A- A A+
СҚО әкiмi Азия ойындарының жеңiмпазы Данияр Каленовке пәтердiң кiлтiн табыс еттi

Мақаланың шыққан күні 12.10.2017

СҚО әкiмi Азия ойындарының жеңiмпазы Данияр Каленовке пәтердiң кiлтiн табыс еттi

Петропавлдағы спорт сарайында Ашхабадта өткен V Азия ойындарының жүлдегерлерiн марапаттау рәсiмi өттi. Бұл спорт додасында Қазақстанның атынан спорттың 17 түрi бойынша 113 спортшы сынға түстi. Солтүстiкқазақстандық спортшылар да ерледi. Үш бiрдей жерлесiмiз жеңiс тұғырына көтерiлдi. Греко-рим күресiнiң шеберi Данияр Каленов алтыннан алқа тағынды. Велотрекшi Артем Захаров та жеңiмпаз атанып, омниумда күмiс жүлденi еншiледi. 400 метрге жүгiрген жеңiл атлетшi Михаил Литвин қоржынына қола жүлденi байлады. Жеңiмпаздарды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады. Өңiр басшысы облыста спорт саласына көрсетiлген қолдау, құйылған қаржының арқасында спортшыларымыз әлемдiк деңгейде сәттi өнер көрсетiп жүргенiн атап өттi.

«Бүгiнгi таңда спорт пен салауатты өмiр салты ел өмiрiнде үлкен маңызға ие. Спорт бүкiл ұлтты бiрiктiретiн, елге деген сүйiспеншiлiктi қалыптастыратын күш болып табылады. Облысымызда спорт саласына үлкен көңiл бөлiнедi. Бюджеттен қомақты қаржы бөлiнiп, спорт нысандарды салынуда. Бiздiң спортшылар әлемдiк деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткiзiп жүр», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Елбасының тапсырмасына сай, бүгiнгi таңда облыста салауатты өмiр салтын ұстанатын тұрғындардың саны 30 пайызға жеттi. Өңiрде 170 832 адам спортпен шұғылданады. Спортпен айналысу үшiн 2 854 спорт нысаны жұмыс iстейдi.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов марапаттау рәсiмiн өткiздi. Жоғары спорттық нәтиже көрсеткенi үшiн облыс әкiмiнiң құрмет грамотасымен Данияр Каленов, Артем Захаров және Михаил Литвин марапатталды. Құмар Ақсақалов Данияр Каленовке пәтердiң кiлтiн табыс еттi. Артем Захаров 1 миллион теңге, ал Михаил Литвин 500 мың теңге көлемiнде ақшалай сыйлыққа ие болды. Спортшылардың бапкерлерi де қошаметке бөлендi. Конысбек Түкенов, Владимир Волошин және Александр Окованцев облыс әкiмiнiң алғыс хатымен марапатталды. Өңiр басшысы Конысбек Түкенов пен Владимир Волошинге 500 мың теңге көлемiнде ақшалай сыйлық табыстаса, Александр Окованцев 250 мың теңгеге ие болды.

СҚО әкiмi Азия ойындарының жеңiмпазы Данияр Каленовке пәтердiң кiлтiн табыс еттi

СҚО әкiмi Азия ойындарының жеңiмпазы Данияр Каленовке пәтердiң кiлтiн табыс еттi

Қаралым саны: 802
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы