A- A A+
СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

Мақаланың шыққан күні 31.07.2017

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов кезектi жұмыс сапары аясында Ақжар және Уәлиханов аудандарында болды.

Бiрiншi кезекте өңiр басшысы «Коцак» ШҚ-нiң егiстiк алқаптарын көру барысында Ақжар ауданының агроқұрылым басшыларымен кездестi.

Шаруа қожалығының басшысы Тамара Коцактiң айтуынша, кәсiпорында заманау техникалар мен себу кешендерi бар.

«Бүгiнгi күнi жәрдемқаржы алып отырмыз. Сол үшiн мемлекетке рахмет айтамыз. Бiзде жұмыс орны көп емес, еңбекақы тұрақты. Екi адам ауысыммен тұқым себедi. Жаңа үш комбайнымыз бар. Мал шаруашылығымен айналыса бастадық, 28 сиыр мен бұзау өсiрiп отырмыз, резервiмiзге байланысты мал басын көбейтпекпiз. Шаруашылықпен 1991 жылдан берi айналысып келемiз», — дейдi Тамара Коцак.

Осы сапарында Ақжарқын ауылында болып, ауылдық округтiң Мәдениет үйiнiң жөнделу барысымен танысты.

«Қазiргi уақытта 2-3 үйiрме жұмыс iстейдi. Ұлттық би, домбыра, хор үйiрмелерi. Ауылдағы шараларға тұрғындардың 80 пайызы қатысады. Аудандық, облыстық жарыстарға қатысамыз», — дейдi Мәдениет үйiнiң директоры Сайлау Қойшыбай.

Жөндеу жұмысының барысымен танысқан СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәдениет саласында өткiзiлетiн шаралардың маңыздылығын атап айтты. Өңiр басшысы үстiмiздегi жылдың күзiнде Мәдениет үйiне келiп, оның репертуарымен танысуға уәде бердi.

Содан кейiн Құмар Ақсақалов фельдшерлiк-акушерлiк қосында болып, тұрғындарға көрсетiлетiн медициналық қызмет пен саламатты өмiр салтының алдын алу жағдайымен танысты.

«Бiзде асқазан жарасымен, артерия гипертензиясымен, темiр тапшылығы анемиясымен есепте тұратындар саны 85 адам. Олардың бәрi тұрақты түрде тегiн көмек алады. Үш ай сайын тексерiледi және үш ай сайын тегiн препараттар алады. Профбайқау жыл сайын өткiзiледi. Үш жылда бiр рет бiзге акушер-гинеколог, терапевт келедi», — дейдi фельдшер Ирина Васильева.

Өңiр басшысы Ақжарқын ауылындағы «Қазпошта» бөоiмшесiнiң жұмысымен де танысты.

Аудан орталығында облыс әкiмi 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығында көркейту бойынша атқарылған жұмыстарды байқады. Өңiр басшысына елдi мекеннiң сыртқы бейнесiн жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Аудандық Мәдениет үйiнде жергiлiктi активпен және тұрғындармен кеңес өттi.

Ауданның әкiмi Серiкбай Тұралинов жартыжылдықтағы әлеуметтiк-экономикалық даму жайында айтып бердi.

«Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiнiң құрылымында 50 пайыздан астамын өсiмдiк шаруашылығы, одан аз бөлiгiн мал шаруашылығы иеленедi. Үстiмiздегi жылғы 6 айда ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы көлемi 4 млрд. 336 млн. теңгенi құрады, ал нақты өсiм көлемi 2016 жылмен салыстырғанда 105% болды. Ауыл шаруашылығының негiзгi капиталына салынатын инвестиция жыл сайын өсiп келедi», — дедi аудан әкiмi.

Кеңесте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Абдуллаев, индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жеңiс Асанов және жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ринат Елжасов баяндама жасады.

Активпен кездесу қорытындысы бойынша облыс әкiмi ауыл шаруашылығын барынша дамыту және еңбекақыны көбейту қажеттiгiн атап көрсеттi.

«Барлық аудан бойынша еңбекақы сомасы 286 млн. теңге. 142 млн. теңге салық төленген, екеуiн қосқанда 420 млн. теңге. Ал мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына 1 млрд. 285 млн. теңге демеуқаржы берiлген. Алдыңғыдан 3 есе көп. Мемлекет тарапынан осындай көмек көрсетiлiп жатқанда, оны пайдаланып, көп өнiм шығаруымыз керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың жұмыс сапары Уәлиханов ауданында жалғасты. Онда өңiр басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен кездесiп, жұмысшылардың еңбекақысына қызығушылық бiлдiрдi.

Облыс әкiмi «Жодасбай-Агро» ЖШС-нiң егiстiк алқабында ауыл шаруашылығын әртараптандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыспен танысты.

«Биыл 8600 гектарға — бидай, 4000 гектарға — арпа, 3500 гектарға — зығыр, 1200 гектарға — жасымық, 2300 гектарға — күнбағыс, 835 гектарға — рапс , 200 гектарға — жүгерi септiк. 4000 гектарды парға қалдырдық. Биыл 500 тоннадай минералдық тыңайтқыш сiңiрдiк. Үстiмiздегi жылы 16 млн. теңге көлемiнде демеуқаржы алдық. Фермерлiк шаруашылығымызда айлық орташа еңбекақы 109 мың теңгенi құрайды. Бiр мыңға тарта малымыз бар. Одан 356 бұзау алдық. Мал шаруашылығымен 2013 жылдан берi айналысамыз», — дейдi Сүйiндiк Жолдасбаев.

Жұмыс сапары соңында облыс әкiмi Уәлиханов ауданының активiмен және жергiлiктi тұрғындармен кеңес өткiздi. Аудан әкiмi Медет Оспанов әлеуметтiк-экономикалық даму жайын баяндады.

«Аудан экономикасының басты секторларының бiрi — ауыл шаруашылығы. Бiрiншi жартыжылдықта жалпы өнiм көлемi 3 млрд. 452 млн теңгенi құрады, НИК — 107,8 пайыз. Майлы двқылдар алқабы өткен жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға көбейдi. Ауданда 14 ауыл шаруашылығы кооперативi жұмыс iстейдi, оның 13-i — мал шаруашылығы, 1-уi — өсiмдiк щаруашылығы бойынша», — дедi Медет Оспанов.

Аудан әкiмi көркейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тiлге тиек еттi.

«Қазiргi уақытта дене тәрбиесi кешенiнiң құрылысы жүргiзiлiп жптыр. Тапсырылу мерзiмi жоспар бойынша — 1 желтоқсан. Биыл құрылыс бойынша №2 мектеп қалпына келтiрiледi. Қазiргi кезде конкурстық процедура жүргiлуде», — дедi Медет Оспанов.

Кеңестiң соңында Құмар Ақсақалов еңбекақыны көтеру және тұрақты жұмыс орындарын ашу бойынша шаралар жасауды тапсырды.

«Мемлекет тарапынан мол қаржылық көмек көрсетiлiп жатыр. Жұмыс iстеңiздер және адамдарды да, еңбекақы туралы да ойлаңыздар. Тиiстi дәрежеде еңбекақы төлемейтiндердi жауапкершiлiкке тартуға шақырамын. Еңбекақыны көтеру керек. Өзiңнiң ғана емес, еңбеккерлердiң де жақы тұрмыс жағдайын ойлау керек деп есептеймiн», — дедi Құмар Ақсақалов.

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiң жақсы тұрмыс жағдайын ойлауға шақырды

Қаралым саны: 3857
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы