A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Рузаевка ауылының тұрғындарына: «Жағдай толық қалпына келгенше көмектесетiн боламыз» дедi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Рузаевка ауылының тұрғындарына: «Жағдай толық қалпына келгенше көмектесетiн боламыз» дедi

Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданға жұмыс сапары кезiнде Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов «Азко-Пески» ЖШС алқабындағы пармен жұмыс iстеу барысымен танысты. Өңiр басшысы осы жерде ауданның агроқұрылымдарының басшыларымен кездестi.

Серiктестiк директоры Айдар Жанұзақовтың айтуы бойынша, биыл 7727 гектар алқапқа дақылдар себiлдi.

«Биыл көктемгi науқанды технологиялық мерзiмде атқардық. Дер кезiнде сеуiп шықтық. Қазiр парларды өңдеп жатырмыз. Бiздiң егiстiк алқабымыздың 20%-ы парға қалдырылған, ол шамамен 1,5 мың гектардай. Пар — болашақ астықтың кепiлi. Мұнда 2 кешен жұмыс iстеуде», — дейдi Айдар Жанұзақов.

Өз кезегiнде аудан әкiмi Владимир Дудов ауыспалы егiс, сол сияқты биылғы себу науқаны жайлы айтып бердi. Мысалы, ауданда 4-5-6 танапты ауыспалы егiске басымдық берiлген, ондағы пардың үлесi 10-25%-ды және тұқымауыстырғыш ауыспалы егiстi құрайды.

«Майлы дақылдар туралы айтатын болсақ, өткен жылы 60200 гектарға сепкемiз, биыл оның алқабын 67700 гектарға дейiн ұлғайттық. Ал дәндi дақылдардан қарақұмық алқабын көбейттiк, бұршақ алқабы үш есе өстi, жасымық пен нут көлемi артты. Тұқым ауыстыру бойынша суперэлита көлемi көбейдi. Бiз элиталық тұқым себу көлемiн өсiрiп отырмыз, бiрiншi шығымдылықты тұқым көлемi азайғанмен, оның орнына екiншi шығымдылықты тұқымдар еселендi. Биыл жаппай репродукиялауды нөлге жеткiзудiң сәтi түстi. Үстiмiздегi жылы 8300 тонна минералды тыңайтқышқа келiсiм жасауды аяқтадық. Химикаттармен қамтамасыз етiлудi айтатын болсақ, таяу уақытта егiстiк алқаптарды өңдеуге кiрiсемiз, оған техникамыз сақадай сай», — дедi Владимир Дудов.

Агроқұрылым басшыларымен әңгiмелескен Құмар Ақсақалов топырақты өңдеу кезiнде технологияларды сақтау, кәсiби бiлiктiлiктi жетiлдiру, еңбек өнiмдiлiгi мен қызметкерлердiң еңбекақысын арттыру қажеттiгiне назар аударды. Бұдан басқа, өңiр басшысы фирма басшыларымен алдағы уақытта ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту мәселесiн талқылады.

«Техника сатып алуға облыстан көп қаражат жұмсалады. Бiз техникаларды қомақты қаржыға сатып аламыз, өз мүмкiндiгiмiз бола тұрса да, ақшамыз шетелдерге, басқа мемлекеттерге кетедi. Бiздiң мiндетiмiз — сiздердiң арзан және сапалы техникаларды сатып алуларыңызға жағдай жасау. Қандай комбайндар, қандай тракторлар шығаратынымызды бiр жүйеге келтiруiмiз керек. Қандай компаниялармен жұмыс iстейтiнiмiздi, қандай техникалар жинайтынымызды анықтап алғанымыз жөн», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi мал шаруашылығын дамыту кажеттiгiне де тоқталды.

«Бiзде жұмыссыз отырған адамдар өте көп. Мал шаруашылығымен айналысу керек. Бүгiн бiздiң зор әлеуетiмiз бар. Сүт өндiрiсi жақсы жолға қойылса — пайдалы. Оған сұраныс мол, сүт жетiспейдi. Қазiр себу науқаны аяқталды, мал шаруашылығымен айналысыңыздар», — дедi Құмар Ақсақалов.

Ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бiрiн дамыту туралы әңгiме Возвышен ауылдық округiнде жалғасты. Өңiр басшысы онда мал шаруашылығымен айналысатын компаниялардың басшыларымен кездестi. Кездесу кезiнде «Возвышенка СК» ЖШС-нiң директоры Әбдiрақым Нұқаев өз тәжiрибесiмен бөлiстi. Серiктестiк егiн егумен және мал шаруашылығымен айналысады. «Абердин-ангус» тұқымды қара малдың саны 1285-ке жеткен. Шаруашылықтағы қызметкерлердiң орташа айлық еңбекақысы 4 айдың қорытындысы бойынша — 108 мың теңге.

« Барлық дақылдарды дұрыс орналастырған жағдайда — ауыл шаруашылығы пайдалы болуға тиiс. Сiздердiң бай адам болғандарыңызға бiз мүдделiмiз. Бұл — мемлекеттiң саясаты. Жұмыс iстейтiн, байлықты жасайтын адамдардың жағдайы ойластырылған. Дақылдармен жұмыс iстеп, шығымдылықты арттыру қажет. Жер мемлекеттiкi, сiздерге жердi пайдалану құқығы берiлген. Бұл құқық дұрыс пайдаланылмаса, мемлекет жер неге дұрыс пайдаланылмай жатыр деп сұрауға құқылы. Өйткенi одан халық зардап шегедi, дұрыс жалақы ала алмайды, мемлекетке салық аз түседi. Барлық үрдiстердi дұрыс басқару үшiн, әлеует сiздердiң басшылықтарыңызда Мемлекет жақсы болуларыңыз үшiн барлық мүмкiндiктi жасауда — демеуқаржыландырады және тағы басқалары», — дедi Құмар Iргебайұлы.

Бұдан басқа, облыс әкiмi әлеуметтiк жауапкершiлiктi арттыру қажеттiгiне бизнес өкiлдерiнiң назарын аударды. Атап айтқанда, ауылдарды абаттандыруды дамытуға, бiрiншi кезекте, жастардың көңiл көтеруi үшiн жағдай жасауға.

Сапар барысында өңiр басшысы Рузаевка ауылына соғып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездестi. Аудан әкiмi Владимир Дудов келтiрiлген шығынға қарамастан 119 отбасыға 96 мың теңгеден берiлгенiн айтты.

«Көмекке келген тұрмыстық техниканы депутаттар корпусы бөлдi. Көпбалалы отбасыларға бiрiншi кезекте тұрмыстық техника берiлдi. Туындаған басқа мәселелердi жергiлiктi жерде қарастырып, шешiп жатырмыз», — дедi аудан басшысы.

Жекелеген тұрғындарда қажеттi құжаттар болмағанына қарамастан, барлық төлемдер ең қысқа мерзiмде берiлген. Бұзылған 10 үйдiң иелерiне баспана сатып әперiлiптi

«Бiз әлi әртүрлi жағдаймен көмектесетiн боламыз. Ақша мен үй алғандарыңыз — жұмыстың аяқталғанын бiлдiрмейдi. Тұтастай алғанда облыста әлi жағдай толық тұрақталғанша, бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Кеше осы жағдайды Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елiмiздiң Үкiметiнде қарады. Себебiн iздедi. Бiз де себебiн бiлемiз — 1,5-2 есе көп қар жауды, қар ерiп үлгермедi, оның үстiне Сергеев су қоймасына нормадан 1,5 есе көп су келдi, Осы жағдайлар орын алмас үшiн, Сергеев су қоймасына мөлшерден көп су келмес үшiн, Ақмола облысында тағы бiр су қоймасын салу жөнiнде ұсыныс жасадық. Қазiр Президенттiң тапсырмасы бойынша бұл мәселе қаралып, шешiледi деп ойлаймыз. Петропавлдағы Былғары зауыты аумағында ұзындығы 2,5 шақырымдай бөгет тұрғызатын боламыз. Онда да адамдармен жұмысты жалғастырамыз. Олардың көп бөлiгiне өтемақы берiлдi, бiрақ ол жұмыстың аяқталғанын бiлдiрмейдi. Сiздер бәрi тұрақталды дегендерiңiзше, бiз дамыл таппайтын боламыз», — дедi өңiр басшысы.

Мол су келгеннен кейiн баспаналы болғандардың iшiнде Василий Михайлович пен Любовь Афанасьевна Соколовтардың отбасы да бар.

«Басшыларға көрсеткен көмектерi үшiн алғыс айтамыз. Басымыз баспаналы болды, оны жайластырып, өмiр сүрудi жалғастыратын үйiмiз бар. Бәрi жақсы. Үш бөлмелi пәтер мүлдем тар емес. Бұрынғымыз да сондай едi. Бiз өте ризамыз», — дедi БАҚ өкiлдерiне сұқбат берген Любовь Соколова.

Рузаевка ауылында үйлерi шамалы зардап шеккен тұрғындарға жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн, материалдық көмек көрсетiлгенiн атап айту қажет.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Рузаевка ауылының тұрғындарына: «Жағдай толық қалпына келгенше көмектесетiн боламыз» дедi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Рузаевка ауылының тұрғындарына: «Жағдай толық қалпына келгенше көмектесетiн боламыз» дедi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Рузаевка ауылының тұрғындарына: «Жағдай толық қалпына келгенше көмектесетiн боламыз» дедi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Рузаевка ауылының тұрғындарына: «Жағдай толық қалпына келгенше көмектесетiн боламыз» дедi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Рузаевка ауылының тұрғындарына: «Жағдай толық қалпына келгенше көмектесетiн боламыз» дедi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Рузаевка ауылының тұрғындарына: «Жағдай толық қалпына келгенше көмектесетiн боламыз» дедi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Рузаевка ауылының тұрғындарына: «Жағдай толық қалпына келгенше көмектесетiн боламыз» дедi

Мақаланың шыққан күні 06.06.2017
Қаралым саны: 970
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы