A- A A+
СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

Мақаланың шыққан күні 28.07.2017

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Айыртау және Ғ. Мүсiрепов атындағы аудандарда болды.

Жоспарланбаған бағыт барысында Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Червонное ауылына ең бiрiншi ат басын тiредi. Мұнда «Червонное-Агро» агроқұрылымы картоп, қырыққабат, сарымсақ және жасыл бұрыш өсiрумен айналысады.

«Бүгiнгi күнi өңiрiмiзде оңтүстiк облыстардың көкөнiсiне тәуелдiлiк бар. Бiздiң жерiмiзде барлығы жақсы өсетiндiктен, ондай тәуелдiлiктен арылуымыз керек. Көкөнiс те соның iшiнде. Ол үшiн бiзде барлық резерв бар. Баға бойынша бiз өтпелiмiз, су қоры жеткiлiктi. Басты байлығымыз құнарлы топырақ. Аумағымыз үлкен болғандықтан, көкөнiстi бұлай аз өсiрмей, кемiнде екi есе көп егуге тиiспiз. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындары, қосалқы шаруашылықтар еккеннiң барлығын сатып алуымыз қажет. Өндiрiлген өнiмнiң барлығын өткiзе алатындығын ауылдықтар бiлуi керек. Мiне сондай тетiк. Өзiмiзде экологиялық таза өнiм өндiрiлетiндiгiнадамдарға көрсетуiмiз қажет. Әрбiр ауылда бақша болуы қажет. Бiздiң ауылдарымыз сумен қамтамасыз етiлген, тоғандар, су қоймалары бар. Халқымыз еңбекқор. Президентiмiз айтқандай, сатып алу жүйесi құрылуы тиiс. Адамдар ет, сүт, көкөнiс өсiруi керек. Мемлекет соған орай сатып алу және өткiзу тетiгiн жасауы керек», — деп атап көрсеттi облыс әкiмi.

Бұдан басқа, Құмар Ақсақалов фельдшерлiк амбулаторияның жұмысымен және материалдық-техникалық жарақтануымен танысты.

Содан кейiн облыс әкiмi «Червонное-Агро»ЖШС-нiң егiн алқабын қарады. Аралау кезiнде егiн алқаптарының ауруға шалдығу жағдайын атап айтты.

«Септориоз — бiздiң қаупiмiз. Бiрақ оны емдеуге болады. Сол үшiн мемлекет қаражат бөледi. Мына жер көптен берi демалмағаны көрiнiп тұр. Сондықтан ол тиiстi дәрежеде астық бермейдi. Содан еңбектiң төмен өнiмдiлiгi мен аз еңбекақы туындайды. Бiзге бұлай жұмыс iстеуге болмайды. Бұл бай жер. Қыс бойы компанияның жұмысын сараптайтын боламыз. Барлық минус пен плюстi көсетуге үйренуiмiз керек. Жерге бұлай қарамау қажет. Өз жұмысын дұрыс орындамайтынды жауапқа тарту керек. Мына жер гектарына 20-25 центнерден өнiм бере алатындай. Бiрақ жер тиiмсiз пайдаланылып отыр. Соған сәйкес кiрiс, еңбек өнiмдiлiгi, рентабельдiлiк азаяды», — дедi облыс әкiмi.

Жұмыс сапарының соңында Новоишимка ауылында аудан активiмен кездесу өттi. Аудан әкiмi Владимир Дудов бiрiншi жартыжылдықтағы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы жағдайын баяндады.

«Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы өнiмi 6,5% өсiммен 4,5 млрд. теңгенi құрады және облыс бойынша үшiншi орын алады. Ауданда еңбек өнiмдiлiгiне көп көңiл бөлiнедi. Бiзде көп резерв бар. Соңғы кезде ауыл шаруашылығына инвестицияның өскенi байқалады. Өнiм көлемiн арттыру үшiн алқаптарды әртараптандыру жүргiзiлуде», — дедi Владимир Дудов.

Содан кейiн Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров пен Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басшысы Сергей Яковенко баяндама жасады.

Қайрат Омаров ауданда сүт өндiру өскендiгiн атап айтты.

«Жартыжылдықта сүт өндiру 6% өсiммен 20,2 мың тонна болды. Соған қарамастан өсiм резервi бар. Өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда өсiм 13,2%-ды құрады. Iрi қара мал саны 41,8 мың. 300 шаруашылықтың 56-сы ғана мал шаруашылығымен айналысады. Жер телiмдерi көп үлкен шаруашылықтар бар, бiрақ олар мал шаруашылығымен айналыспайды. Мысалы: «Атамекен Агро-Целинный» (егiс алқабы 39,9 мың га), «Дружба» ЖШС (24,9 мың га), «Содружество» ЖШС (22 мың гектар) сияқтылар.

Қайрат Омаровтың айтуынша, 300 агроқұрылымның 20-сы ғана минералды тыңайтқыш сiңiрумен айналысуда

Сергей Яковенко ауыл шаруашылығы кәсiпорындарындағы еңбекақының төмендiгiн алға тартты.

«Үстiмiздегi жылғы 1 шiлдеден бастап аудан бойынша жұмыспен қамтылған тұрғындар саны азайды. Ол көшi-қонға байланысты болып отыр. 188 адам кеткен. Ауыл тұрғындарының көшуiнiң басты себебi жекелеген кәсiпорындардағы еңбекақы көлемiнiң төмендiгi. Тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша тиiмдi жұмыс жүргiзiлмейдi. Мысалы, «Дружба» ЖШС-дағы орташа еңбекақы 34182 теңге, ал «Краснознаменское-2» ЖШС-да 32 183 теңге», — дедi Сергей Яковенко.

Кездесу қорытындысы бойынша өңiр басшысы ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi және жұмыспен қамту бойынша тиiмдi жұмыс жүргiзудi тапсырды.

Айыртау ауданында баратын нысан үшiн Казан ауылдық округi таңдап алынды.

Өңiр басшысы шаруа қожалықтарының басшыларынан пар қалай ұсталатындығын, ауыспалы егiс қалай сақталатындығын, мал шаруашылығы туралы, сол сияқты бiрiншi жартыжылдықтағы еңбекақы жайында сұрап, бiлдi.

«Қазiр активтер өткiзiп, орташа еңбекақы 30,35,40 мың теңгенi құрайтын басшыларды тұрғызамыз», — дедi СҚО әкiмi.

Агроқұрылым басшыларымен кездесуден кейiн, Құмар Ақсақалов «Ботай» археологиялық ескерткiшiне барды.

«Барлық жылдар iшiнде 300 мың зат табылды, 160-тан астам тұрақ қазылды. Ботайды зерттегенге дейiн, қазақтар және басқа түрiк этностары түрiктiң саяси жүйесiмен байланысады деп келдiк. Алайда қазба жұмыстары қазақ этносы Ботайдан да көне дәуiрге жататындығын көрсетуде», — дедi жоба жетекшiсi, археология профессоры Виктор Зайберт.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоныс аумағында ашық аспан астында мұражай ашпақпыз, қазiр бiз сол үшiн жұмыс iстеп жатырмыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Содан кейiн облыс әкiмi «Кирилловка-Айыртау» ЖШС-нiң егiстiк алқабын аралады.

«Шығымы жақсы, барлық процестер қалыпты. Мұндай технологиямен келiсемiз. Бiз қазiр алқаптарды аралап жүрмiз. Жақсы, жауапкершiлiктi шаруашылықтар да, жауапсыздары да бар. Қазiр әрбiр ауылдық округтiң әкiмi қалыптасқан жағдайға әсер етiп, қажеттi шараларды қолдануы керек», — дедi өңiр басшысы.

«Бiздiң ЖШС-да 14 мың гектар алқап бар. 10 мың гектарға бидай, 2,5 мыңына арпа, 400 гектарға рапс, 400 гектарға жасымық ектiк. Жинау науқанына әзiрленiп жатырмыз. Еңбекақыны ай сайын төлеймiз, проблема туындамайды», — дедi ЖШС директоры Владимир Казаркин.

Аралау барысында өңiр басшысы Шалқар көлiнiң жағасындағы «Ардагер» демалыс аумағының жұмысымен танысты.

«Демалыс базасының сыйымдылығы 80 орын. База негiзiнен демалыс күндерi, сенбiден жексенбiге дейiн толады. Бiр адамның орны 2-ден 2,5 мың теңгеге дейiн. Базада демалатын 20 үйшiк бар. Негiзiнен демалуға Қостанай, Ақмола, Ресейдiң көршi облыстары мен Астанадан келедi», — дейдi «Құсайынов» ЖК директоры Азамат Құсайынов.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың Айыртау ауданы тұрғындарымен кездесуi кезiнде аудан әкiмi Ағзам Тастемiров бiрiншi жартыжылдықтағы даму туралы баяндады.

«Есептi кезеңде ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы көлемi 6,4 млрд. теңгенi немесе 100,7 пайызды құрады. Майлы дақылдар алқабы 20 мың гектарға, жасымық — 13 мыңға, жемазық алқабы 1700 гектарға көбейдi. Жыртылған жердiң ауыспалы егiсi 77,8 пайыз болды. 54 мың гектарға минералды тыңайтқыш сiңiрiлдi. Сүт пен еттiң сатып алу бағасына байланысты биыл мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалды. 400 басқа арналған сүт кешенi, 100 басқа арналған мал фермасы, 400 басқа арналған репродукторлы шаруашылық құру жоспарлануда. Сүт сатып алу бойынша 3 ауылдық өндiрiстiк кооператив құрылды», — дедi Ағзам Тастемiров.

Бұдан басқа кездесуде Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров, Кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарова мен Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басшысы Сергей Яковенко сөйледi.

Құралай Жарова Айыртау ауданында туризмдi дамытуды резервi туралы әңгiмеледi

«Айыртау ауданы туризмдi датытуда зор әлеуетке ие. Шалқар көлiндегi 24 демалыс аймағының 4 жер учаскесi бос тұр. Туристердi тарту үшiн көрсейтiлуi, санитарлық жағдайы мен демалыс орындарының материалдық-техникалық базасы зор рөл атқарады. Алайда көптеген нысандар жайлы болудан заманауи талаптарға жауап бермейдi. Оларда орналасу бойынша ғана қызмет көрсетiледi, шағын инфрақұрылым, монша, душ, қосымша гигиена жағдайлары, ойын-сауық қызметтерi жоқ. «БЖК-2020» бағдарламасы жұмыс iстегеннен берi сомасы 9 млн. теңгеге бiр ғана нысанға электр қуаты тартылды. Осы бағдарлама аясында ұңғымаларды абаттандыруға, демалыс үйлерiне су тартуға, душ орнатуға болады ғой», — дедi Кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы.

Өз кезегiнде Құмар Ақсақалов: «Бiз бiр ғана демалыс орнын араладық, соның өзi көңiлiмiздi қалдырды. Онда бүгiн толық антисанитария орын алған. Бұл мәселе шешiлер емес. Егер кәсiпкерде заманауи талаптарға жауап беретiн даму және қызмет көрсету мүмкiндiгi болмаса, онда демалыс базасын ұстап керегi не?Басқа өңiрлерден қонақтар келедi, оларда бiз туралы қандай пiкiр қалыптасады? Бiздiң жұмысымыз туризмдi дамыту үшiн барлық жағдайды жасауға бағытталған», — дедi.

Кездесудiң соңында өңiр басшысы ауыл шаруашылығында еңбекақыны өсiрудi, жұмыспен қамтылған адамдар санын көбейтудi және туризмдi дамыту бойынша жұмысты белсендi етудi тапсырды.

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

СҚО әкiмi ауылдықтардың еңбекақысын 20%-ға көтерудi тапсырды

Қаралым саны: 1801
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы