A- A A+
Екiншi деңгейдегi банктер және микроқаржы ұйымдары коронавирустың таратылуына байланысты өз клиенттерiне қашықтан қызмет көрсету сервистерiне өтуде

Мақаланың шыққан күні 20.03.2020

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI

2020 жылғы 20 наурыз

Екiншi деңгейдегi банктер және микроқаржы ұйымдары коронавирустың таратылуына байланысты өз клиенттерiне қашықтан қызмет көрсету сервистерiне өтуде

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi екiншi деңгейдегi банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бiрлесiп халық және қаржылық жай-күйi коронавирустың таратылуына байланысты нашарлаған бизнес үшiн тәуекелдердi жұмсарту шараларын пысықтады.

Бұл қиын жағдайда барлық банктер мен қаржы ұйымдары клиенттердiң операциялық залдарға бармай оларға барынша қашықтан қызмет көрсету режимiне қарай өз жұмысын реттеуде.

Қазақстанда төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңiнде банктер мен микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға банктiк қарыз шарттары бойынша төлемдердiң өтуi бойынша айыппұлдар мен өсiмпұлдарды есептемейдi. Кепiлсiз тұтынушылық қарыздары ресiмделген жеке тұлға клиенттерге 90 күннен астам мерзiмi өткен жағдайда, банктер және микроқаржы ұйымдары пайыздық сыйақы есептемейдi.

Қаржылық жай-күйi коронавирустың таратылуына байланысты нашарлаған жеке тұлғалар үшiн қарыздар бойынша төлемдердi 90 күнге кейiнге қалдыру ұсынылады. Банктер және микроқаржы ұйымдары төлемдердi кейiнге қалдыруды жеке тәртiппен ұсынады. Мысалы, Kaspi Bank жұмысын жоғалтқан және соның нәтижесiнде уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған адамдар үшiн төлемдердi төлеу мерзiмiн 2 айға кейiнге қалдыру бойынша өз бағдарламасын iске қосты.

Коронавирустың таратылуына байланысты зардап шеккен дара кәсiпкерлер және ШОБ субъектiлерi үшiн кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша 90 күнге дейiн мерзiмiн кейiнге қалдыру ұсынылады. Бұдан басқа, ТЖ енгiзiлуiне байланысты туындаған төлемдердi кешiктiргенi бойынша айыппұлдар мен өсiмпұлдар есептелмейдi.

Осындай шаралар кәсiпкерлерге ШОБ-қа қызметкерлердi қысқартпай, олардың жалақы бойынша барлық тиесiлi төлемдерiн сақтай отырып қашықтан жұмыс iстеуге көшiруге көмектеседi.

Қаржы мекемелерiнде көп адам санының жиналуын болдырмау үшiн клиенттердiң онлайн-жазылуы ұйымдастырылғанын еске саламыз, барлық қызметтердi қашықтан, электрондық почта, «банк-клиент» жүйесi, ұйымның интернет-ресурсы, мобильдiк қосымша және басқа да байланыс құралдары арқылы алуға болаы. Банктердiң жұмыс iстеу режимi және қаржылық қызметтердiң тұтынушыларды қолдау шаралары туралы ақпарат www.finreg.kz сайтында орналасқан.

Агенттiк командасы банктердiң және қаржы ұйымдарының клиенттерiне қолдау көрсету және олардың қаржылық жай-күйiне коронавирустың таратылу әсерiн барынша азайту үшiн мүмкiндiгiнше барлық күш-жiгерiн салуда.

Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 (727) 2788 121

e-mail: Press@finreg.kz

www.finreg.kz

Қаралым саны: 6210

Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Шілде 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов Казахстана Стратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі» ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы