A- A A+
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов педагогтарды Мұғалімдер күнімен құттықтады

Мақаланың шыққан күні 28.09.2017

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов педагогтарды Мұғалiмдер күнiмен құттықтады

Петропавлда Мұғалiмдер күнiне арналған салтанатты шара өттi. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов кәсiби мереке қарсаңында өңiр педегогтарын мерекелерiмен құттықтады. Өңiр басшысы педагогтар ертең мемлекетiмiздiң болашағын айқындайтын зияткер және рухани дамыған жастарды өсiрiп шығаратындығын атап айтты.

«Өскелең ұрпаққа күн сайын бiлiм берiп, оларға мәдени және адамгершiлiк құндылықтарды дарытасыздар. Бiздiң ардагерлерiмiз ерекше алғыс пен құрметке лайық. Сiздер көп жылғы адал еңбектерiңiзбен облысымыздың бiлiм беру саласының дамуына баға жетпес үлес қостыңыздар және өскелең ұрпаққа тәрбие беруде күнi бүгiнге дейiн қатардан қалмай келе жатырсыздар.Солтүстiк Қазақстан облысында педагогтарға әрдайым ерекше көңiл бөлiнедi. Мұғалiмнiң әлеуметтiк жоғары мәртебесiн қолдай алатындығымызға, сiздерге еңбек пен өмiр үшiн қолайлы жағдай жасайтындығымызға сенiмдiмiн. Кәсiби мерекелерiңiз қарсаңында Сiздердiң баға жетпес жанқиярлық еңбектерiңiз бен қалаған iстерiңiзге шынайы берiлгендiктерiңiз үшiн шын жүрегiммен алғыс бiлдiремiн. Өздерiңiзге және жақын адамдарыңызға мықты денсаулық, амандық, еңбекте шабыт пен жетiстiк тiлеймiн!», — дедi Құмар Ақсақалов.

Көп жылғы адал еңбектерi мен өңiрдiң бiлiм беру саласының дамуына қосқан зор үлестерi үшiн Тайынша ауданындағы Чермошнянск ОМ директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Галина Холодова, Аққайың ауданындағы Астрахан ОМ қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң мұғалiмi Айым Қамырова, Петропавл қ. №10 ОМ қызметкерi Татьяна Анцибор облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал Ақжар ауданындағы Дәу