A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң аппараттық кеңесi кадрлық тағайындаудан басталды. Өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Безлер Владимир Михайлович Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Владимир Безлер бұрын ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi әкiмшiлiк департаментi директорының орынбасары болып қызмет еткен.

Құмар Ақсақалов Владимир Михайловичтi тағайындалуымен құттықтады.

«Сiздi денсаулық сақтау саласында көптеген мәселелердi шеше алатын тәжiрибелi маман деп есептеймiз», — дедi өңiр басшысы.

Аппараттық кеңес барысында 2017 жылдың 4 айында бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiгiнiң орындалуы, содан кейiн өңiрде оқу жылын аяқтау мәселелерi қаралды.

Бiрiншi мәселе бойынша Қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкiмжанов баяндады.

«Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн қамтамасыз ету туралы айтатын болсақ, жергiлiктi бюджеттi орындау — 121,6, облыстық бюджет — 143, аудандық бюджет бойынша — 109 пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстыратын болсақ, едәуiр көп, түсiм өсiмi былтырғыға қарағанда 129 пайыз болды. Бұл да — жақсы көрсеткiш. 2017 жылдың бiрiншi тоқсанын салыстыратын болсақ, республика бойынша 7-шi орындамыз», — дедi қаржы басқармасының басшысы.

Өз кезегiнде өңiр басшысы төрт айда бюджетке түскен түсiмнiң нәтижесi бойынша жақсы өсiм байқалатындығын атап айтты.

«Асыра орындау 2 млрд. 62 млн. теңгенi құрады. Бұл — жақсы әкiмгершiлiктiң нәтижесi. Алайда бұл бағытта атқарар қызмет жеткiлiктi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Сонымен бiрге облыс әкiмi еңбекақыны көтеру мәселесiне назар аударды.

«Жедел мәлiмет бойынша, 4 айдағы орташа еңбекақы 93 мың теңге болды. Аздап өсiм бар. Бiрақ бiз мұндай мiндет қойып отырған жоқпыз. Өткен жылға қарағанда еңбекақыны бiршама көтерудi мақсат етудемiз. Барлық тауар өндiрушiлермен, барлық құрылтайшылармен кеңесiп, ақшаны қайдан iздеу керектiгiне мысалдар келтiргем, түсiнiстiк бар. Ендiгi iс сiздерде — iшкi әкiмгершiлiкте. Бiр айдың iшiнде оны орындау мүмкiн емес екендiгiн түсiнем. Алайда жарты жылдың қорытындысы бойынша жақсы жағына өзгерiс болуға тиiс», — деп атап айтты өңiр басшысы.

Шығыс бөлiгi бойынша — облыстық бюджеттi игеру — 98,6, республикалық бюджет бойынша — 98,4 пайыз болды.

Құмар Ақсақалов қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк қаражатты толық көлемде және тиiмдi жағдайда орындауды тапсырды.

БАҚ өкiлдерiне берген сұхбатында Ескен Әкiмжанов бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң төмендеу көрсеткiшiн субъетивтi және объективтi факторлармен түсiндiрдi.

«Объективтi себептер — мемлекеттiк сатып алу бойынша үнем бар, субъективтi себептер — құрылыс-құрастыру және институттық жобалар бойынша орындалған жұмыстардың актiлерiн дер кезiнде бермеу, жұмыс кестесiнен қалу және басқа себептер орын алуда, олар бюджет қаражатын толық игеруге кедергi келтiруде», — деп түсiндiрдi қаржы басқармасының басшысы.

Екiншi мәселе бойынша Бiлiм беру басқармасының басшысы Шолпан Каринова сөз сөйледi. Бiлiм берудiң мазмұнын жаңғырту аясында қорытынды аттестация мектеп бiтiру емтихандары мен ЖОО-ларға түсi емтихандары болып бөлiнген.

«Биылғы жылдың түлектерi 29 мамырдан 9 маусымға дейiн жүз пайыз мемлекеттiк емтихандар тапсырады. 10 мен 12 маусым аралығында түлектер қолдарына аттестат алады. Бiтiру емтихандары мектеп қабырғасында өтедi. Олар 5 пәннен емтихан тапсырады, 4-уi — мiндеттi, ал 1-уi — таңдау пәнi бойынша. Биыл мектептi 3630 түлек аяқтайды. 20 маусымнан 1 шiлдеге дейiн 5 пән бойынша Ұлттық бiрыңғай тестiлеу өтедi. Бүгiнгi күнi ҰБТ-ға құжаттар тапсыруға арналған база қалыптастырылуда. 10 мамырдан кейiн ҰБТ-ға қатысу пайызы белгiлi болады. Бүгiнгi күнi бұл көрсеткiш 60,5 пайызды құрайды», — дедi Шолпан Каринова.

Бұдан басқа, биыл «Алтын белгiге» 140 түлек үмiткер. Биылғы жылдың тағы бiр ерекшелiгi — тоғызыншы сыныптағылар негiзгi мектептi бiтiргенi жөнiнде аттестат алатын болады, бұрын тек куәлiк берiлетiн.

Өңiр түлектерiнiң көп бөлiгi бесiншi пәнге биология мен физиканы таңдап жатқандығын атап айтқан жөн.

«Жыл сайын ҰБТ — балалар мен ата-аналар үшiн сiлкiнiс. 12 мамыр — бiрыңғай ата-аналар жиналысы күнi. Соған барлығыңыздың қатысуларыңызды сұраймын. Оның мақсаты — мектептерде қоғамдық бақылауды күшейту үшiн бақылау кеңестерiн құру. Осы бақылау кеңестерiнiң есебiнен мектептегi көптеген мәселелердi шешуге болады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Аппараттық кеңес

Мақаланың шыққан күні 10.05.2017
Қаралым саны: 1034
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы