A- A A+
Бескөлдегi «Гранит Север» ЖШС жаңа асфальт-бетон зауытын сатып алды

Мақаланың шыққан күні 28.08.2019

Ал Бескөлдегi тағы бiр өндiрiс ошағы ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргiзген. Осының арқасында терiскейлiк жолдардың сапасы бiршама жақсарады деген үмiт бар. «Гранит Север» компаниясы қомақты қаржыға Еуропадан асфальт-бетон зауытын сатып алыпты. Соңғы үлгiдегi инновациялық қондырғы қоспаны тың технологияның көмегiмен шығаратын көрiнедi.

Жаңғыртуды «Гранит Север» 1 апта бұрын тәмамдаған. Қазiр мұнда су жаңа Украинада жасалған зауыт жұмыс iстеп тұр. Ол iрi түйiршiктi, ұсақ түйiршiктi және полимерлi асфальт-бетон өндiредi. Қуаты да мақтауға тұрарлық. 1 сағатта зауыт 160 тонна қоспа әзiрлейдi. Жергiлiктi мамандар күллi Солтүстiк Қазақстан облысында мұндай кәсiпорынның баламасы жоқ дейдi.

Игнат Новиков — «Гранит Север» ЖШС асфальт-бетон зауытының операторы, Қызылжар ауданы:

– Өзге асфальт-бетон зауыттары 3 фракциямен шектелсе, мұнда 5 фракция бар. Бұл дайын өнiмнiң сапасы жақсырақ болады дегендi бiлдiредi.

Ал сапалы асфальт керек бiзге. Өйткенi, жөнделген не салынған жол бiр жылға да шыдамай шұрық-тесiк боп жататын жағдайлар жоқ емес. Қазiрдiң өзiнде бескөлдiк асфальт-бетонды «Қазавтодор» мен «Титан-Север» сынды iргелi компаниялар сатып алып жатқан көрiнедi. Бiрақ, мұндай зауыт қоршаған ортаны ластамай қоймайды емес пе? Бұл мәселе серiктестiк басшылығының айтуынша, шешiмiн тапқан. Жаңа зауыттың айрықша бiр артықшылығы бар екен.

Саят Ермек тiлшi:

– Ал артықшылық мынада — зауыт экологияға зиян келтiрмейдi екен. Қарапайым тiлмен айтқанда, өндiрiстiк қалдықтар мен шаң атмосфераға лақтырылып, көкке ұшпай, арнайы сүзгiлерге жинақталады. Кейiн қайта кәдеге жаратылады.

Қондырғы әсте арзан емес. Құны — 430 млн теңге. Ақшаны «Гранит Северге» ресейлiк компания қарызға берген. Берешектi өтеуге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы көмектеспек. Қазанда серiктесiк бұл бағдарлама бойынша 150 млн теңгенiң кредитiн алмақ. Жылдық пайыздық үстеме — 6 процент. Ал қалған ақша табыс есебiнен қайтарылмақ.

Саят Ермек

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Қаралым саны: 229
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы