A- A A+
Шағын несиенің арқасында 800 солтүстікқазақстандық өз кәсібін бастайды

Мақаланың шыққан күні 07.03.2018

Шағын несиенің арқасында 800 солтүстікқазақстандық өз кәсібін бастайды

СҚО белсенділері Елбасының 5 әлеуметтік бастамаларын талқылады. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл бастамалар әр қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған деді.

«Арзан ипотека, салықты түсіру, шағын несиелерді және білім гранттарын көбейту үлкен қаражатты талап етеді. Бұған мемлекет қаржы тапты», — деді Құмар Ақсақалов.

Облыста қазір 19 мың адам баспана кезегінде тұр, оның 13 мыңы Петропавлда. Былтыр өңірде тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есеге артты. 2018 жылы қарқын үдей түседі. Биыл облыс орталығында 1600 пәтерді қолданысқа беру көзделген.

60 мың теңгеден аз еңбекақы алатын азаматтар бұдан былай тек 1 пайыз ғана салық төлейтін болады. Өңір бюджеті шамамен 1 млрд. тг айырылғанымен, халықтың кірісі көбейіп, сатып алу мүмкіндігі ұлғаяды.

Елбасы мемлекет шағын несиелеуге 62 млрд. теңгені бағыттайды деді. СҚО-да былтыр 2 млрд.теңгенің 437 шағын несиесі берілді. Оның ішінде 425 ауыл тұрғыны. Биыл бұл бағытқа 2,8 млрд. тг. бөлінді.

«Біз қосымша 1 млрд. теңгеге тапсырып беріп, жалпы несиелеу көлемін 4 млрд теңгеге жеткіземіз. 800 отбасы өз кәсібін бастай алады. Болашақта бұл соманы 5 млрд. теңгеге жеткізу көзделген. Сөйтіп, 1 мың тұрғынды қамти аламыз», — дейді өңір басшысы.

Биыл оқу гранттарының саны 74 мыңға дейін көбейтілді. СҚМУ алдында материалды-техникалық базаны нығайту, жаңа студенттерді тарту, жаңа мамандықтарды көбейту және жоғары білікті мамандарды жұмысқа алу міндеттері тұр. Студенттерге жатақхана салу да аса маңызды іс. СҚО бұл жұмысты елімізде бірінші болып бастау керек дейді аймақ басшысы.

Орталық және Солтүстік Қазақстанды газбен қамтамасыз ету де ауқымды жұмыстың бірі. Өңір басшысының айтуынша, өнеркәсіп газбен қамтамасыз етілсе, өнімдердің өзіндік құны әлдеқайда төмен болмақ. Қазір магистралды тораптан елді-мекендерге газ тарту мәселесі қаралып жатыр деп сөзін қорытындылады Құмар Ақсақалов.

Шағын несиенің арқасында 800 солтүстікқазақстандық өз кәсібін бастайды

Шағын несиенің арқасында 800 солтүстікқазақстандық өз кәсібін бастайды

Қаралым саны: 1247
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасыДорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы