A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Солтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнде өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте көктемгi әскерге шақыру науқанын өткiзу және 2017 жылдың 4 айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамудың қорытындысы мәселелерi қаралды.

Бiрiншi мәселе бойынша облыстық қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттiң бастығы Еркiнбек Байболов баяндады. Оның сөзiне қарағанда көктемгi шақырудың наряды 696 адамды құрайды.

«Команданы қалыптастыру алдын ала зерттеу қорытындысы бойынша әскери бөлiм өкiлдерiмен облыстық жиналу қосынында жүргiзiледi. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды азаматтар психологиялық тестiлеуден өтедi және командаларға iрiктеледi. Бүгiнге дейiн әскерге 396 адам жөнелтiлдi. Олардың 127-сi — ҰҚБ-нiң шекара қызметiне, 253-i — Қарулы күштерге, 16-сы — мемлекеттiк күзет қызметiне», — дедi департамент бастығы.

Биылғы жылдың мамыр және маусым айларында Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясына саны 242 адамдық команданы жинақтау бойынша жұмыс жүргiзiледi. Баяндаманы тыңдай келе, өңiр басшысы аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдерiне шақыру науқанын жеке бақылауларына алуды тапсырды.

Екiншi мәселе бойынша жиналғандарға СҚО статистика департаментiнiң басшысы Марал Нұржаупова ақпарат бердi. Жедел статистикалық мәлiмет бойынша, биылғы жылдың қаңтар-сәуiр айларында облыс республиканың 16 өңiрi iшiнде сауда мен инвестицияның өсу қарқыны жөнiнен 2-орын, өнеркәсiп көлемiнiң өсуiнен — 4-орын, тұрғын үйлердi пайдалануға беруден — 5-орын алды.

«Өнеркәсiпте 70 млрд. теңгенiң өнiмi шығарылды, ол республикадағы 4-орынға сәйкес келедi. Азық-түлiк тағамдарының өндiрiсi 14,3 пайызға өстi, оның iшiнде нақты салмақта ұн өндiру 37,7 пайызға артты, макарон — 35,6%-ға, ұзақ сақталатын кондитерлiк бұйымдар — 12,8%-ға, сүт өнiмдерi — 4,1%-ға. Жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру киiм тiгу есебiнен екi есе өстi. Контейнерлер таситын платформалар мен арнайы автомобильдердiң өндiрiсi машина жасауда 3,4 есе өсiмдi қамтамасыз еттi. Резина мен пластмасса бұйымдары өндiрiсiндегi өсiм құбыр, терезе және есiк жасау есебiнен 133% болды», — дедi Статистика департаментiнiң басшысы.

Кеңес барысында облыс әкiмi инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейте түсу қажеттiгiн баса айтты.

«Инвестиция тартумен барлығымыз айналысуымыз қажет. Оның iшiнде Қазақстан халқы Ассамблеясы да, өйткенi этномәдени бiрлестiктер өздерi өкiлi болып саналатын елдермен байланыс жасайды. Олардың да инвестиция тартумен айналысқаны жөн. Бiзге жеке инвестиция көбiрек керек. Осыны барлығына — аудандарға, басқармалардың орынбасарлары мен басшыларына айтамын. Шетел инвестициясын молырақ тарту қажет. Сыртқы инвестиция үлесi 5%-ды ғана құрайды, яғни ол шетел азаматтарының қатысуымен келген инвестиция. Бұл — өте аз», — деп атап айтты Құмар Ақсақалов.

Сол сияқты департаменттiң мәлiметiне қарағанда, үш айдың қорытындысы бойынша қызметкерлерге есептелген орташа номиналды еңбекақы 93909 теңгенi құрады. Облыстағы орташа еңбекақы республикалық көрсеткiштен 33% төмен болып қалыптасты. Селекторлық байланыс режимiнде өңiр басшысы Құмар Ақсақалов аудандардың әкiмдерiне еңбекке ақы төлеу көлемiн өсiру бойынша шара қолдануды тапсырды.

«Сiздерде шаруашылық субъектiлерi сияқты мол резерв бар. Бiз барлығымен келiстiк — түсiнiстiк бар. Жұмыс iстеу керек. Осы жағына ерекше көңiл бөлудi аудандардың әкiмдерiнен тағы да сұраймын. Бiздiң адамдардың ел бойынша ең төмен еңбекақы алатындығына жол беруге болмайды»,- дедi облыс әкiмi.

Бұдан басқа, аппараттық кеңес барысында көктемгi егiс науқаны мен су тасқыны жағдайына байланысты өзектi мәселелер талқыланды.

«Бiз егiске жаппай кiрiстiк. Облыстың алқаптарында жұмысты жақсы жүргiзуге барлық жағдай бар, жер құрғақ. Тиiмдi уақытта және қолайлы агротехникалық мерзiмде себу науқанын аяқтауға болады деп есептеймiз. Белгiленген 4 млн. 222 мың гектардың 186 мыңына — жаздық, 52 мыңына — майлы, 121 мыңына — дәндi дақылдар, 0,75 мыңына — көкөнiс себiлдi», — дедi өңiр басшысы.

Облыс әкiмi аудандардың басшыларына көкөнiс өндiрiсiне көңiл аударуды тапсырды.

«Көкөнiс бiзде оңтүстiкпен қауымдастырылмауы керек. Көкөнiс бiзде де жақсы өседi. Бiз екi мәселеге ғана тәуелдi болуымыз керек — ерте өнетiн қызанақ пен қиярға ғана. Қалғанының бәрi бiзде жақсы шығады. Бiз елiмiздi етпен және сүтпен ғана емес, барлық ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен, оның iшiнде көкөнiспен де асырауымыз керек. Сондықтан Ауыл шаруашылығы басқармасы бiздiң басты әлеуетiмiз — ауыл шаруашылығын жалпы дамытудың тұжырымдамасын әзiрлеуi қажет. Елiмiздегi ең құнарлы жер бiзде, бiзде кадр да, әлеует те, экспорттық мол мүмкiндiк те бар. Механикаландыру бойынша — қандай машиналар әкелу керектiгiн ұйымдастыру керек, өнеркәсiп кәсiпорындарының әлеуетiн ескерiп, кейбiреуiн өзiмiз де шығара аламыз. Ол бiздi алға бастайтын нақты тұжырымдама болуы қажет», — дедi Құмар Ақсақалов.

Су тасқыны жағдайына байланысты, облыс әкiмi кешегi күнi су деңгейi 15 см-ге төмендегенiн тiлге тиек еттi. Өңiр басшысы табиғи апаттан зардап шеккен адамдарға барынша көмек ұйымдастыруды тапсырды.

«Бiз «Нұр Отан» партиясымен бiрге адамдарға көмек көрсетудi ұйымдастыру бойынша жұмыс iстеуiмiз қажет — әктеу, сырлау, материалдармен көмектесу бойынша бiрге сенбiлiктер өткiзу керек. Ешкiм де өз қайғысымен жеке қалмауға тиiс. Адамдар, жастар, барлық қоғамдық ұйымдар жағдай толық қалпына келгенше күн сайын сонда болуы қажет», — деп атап айтты облыс әкiмi.

Кеңес соңында өңiр басшысы аудандардың ресми интернет-ресурстарының мазмұнды толығуына назар аударды. Құмар Ақсақалов ақпарат ашық, қолжетiмдi және мөлдiр сияқты өлшемдерге сәйкес келуi тиiс екендiгiн атап айтты.

Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Мақаланың шыққан күні 15.05.2017
Қаралым саны: 514
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
Бизнесті қорғау
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес«ШАПАҒАТ» республикалық форумы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы