A- A A+
Вирустық гепатит туралы нені білу қажет

Мақаланың шыққан күні 09.10.2019

Гепатит вирусы адамзаттың денсаулығы үшiн негiзгi қауiптi факторлардың бiрi болып есептеледi. ДДҰ-ның мәлiметтерi бойынша гепатит әлемде екi миллирдқа жуық адамды, яғни ғаламның әрбiр үшiншi тұрғынын зақымдаған. Кейбiр елдерде А вирустық гепатитiмен халықтың көп бөлiгi ауырған, ал тұрғындардың оныншы бөлiгi В және С вирустық гепатитiн тасымалдаушы болып табылады.

А гепатитiнiң вирусы

А гепатитiнiң вирусы инфекция жұқпаған (немесе вакцинацияланбаған) адам инфекция жұқтырған адамның нәжiсiмен ластанған азық-түлiк немесе суды тұтынған кезде таралады. Ауру қауiпсiз тағам мен судың, тиiстi санитария мен жеке тазалықтың жоқтығына тығыз байланысты, сондықтан оны ас қолдың ауруы деп атайды.

В гепатитiнiң вирусы (бұдан әрi — ВВГ)

В гепатитiнiң вирусы ауру жұқтырған адамның ағзасындағы қанмен немесе сұйықтықпен, сондай-ақ адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) байланыс кезiнде жұғады. Дегенмен ВВГАИТВ-ға қарағанда 50-100 есе жұқпалы. В гепатитi вирусының басты жұғу жолдары:

  • босану кезiнде анадан балаға (перинаталдық жұғу);
  • баладан балаға;
  • қауiптi инъекция және қан құю арқылы;
  • қорғаныссыз жыныстық қатынасқа түскенде.

Әлемде ауру көп жағдайда анадан балаға, баладан балаға (әсiресе отбасында) және залалсыздандырылмаған инелер мен шприцтердi қайтадан қолданған кезде жұғады. В гепатитiне қарсы вакцинаны кеңiнен қолданғанға дейiн дамушы елдердегi барлық балалар осы вирусты жұқтырған.

С гепатитiнiң вирусы

C гепатитi вирусы:

  • инъекцияға арналған құралдарды ортақ қолданған жағдайда инъекциялық есiрткiлердi тұтынудың нәтижесiнде;
  • медицина мекемесiнде құралдарды қайтадан қолданғанда немесе медициналық қраодарды, әсiресе шприцтер мен инелердi жеткiлiктi залалсыздандырмағанда;
  • тексерiлмеген қан мен қан өнiмдерiн құйғанда;
  • жыныстық қатынас арқылы және науқас анасынан оның баласына жұғуы мүмкiн.

С гепатитi ана сүтi, азық-түлiктер, су немесе қауiпсiз байланыстар, мысалы құшақтасу, сүю және азық-түлiктер мен сусындарды ауру жұқтырған адаммен ортақ тұтынғанда жұқпайды.

Е гепатитiнiң вирусы

Е гепатитiнiң вирусы ауыз судың нәжiспен ластануының салдарынан ең басты нәжiстi ауыз арқылы жұғады. Е гепатитiнiң қауiптi факторлары нашар санитариямен байланысты, оның нәтижесiнде ауру жұқтырған адамның нәжiсiндегi вирус ауыз сумен жабдықтау көзiне түседi.

Нұсқаулар:

  • Таза суды қолданыңыз;
  • Қауiпсiз азық-түлiктi тұтыныңыз;
  • Жеке тазалық ережесiн сақтаңыз;
  • Косметикалық шараларды арнайы мекмелелерде жасатыңыз;
  • Күмәндi тату, пирсинг салондар, шаштараз, сұлулық салоны, барбешоптарды айналып өтiңiз;
  • Сенiмдi мамандарға ғана жүгiнiңiз және барлық құралдардың сiздiң көзiңiзше өңделiп қапталғанын талап етiңiз;
  • Есiрткiлердi тұтынбаңыз;
  • Қауiпсiз жыныстық қатынасқа дағдыланыңыз;
  • Гепатитке қарсы уақытылы вакциналаудан өтiңiз;
  • басқа адамдардың биологиялық сұйықтықтарымен, оның iшiнде қанмен байланыстан аулақ болыңыз.

Вирустық гепатиттi ерте диагностикалау (уақытында қан тапсыру) аурудың асқынуы мен вирустың жұғуының алдын алатынын атап айту маңызды.

Гепатит туралы деректер

Әлем бойынша 2 миллиардқа жуық адам бiр кездерi В гепатитiн жұқтырған, ал 240 миллионнан аса адам В гепатитi вирусы тудырған бауырдың созылмалы ауруынан зардап шегедi.

Әлемде 150 миллионнан аса адам С гепатитi вирусын таратушы; осы вируспен байланысты аурулардан жыл сайын 350 000 адам қаза табады.

B гепатитi қан және ағзадағы басқа сұйықтықтар арқылы жұғады. Көбiнесе қан құйған кезде залалды шприцтер, жыныстық қатынас арқылы, босану кезiнде вирус жұқтырған анадан балаға, гепатит жұқтырған отбасы мүшесiнен тығыз байланыс арқылы жұғады.

Гепатиттiң алғашқы белгiлерi тұмауға ұқсайды: шаршау, буындардың ауыруы, қалтырау. Кейде жүректiң айнуы, сарғаю, iштiң ауыруы болады. Дегенмен пациенттердiң көбiнде анық белгiлер болмайды. Белгiлердiң болмауынан жiтi гепатиттi уақытында сирек анықтайды. Бiрақ жақындарыңа жұқтырып алмау үшiн өзiңде аурудың бар-жоғын бiлу қажет.

B гепатитi АИТВ-ға қарағанда 100 есе жұқпалы.

С гепатитi В гепатитiне қарағанда жазылады және көп жұқпайды. Бiрақ оған қарсы екпе жоқ. В гепатитiне қарсы дәрi жоқ, бiрақ тиiмдi екпе бар.

B гепатитiалғаш жұқтырған 6 ай iшiнде жiтi болып есептеледi. Ауру жұқтырған 10 ересектiң 9-ынды жiтi В гепатитi жұқтырғаннан кейiн алғашқы 6 айда өздiгiнен жазылады. Ал басқаларында созылмалы түрiне ауысады.

С гепатитi өздiгiнен сирек жазылады, ал емдеусiз шамамен 80% дерегi созылмалы түрге айналған.

Созылмалы В гепатитi анықталғаннан кейiн алғашқы 5 жыл iшiнде бауыр циррозы мен обырына шалдықтыруы мүмкiн.

Егер C гепатитi созылмалы түрге ауысса, онда 15-30 жылдан кейiн бауыр циррозы мен обырына алып келуi мүмкiн.

Егер С гепатитiнiң вирусы анықталса, оның генотипi мен вирустық жүктемесiнiң деңгейiн анықтау дұрыс ем жүргiзу сызбасын таңдауға мүмкiндiк бередi.

Созылмалы В гепатитi емделмейдi, бiрақ бақылауда ұстауға және аурудың тежеуге болады.

Ермек Сандыбаева, терапевт, «Солтүстiк Қазақстан облысы
бойынша салауатты өмiр салтынқалыптастыру орталығы»
ЖШС тапсырыс бойынша жазылды

Қаралым саны: 280
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы