A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының бизнесi менеджмен жүйесi мен техникалық реттеу саласында бiлiктiлiгiн арттырды

Мақаланың шыққан күні 15.06.2019

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Солтүстiк Қазақстан филиалы ағымдағы жылдың 11 мен 13 маусымы аралығында техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелерi саласындағы қызметкерлердi оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру бойынша оқыту семинарын өткiздi.

Семинардың мақсаты — техникалық реттеу, стандарттау, метрология және менеджмент жүйелерi саласындағы қызметкерлердiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру және жетiлдiру.

Семинар барысында қатысушыларға келесi негiзгi тақырыптар бойынша дәрiс материалдары ұсынылды: Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың техникалық реттеудiң шарттық-құқықтық базасы, метрология саласындағы заңнаманың жаңалықтары, менеджмент жүйесiнiң сертификаттау саласындағы жаңа тәсiлдерi, ЕАЭО және Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесi.

Сонымен қатар «Бөтелкеленген ауыз судың қауiпсiздiгi бойынша техникалық регламенттердi қолдану ерекшелiктерi, соның iшiнде табиғи минералды су (EAЭО TР 044/2017)», «Өрт қауiпсiздiгi және өрт сөндiруге қойылатын талаптар туралы (ЕАЭО ТР 043/2017)» қарастырылды.

Шығарылған өнiмiн техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келетiн Кәсiпорын техникалық регламенттi енгiзуге уақытылы дайындалып, оның күшiне енген күннен бастап оның талаптарын ұстануға тиiс. Облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарының мамандары Кеден одағы мен ЕАЭО шеңберiнде техникалық регламенттер, сондай-ақ сәйкестiктi бағалау бойынша кеңес алды. Халықаралық, мемлекетаралық, әртүрлi елдердiң ұлттық стандарттары өнiмдерiне, жұмысына және қызметтерiне, сондай-ақ әртүрлi салалық стандарттарға қосымша талаптарға талдау жасау негiзiнде сапа менеджментi жүйелерiне жүгiну үшiн белгiлi бiр ұйымға ең лайықты талаптар анықталды.

Семинардың әрбiр тақырыбына қатысты нақты ақпарат пен түсiнiктемелердi халықаралық стандарттарды енгiзу саласындағы жетекшi сарапшылар, бас кеңесшiлер және сертификатталған сарапшылар — техникалық реттеу, сапаны менеджментi, стандарттау және сертификаттау жүйесiнiң аудиторлары ұсынды.

Қазақстандық бизнеске жыл сайын осындай семинарларда оқуға мүмкiндiк берiледi, онда техникалық реттеу және стандарттау саласындағы өз мүдделерiн қорғауды үйренуге болады және жұмысты оңтайландыру мәселелерi бойынша бiрқатар шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк бередi.

Семинар нәтижесiнде облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарының техникалық реттеу және стандарттау саласындағы кәсiби деңгейiн арттырған 70-тен астам мамандар өздерiнiң сұрақтарына толыққанды және жан-жақты жауап алды.

Қаралым саны: 807
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Шілде 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы