A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов есеп берулердi қалыптасқан жағдаймен салыстырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов есеп берулердi қалыптасқан жағдаймен салыстырды

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Есiл ауднында болды. Өңiр басшысы бiрiншi кезекте егiс алқаптарындағы технологиялардың сақталуын тексердi. Аралау бағыты алдын ала жоспарланбағанын айта кеткен жөн. Көктемде наурыз айындағы кездесулерде облыс әкiмi осы жайлы айтқан болатын.

«Маған бағытты дайындамаңдар. Ауданға келгенде, өзiм таңдаймын», — деп ескерткендi Құмар Ақсақалов.

Есiл ауданындағы алғашқы аялдама минералды тыңайтқыштарды белсендi түрде қолданып жатқан «Петровка-Агро» ЖШС-ның егiс алқаптарының бiрi болды.

«Мына жердiң бидайы тыңайтқышсыз сепкен егiннен өзгеше. Минералдық тыңайтқыштың тиiмдiлiгi осында: масағы да, биiктiгi де, сабағының қуаттылығы да өзгеше. Соған сәйкес астық та болуға тиiстi. Тыңайтқыштың 50 пайызын мемлекет өтейдi. Биыл облыс бойынша 2 есе көп тыңайтқыш алдық», — дедi облыс әкiмi.

Есiл ауданындағы Тауағаш ауылында өңiр басшысы сүт қабылдайтын қосынның жұмысымен танысты. «Асылхан» ШҚ-ның жетекшiсi Гүлмира Жаңабекова нысанды мемлекеттiң қолдауы арқасында ашқанын айтып бердi.

«Бiздiң еттi тұқымды 20 қара малымыз бар. Ендi сауын сиырларын алмақ болып, тапсырыс берiп қойдық. Сүт таситын машинамыз бар, сонымен жинаймыз, әзiрше сүт аз болып тұр. Күнiне 250 литрдей ғана. Тайынша ауданына тапсырыс бердiк, әзiрше сүттi Меңгесерге тапсырамыз. Мал үшiн 70 гектарға арпа септiк. Жұмыс iстеп, шаруашылығымызды кеңейткiмiз келедi», — дедi Гүлмира Жаңабекова.

Облыс әкмi осындай жобалар мал шаруашылығын дамытуға оң әсер ететiндiгiн атап айтты.

«Адамдар сiздер сияқты құрал-жабдықтар орнатып, мал шаруашылығымен айналысуы керек. Өйткенi сүтке де, етке де сүраныс бар. Сiздер пайда табу үшiн әрi балаларыңызды ойлап, осы iспен айналысасыздар. Еңбек еткiсi келетiндерге көмектесуге тиiспiз. Биыл осы ауылдан Спасовкаға дейiнгi жолды жөндеу үшiн 40 млн. теңге қаражат бөлдiк», — дедi Құмар Ақсаалов.

Келесi нысанда өңiр басшысы квадракоптердiң көмегiмен аудандағы ауыл шаруашылығы агроқұрылымдарының алқаптарда ауыспалы егiстiктi қалай сақтап жатқандығын және егiстер талаптарға қалай сәйкес келетiндiгiн тексердi.

«Бiзде жермен жұрыс жұмыс iстемейтiндерге заң бойынша салынатын айыппұл бар. Бақылау жасау есебiнен жердi барынша тиiмдi пайдалануға қол жеткiземiз. Мемлекеттiң ондай әрекетi бар, соны пайдалану керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Содан кейiн облыс әкiмi ауданның ең проблемалы елдi мекенi — Спасовка ауылында болды. Онда Құмар Ақсақалов жергiлiктi бастауыш мектептiң жұмысымен танысты.

Оқу мекемесiнiң меңгерушiсi Алена Ткач мектепте 6 бала оқитындығын, шағын орталыққа 5 бала келетiндiгiн айтты. Ауылда 245 адам ғана түтiн түтетiп жатыр. Ең негiзгi себеп — жұмыс болмағандықтан, тұрғындар көшiп кетуде.

«Барлығы осында келген «Явленка-МТС» және «Жанғакли» ЖШС инвесторларына байланысты. Жыл сайын бiр ғана дақыл егедi, көктемде келiп, себедi де, күзде жинап әкетедi. Мұнда ешетеңе iстелiп жатпағанын көрiп отырмыз. Құлдырау. Арам шөп қаптап кеткен. Олар 10 есе көп салық төлеуге тиiстi. Бұл кәсiпорын бүгiн ештеңе төлемейдi, аз-мұз ғана. Еңбекақы — орташа 30 мың теңге. Неге ол мал шаруашылығымен айналыспайды? Сұрау жоқ па? Бұл тақырыпта әңгiмелесетiн боламыз», — дедi өңiр басшысы.

Әрi қарай Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрiшiлердiң есеп беруiнiң нақты жағдаймен сәйкестiгiн тексердi. Мамандар құс ұшатын биiктен «Явленка-МТС» және «Жанғакли» ЖШС-нiң парларының жағдайын зерттедi.

«Бұл пар емес. Бұл — жердi тиiмсiз пайдалану деп бағалануға тиiс. Жоғарыдан егiстiк алқаптар сияқты. Оларды өңдегенi тiптi байқалмайды. Жерге бұлай қарамау керек. Аталмыш ауылдық округ бойынша 21 мың гектар жер пайдаланылуы тиiс. Оның 1800-i ғана парға қалдырылған, 8,6 пайызы ғана, ал ол 20 пайыз болуы керек. Бұлар өздерi жұмыс iстемейдi, адамдарға жұмыс iстетпейдi. Мұндай шаруашылықтармен басқаша сөйлескен жөн», — дедi Құмар Iргебайұлы.

Өңiр басшысы жергiлiктi әкiмдiк мұндай жағдайда өз iсiне ықылассыз аграршыларға шара қолдануы тиiс екендiгiн атап көрсеттi.

Содан кейiн аудандық Мәдениет үйiнде облыс әкiмi активпен және жергiлiктi тұрғындармен кездестi. Бiрiншi кезекте, Есiл ауданының әкiмi Мұратбек Әбiшев әлеуметтiк-экономикалық дамудың қорытындысы жайында баяндады.

Баяндамадан кейiн облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров ауданның қалыптасқан жағдайына сараптама жасады.

«Үстiмiздегi жылдың бiрiншi жартыжылдығында ауыл шаруашылығына құйылған инвестиция 1,2 млрд. теңгенi құрады. Облыс аудандарының iшiнде бұл 11 орын. Аудандағы 280 агроқұрылымның 28-i ғана минаралдық тыңайтқыш себуде. Оның құнының 50 пайызын мемлекет өтесе де, ондай қолдауды тауар өндiрушiлер пайдаланбайды. Бұдан басқа, 250-ден астам шаруашылық топырақтың құнарлылығын арттырумен айналыспайды. Сұрып алмастыру облыс бойынша 5,3 пайыз болса, ауданда ол көрсеткiш — 1,6 пайыз ғана. Облыстың орташа көрсеткiшiнен 3,7 пайызға аз», — дедi Қайрат Омаров.

Индустиялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов өнеркәсiп саласындағы жағдай туралы айтты. Есепке сәйкес бұл мәселеде де көрсеткiштiң төмен екендiгi байқалды.

«Аудан бойынша ауыл шаруашылығында 572 млн. теңге салық төлендi, ал еңбекақы 535 млн. теңгенi құрады. Демеуқаржы түрiнде 1 млрд. 483 млн. теңге көлемiнде көмек көрсетiлдi. Осының өзi мемлекет еңбекақы төлеп қана қоймай, салық та төлеп отырғанын көрсетедi. Шаруашылық осылай жұмыс iстемеуге тиiс. Неге бұлай болып отыр? Себебi — жұмыс жоқ. Ешқандай шара қолданылмайды. Соған бүгiн көзiм жеттi. Бiрiншi жартыжылдықтың қорытындысы бiздi қанағаттандырмайды», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жұмыс сапарының соңында өңiр басшысы барлық бағыт бойынша жұмысты белсендi етудi, бiрiншi кезекте ауыл шаруашылығы саласында, сол сия

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов есеп берулердi қалыптасқан жағдаймен салыстырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов есеп берулердi қалыптасқан жағдаймен салыстырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов есеп берулердi қалыптасқан жағдаймен салыстырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов есеп берулердi қалыптасқан жағдаймен салыстырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов есеп берулердi қалыптасқан жағдаймен салыстырды

Мақаланың шыққан күні 25.07.2017
Қаралым саны: 1028
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы