A- A A+
СҚО әкiмдiгi мен «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» арасында меморандум жасалды

Мақаланың шыққан күні 03.10.2017

СҚО әкiмдiгi мен «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» арасында меморандум жасалды

Өңiрiмiзге ақпараттық жұмыс жүргiзу мақсатында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» Басқарма төрағасы Нұрбибi Наурызбаева мен Өңiрлiк желiнi дамыту және қамту департаментiнiң директоры Мамила Мұсабекова келдi. Зейнетақы қорының өкiлдерiмен облыс әкiмi Құмар Ақсақалов кездестi. Кездесудi ашқан өңiр басшысы зейнетақы жүйесiн жаңғырту процесi үлкен маңызға ие екенiн атап өттi.

«Елбасының тапсырмасы бойынша елiмiзде зейнетақы жүйесiн реформалау жүргiзiлуде. Әлемдiк стандартқа сай зейнетақы жүйесi — заман талабы. Елiмiздiң әр азаматы зейнетақы қорындағы тың өзгерiстердi бiлгiсi келедi. Бүгiнгi кездесуде зейнетақы жүйесiнiң дамуын жан-жақты талқылаймыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жиында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» Басқарма төрағасы Нұрбибi Наурызбаева сөз алды. Басқарма төрағасының айтуынша, СҚО-да 332 мың шот ашылған. Шоттарда жалпы сомасы 190 млрд теңге қаржы жиналған. Әр салымшыда орта есеппен 578 мың теңге жинақталған, бұл республикалық көрсеткiштен 26 пайызға төмен.

Кездесу соңында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» мен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi арасында ынтымақтастық пен әрiптестiк туралы меморандумға қол қойылды.

«Бүгiн бiз зейнетақы жүйесiн жаңғыртуға қатысты өзектi мәселелердi талқыладық. Бұл өзгерiстер жаңа әлеуметтiк саясаттың заңды жалғасы. Жаңа реформалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Азаматтарды лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету — мемлекеттiң басты мiндетi», — деп жиынды қорытындылады облыс әкiмi.

СҚО әкiмдiгi мен «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» арасында меморандум жасалды

СҚО әкiмдiгi мен «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» арасында меморандум жасалды

Қаралым саны: 1926
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
25%
Денсаулық сақтау - 51
23%
Мәдениет - 19
8%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы