A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов құқықбұзушылықтың алдын алу жөнiндегi комиссияның отырысын өткiздi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов құқықбұзушылықтың алдын алу жөнiндегi комиссияның отырысын өткiздi

СҚО әкiмдiкте өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi.

Кеңес барысында балаларды жыныстық қол сұғуға қарсы қылмыстан тиiмдi қорғау тетiктерiн әзiрлеу бойынша бiлiм беру мекемелерiнiң әлеуметтiк-психологиялық қызметiнiң iс-әрекетi, сол сияқты құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған Тайынша және Ақжар аудандарының жергiлiктi атқарушы органдары қабылдаған шаралар туралы мәселелер қаралды.

Бiрiншi мәселе бойынша Бiлiм басқармасы басшысының орынбасары Күлпаш Қалғожина айтып бердi. Оның сөзiне қарағанда, 2016-2017 оқу жылында жалпы бiлiм беретiн мектептерде 433 психолог және 412 әлеуметтiк педагог жұмыс iстедi.

«Өмiрдiң қиын жағдайында балалар мен жасөспiрiмдерге кешендi көмек көрсету үшiн бiлiм беру мекемелерiнде Әлеуметтiк-психологиялық қызметтер құрылды. Өткен оқу жылында — 243 қызмет. Олардың мамандары өмiрге қауiп төндiретiн жағдайда балаларда қызмет стратегиясын қалыптастыруға бағытталған түсiндiру жұмыстары, қауiпсiз тәртiп дағдысын қалыптастыру бойынша тренингтер өткiздi. Кәмелетке жасы толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс тәуекелiн азайту үшiн бiлiм ұйымдары басшыларының, жергiлiктi полиция қызметкерлерiнiң және жергiлiктi атқарушы органдары өкiлдерiнiң, сол сияқты ата-аналардың қатысуымен балалардың мектепке және одан үйге қайтатын жолдары бойынша тұрақты рейдтер ұйымдастырылды.

Ақпаратты тыңдай келе, өңiр басшысы жеке тәуекел топтарын қалыптастыру арқылы кәмелетке жасы толмағандарға байланысты жасалатын құқықбұзушылыққа егжей-тегжейлi сараптама жасау қажеттiгiн атап айтты.

Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Тайынша ауданындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қолданып жатқан шаралары туралы жиналғандарға селекторлық режимде аудан әкiмiның мiндетiн атқарушы Николай Трифонов айтып бердi.

«Үстiмiздегi жылдың 4 айындағы қылмыстық жағдайға жасалған сараптама өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда Тайынша ауданының аумағында 199-дан 162 қылмысқа дейiн азайғанын көрсеттi. Аудан аумағын қашықтықтан электронды құралдармен қамтуды қамтамасыз ету және оларды iшкi iстер бөлiмiмен жедел басқару орталығы жүйесiн интеграциялау мақсатында Тайынша аудандық iшкi iстер бөлiмiндегi бейнетiркеуге қосылған 21 бейнебақылау камерасы жұмыс iстейдi», — дедi Николай Трифонов.

Ақжар ауданында осы бағытта қалыптасқан жағдай туралы аудан басшысы Серiкбай Тұралинов баяндады.

«Ауданның құқық қорғау және атқарушы органдары жұртшылықпен және тұрғындармен бiрге үйлестiрiлген қызмет арқылы тұрақты түрде алдын алу шараларын өткiзедi. 2017 жылдың өткен кезеңiнде Ақжар ауданының аумағында қылмыстар саны 94-тен 83-ке дейiн азайғаны байқалады. Талау, бопсалау, бұзақылық фактiлерiне жол берiлген жоқ. Ұрлықтың барлық түрiнiң азайғаны байқалады», — дедi Серiкбай Шәрiпұлы.

Тайынша мен Ақжар аудандарының өкiлдерiн тыңдай келе, өңiр басшысы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтудi, сол сияқты жаз уақытында балалардың барынша барынша жұмысбастылығын қамтамасыз етудi тапсырды.

«Ешқайда кетпейтiн балалар шаралармен қамтылуға тиiс. Бәрiнен бұрын спортпен. Оларды барынша жұмысбасты ету керек. Жаз уақытында облыс бойынша бұқаралық спорт жарыстарын өткiзу жайында ұсыныс жасаңдар. Iс жүзiнде екi ауданда құқықбұзушылық азайғанын көрiп отырмыз. Алайда жасалған қылмыстар, құқық бұзушылықтар, яғни жұмыс үшiн әлеует бар екенiн көрсетедi», — деп атап көрсеттi Құмар Ақсақалов.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов құқықбұзушылықтың алдын алу жөнiндегi комиссияның отырысын өткiздi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов құқықбұзушылықтың алдын алу жөнiндегi комиссияның отырысын өткiздi

Мақаланың шыққан күні 07.06.2017
Қаралым саны: 706
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы