A- A A+
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов «Жас өркен» шағынауданы құрылысының жобасын қабылдады

Мақаланың шыққан күні 12.06.2017

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов «Жас өркен» шағынауданы құрылысының жобасын қабылдады

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен қала құрылысы кеңесiнiң отырысы өттi. Кеңес жұмысына облыстық және аумақтық атқарушы органдардың басшылары, жобалық және құрылыс ұйымдарының өкiлдерi қатысты.

Облыс әкiмi Петропавлдағы жұмыс тобының құрылыс жоспарын қарауды ұсынды.

«Өткен жылы бiз облыс бойынша 164 мың шаршы метр тұрғын үйдi пайдалануға бердiк, биылғы меже 200 мың шаршы метрден асады. Жоспар қомақты. Жыл сайынғы беталыс сондай болу керек. Бiз қаржылай қамтамасыз етiлгемiз», — дедi Құмар Iргебайұлы.

Жамбыл көшесiнде салынатын «Жас өркен» шағынауданының жоба үлгiсiн Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Жаслан Қабиев ұсынды.

«Ұсынылып отырған үлгiде аумақты жаңа нысандармен қамту, гүлзарлармен көркейту және сондағы ғимараттардың қасбетiн жақсарту бойынша ұсыныстар қарастырылған. Жол-көлiк айналмасындағы республикалық маңыздағы автомобиль жолы құрылысы аяқталғаннан кейiн Қожаберген жырау ескерткiшiн орнату ұсынылады», — дедi басқарма өкiлi

Бұл — биыл Явленское шоссе көшесiнiң Қожаберген жырау атауына өзгертiлуiне байланысты болып отыр. Отырыс барысында толық көрiнiстi қамтамасыз ету үшiн, биiктiгi кемiнде 14 метр болатын ескерткiштiң жоба нұсқасы ұсынылды.

«Айналма жол маңындағы аумақ өндiрiстiк аумақтағы қоршау бойына ағаштар мен тiрi бұталы қоршау егу арқылы шағын гүлзармен көркейтiледi, жаяужолдар жасалады, шамдар мен орындықтар орнатылады», — дедi Жаслан Қабиев.

Жамбыл көшесi бойындағы жекелеген нысандардың қасбеттерi сәулеткерлiк әйнектеудi қолдану арқылы керамикалық мәрмәртаспен көмкерiлмек. Бұл жағдайда, ғимараттардың сыртқы кейпiн өзгерту бойынша жүргiзiлетiн жұмыстар меншiк иелерiнiң қаражаты есебiнен атқарылады.

Жеке меншiк әлеуеттi құрылысшылардан түскен ұсынысты, мемлекеттiк қаражатты тарту есебiнен жобада әртүрлi нысандар салу қарастырылған.

Мысалы, Б.Петров-Жамбыл-Крылов көшелерiнiң орамы аумағында 384 пәтерлiк, тағы да Крылов-Жамбыл-Парфирьев және Парфирьев-Жамбыл-Таштитов көшелерi учаскелерiнде 312 және 332 пәтерлiк тұрғын үй кешенiн салу жоспарлануда. Бұл нысандар бойынша жобалық–сметалық құжаттар сараптамаға берiлген.

Бұдан басқа, Жамбыл көшесiнде теннис орталығы мен прокуратура ғимараты кешенiнiң құрылысы жүргiзiлуде. Ведомстволық нысанды салу республикалық қаражат есебiнен атқарылатын болады.

Сонымен бiрге Челюскин-Жамбыл-Маяковскиий, Маяковский-Жамбыл-Партизан, Партизан-Жамбыл-Маяковский, Маяковский-Жамбыл-Челюскин, Парфирьев-Жамбыл-Крылов, Крылов-Жамбыл-Б.Петров көшелерi орамдарында бiрнеше тұрғын үй салынбақ.

Кеңес барысында Оқушылар сарайы ғимараты таныстырылды, оның жобалық–сметалық құжаттары әзiрлену үстiнде

«Ғимарат төртқабатты болады, жалпы алаңы 13,5 мың шаршы метрдi құрайтын 5 блоктан тұрады, ол 1800 балаға шақталған. Сонымен бiрге үйiрмелерде сабақ өткiзу үшiн 40-тан астам кабинет, 4 шеберхана, 8 зертхана, 3 көрме залы жоспарлануда. Бұдан басқа концерт, арт және конференция залдары, медиатека, мұражай, тiрi бұрыш пен дыбыс жазу студиясы қарастырылған», — дедi Жасұлан Қабиев.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов Оқушылар сарайында IТ-орталық орналасатындығын атап айтты.

«Өткен аптада бiз қаламыздың айтишниктерiмен кездестiк. Бүгiн көптеген елдерде IТ-өндiрiсi IЖӨ-ге жақсы үлес қосуда және ол ауыл шаруашылығында да пайдаланылады. Мысалы, Геннадий Зенченконың мал шаруашылығында көптеген үрдiстер компьютерлендiрiлген. Қазiр өсiмдiктiң өсуiн, өзiн қалай сезiнетiндiгiн және қандай препараттар қажет екендiгiн бақылайтын технологиялар бар. Бiз компьютершiлерiмiздi осы ғимаратқа отырғызып, ауыл шаруашылығын, қалалық жарықтандыруды және басқаларын талқылайтын алаң жасаймыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Кеңестi аяқтай келе, облыс әкiмi сапаға әсер етпейтiндей ғимаратты мерзiмiнде салу қажет екендiгiн атап айтты. Одан басқа, өңiр басшысы солардың құрылыста ескерiлуi керектiгiне назар аударды.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов «Жас өркен» шағынауданы құрылысының жобасын қабылдады

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов «Жас өркен» шағынауданы құрылысының жобасын қабылдады

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов «Жас өркен» шағынауданы құрылысының жобасын қабылдады

Қаралым саны: 1219
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы