A- A A+
Бастаманың әрқайсысы миллиондаған адамның мүддесiмен үндес — Ерлан Қарин

Мақаланың шыққан күні 05.03.2018

Бастаманың әрқайсысы миллиондаған адамның мүддесiмен үндес — Ерлан Қарин

«Qazaqstan» теларнасының басшысы Ерлан Қарин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгiнгi 5 әлеуметтiк бастамасына қатысты пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуiнше, бүгiн Нұрсұлтан Назарбаев жаңа күн тәртiбiн белгiледi және оны Парламенттiң бiрлескен отырысы қарсаңындағы қауесеттердi жоққа шығарып жұрт күткен жайттан мүлдем бөлек өзiндiк стильде жүзеге асырды. «Президент сөзiнiң басты адресаты шенеунiктер емес, ең бiрiншi кезекте қарапайым азаматтар болды. Сондықтан да бүгiнгi президенттiк 5 әлеуметтiк бастама өзiнiң пiшiнi, сонымен қатар өзiнiң мазмұны жағынан да iс жүзiнде кезектi Жолдау. Егер қаңтарда Президент экономикалық күнтәртiбiн қалыптастырса, ал бүгiн Мемлекет басшысы әлеуметтiк блогты жүйелi жаңарту бойынша байытылған бағдарлама ұсынды. Бұл қарапайым ғана тактикалық бастама емес, байыпты әрi ауқымды бағдарлама.

Бес бастаманың әрқайсысы бiрнеше миллиондаған адамның мүддесiне қатысты. Жиынтығында кемiнде халықтың жартысы президенттiк әлеуметтiк бағдарламамен қамтылатын болады. Сондықтан да Президентi тiкелей эфирде және Парламенттiң бiрлескен отырысы алаңында сөз сөйледi», — дедi Ерлан Қарин. Оның айтуынша, геосаясаттың әрбiр бағытында Президент басты шамшырақты белгiлеп бердi. Бұл идеологиялық блогта «Рухани жаңғыру» болса, экономикада — цифрландыру бағдарламасы. Ал саяси блог өткен жылы конституциялық реформалар арқылы анықталған болатын. «Ендi мiне Мемлекет басшысы әлеуметтiк блок үшiн жаңа көкжиектi анықтады», — дедi ол.

Қаралым саны: 1145
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы