлық әлеует қолданылды деп есептемеймiн. Бiздiң елiмiз де, облыс та дамып жатыр. Осындай ауылдар базалық шаруашылық, сондықтан басқаларға үлгi көрсетуi керек», — дедi облы әкiмi.

Жұмыс сапарының соңында тұрғындармен және агроқұрылым басшыларымен қайта кездесудi, болашақтағы жоспарларды талқылауды аудан әкiмi Ерболат Бекшеновке тапсырды.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тұрғындарды жұмыспен қамту және кiрiстерiн көбейту бойынша жұмысты күшейтудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тұрғындарды жұмыспен қамту және кiрiстерiн көбейту бойынша жұмысты күшейтудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тұрғындарды жұмыспен қамту және кiрiстерiн көбейту бойынша жұмысты күшейтудi тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тұрғындарды жұмыспен қамту және кiрiстерiн көбейту бойынша жұмысты күшейтудi тапсырды

 

Мақаланың шыққан күні 11.09.2017
Қаралым саны: 347
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы