A- A A+
СҚО әкiмi «Нұр Отан» партиясы филиалы саяси кеңесi бюросының отырысын өткiздi

Мақаланың шыққан күні 08.08.2017

СҚО әкiмi «Нұр Отан» партиясы филиалы саяси кеңесi бюросының отырысын өткiздi

Петропавлда өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Солтүстiка Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесi бюросының отырысы өттi.

Отырыс барысында Бiлiм берудi дамыту мемлекеттiк бағдарламасын, Мамлют және Қызылжар аудандарының жобаларын жүзеге асыру, партияның «Қазақстан-2021. Бiрлiк.Тұрақтылық.Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша партия кураторлары жұмысының қорытындысы мәселелерi қаралды.

Бiрiншi мәселе бойынша «Бiлiм» бағыты бойынша комиссияның басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Ғафура Бөстекова және СҚО бiлiм басқармасының басшысы Гүлмира Кәрiмова сөз сөйледi.

«Өңiрде 3 ауысымда оқыту мәселесi толығымен шешiлдi және апатты мектептер жоқ. Педагогтардың сапалық құрамы көрсеткiшке сәйкес келедi. Педагог қызметкерлер жасарып келедi, педагог мамандарының түлектерi «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа келуде. Алайда, 1 тамыздағы сараптама бойынша 253 педагог мамандардың бос орны бар. Ең көп санды мынандай мамандықтар иеленедi: математика мұғалiмi — 47 адам, ағылшын тiлi — 39 адам, орыс тiлi — 35 адам», — дедi Ғафура Сабырқызы.

«Сiздер осы салаға жауап беретiн бiлiм беру жұмысына сраптама жасауға тиiссiздер. Орындады ма немесе орындамады ма? Орындамаса, соны айту керек, орындаса, жақсы деуге тиiспiз. Қоғамдық ұйымның көзқарасымен, ата-аналардың пiкiрi тарапынан 100% шынайылықпен сараптама жасау керек. Тiлегiмiздi нақты iстей көрсетпеуге тиiспiз», — дедi баяндамашыға Құмар Ақсақалов.

«Бiздiң өңiрдiң өзiне тән ерекшелiгi — шағынжиынтықты мектептер, оқу орындарында оқушылар саны аз. Аудандарда үшқабатты оқу мекемелерiнiң жартылай бос екенiн көрiп отырмыз. Сыныптардың толықтырылуы толық емес. Осы жағдай көптеген аудандарымызға тән», — дедi Ғафура Бөстекова.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов аудандардағы оқу орындары шағынжиынтықтығына қарамастан, балаларға лайықты және сапалы бiлiм беру керектiгiн атап айтты.

«Оларда балалар бар, 6-8 бала бар, олар сапалы бiлiм алу үшiн оқыту керек. Ол қалай шешiлiп жатқандығын, сiз бiзге сараптап берiңiз. Аудандарға мен де бардым, басқа өңiрлерде де болдым, әртүрлi жағдайларды көрiп жүрмiн. Кейбiреулерi осындай санмен-ақ ҰБТ-да және аралық емтихандарда жоғары нәтижелер көрсетiп жүр. Сондықтан сiз маман, куратор ретiнде қалыптасқан жағдайға сараптама жасап берiңiз. Осындай жағдай бiзде ғана емес, басқа өңiрлерде де бар», — Құмар Ақсақалов.

Одан әрi СҚО бiлiм басқармасының басшысы Гүлмира Кәрiмова баяндады.

«2016-2017 оқу жылында жаңартылған бағдарлама бойынша 1 сыныпты 8404 бала аяқтады.1 қыркүйектен бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 30058 бала оқиды. «Жақсы» және «өте жақсы» үлгерiмдегi оқушылар деңгейi жоспарда 62 болса, iс жүзiнде 63,4 пайызбен осы көрсеткiш орындалуда. Бiлiм беру жүйесiнде 15846 педагог қызметкерлер жұмыс iстейдi, олардың 53%-ы жоғары, бiрiншi санаттағылар. Жалпы педагогтар санындағы жас педагогтардың үлесi 3,8%-ды құрайды. Биыл облыс мектептерiне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 350 жас маман келдi», — дедi Гүлмира Кәрiмова.

«Сiз слайд арқалы жоғары, бiрiншi санат иеленетiн мұғалiмдер санының жоғары көрсеткiшiн көрсеттiңiз. Одан кейiн жақсы нәтиже көрсеткен балалардың жоғары үлесiн айттыңыз. Осылай үзiп көрсеткенде, жақсы жағдай қалыптасқандай әсер етедi. Бiрақ бiлiм деңгейiне сипаттама беретiән бiр көрсеткiш бар. Мысалы, ҰБТ-дағы төменгi көрсеткiш. Бiзден Атырау облысы ғана төмен тұр. Үлкен командамен 2 апта бойы барлық аудандарды араладық. Сол кезде әлеуметтiк сала нысандарына — мемктептерге, медицина мекемелерiне, мәдениет орындарына, спортқа, стадиондарға назар аудардық. Сонда әртүрлi картиналарды — инвесторлардың келiп, ештеңе iстемейтiндiгiн, барлық жер үлестерiн алып, банкке салып, технологиямен айналыспай, жұмысшыларға еңбекақы төлемейтiндiгiн көрдiк. Осындай фактiлер де бар. Сондықтан адамдар бiзден көмек сұрайды. Сондықтан бiз бiр-бiрiмен байланысты кәсiпкерлер, инвесторлар қалай жұмыс iстейтiндiгiн және қанша жұмыс орнын ашатындығын, адамдар тағдырына қалай жауапкершiлiкпен қарайтынын бақылауға тиiспiз. Барлық партия ұйымдары жұмыс iстеп, тәртiпке келтiруге тиiс деп ойлаймын. Кәсiпкерлер өз елiне, ауылға, өз ауданына көмектесуге тиiс. Аудандардағы әрiптестер де осы жұмысқа қосылуға тиiс деп есептеймiн», — дедi облыс әкiмi.

Екiншi мәселе бойынша Мамлют ауданының әкiмi Ерболат Бекшенов пен Қызылжар аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Данияр Әбутәлiп сөйледi.

Үстiмiздегi жылңы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында «Бала қабылдайтын отбасы» жаңа бағдарламасы енгiзiлдi. Оларға 4-тен 10 балаға дейiн берiлуi мүмкiн. 2017 жылдың ақпан айында аталмыш бағдарламаға облыста бiрiншi болып Мамлют ауданының Искра ауылында тұратын Кустовтар мен Марочкиндер отбасы балалар үйiнен қамқорлыққа 8 жетiм бала алып, үн қосты. Аталмыш отбасылар бақылауға алынған, жәрдемақы дер кезiнде берiледi», — дедi Ерболат Бекшенов.

«Мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн « кедергiсiз аймақ» құру бағдарламасы бойынша» ауданда 135 нысан төлқұжаттандырылған. 2016 жылы 56 нысанды бейiмдеу қажет болса, соның 20-сы бейiмдiлдi, 36-сы iшiнара бейiмделдi. 2017 жылға 37 нысанды бейiмдеу жоспарланған соның 9-ы бейiмделдi, 28-i iшiнара бейiмделдi», — дедi Данияр Әбутәлiп.

Баяндамаларды тыңдай келе, өңiр басшысы өткiзiлген шаралардың статистикасы емес, нәтижесi көрiнуi керектiгiн атап айтты.

«Сiздердiң қызметтерiңiзден нақты және түсiнiктi нәтиже көрiнуi керек. Сiздер шара өткiзсеңiздер жастар арасында жағдайдың жақсарғаны туралы индикатор болуы керек. Осыны iстедiк, көңiл-күйдi жақсарттық деп дәлелдеңiздершi. Бiздi өткiзген шаралар қызықтырмайды, бiзге сапа қажет. Бiзде барлығына, ненi шешкенiмiзне бақылау болуы керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Партияның «Қазақстан-2021. Бiрлiк.Тұрақтылық.Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша партия кураторлары жұмысының қорытындысы туралы СҚОФ төрағасының бiрiншi орынбасары Артур Молдағұлов айтып бердi. Ол партия кураторларының 2016 жылғы және 2017 жылдың 6 айының қорытындысы туралы байндады.

Мысалы, «Тұрғындардың әлеуметтiк-әлжуаз топтарын жұмыспен қолдау» комиссиясы 5 отырыс өткiзiп 19 ұсыныс әзiрлеп, барлығын да орындаған. 2017 жылы 3 отырыс өткiзiп, 4 ұсыныс дайындаған, әзiршi олар орындалған жоқ. «Жоғары технологияларды дамыту» комиссиясы 2016 жылы 2 отырыс өткiзiп, әзiрлеген 7 ұсынысты толығымен орындаған. 2017 жылы 3 отырыс өткiзiп, 6 ұсыныс әзiрлеген, олардың барлығы да орындалған», — дедi Артур Молдағұлов.

Сол сияқты Артур Молдағұлов партия кураторларының жұмысы БАҚ-тар мен әлеуметтiк желiлерде көрсетiлмейтiндiгiн, азаматтарды тақырыптық қабылдау өткiзiлмейтiндiгiн, сол сияқты ұсыныстар формальды мазмұнда екендiгiн тiлге тиек еттi.

СҚО әкiмi «Нұр Отан» партиясы филиалы саяси кеңесi бюросының отырысын өткiздi

СҚО әкiмi «Нұр Отан» партиясы филиалы саяси кеңесi бюросының отырысын өткiздi

Қаралым саны: 2564
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы