A- A A+
Елбасы құқық қорғау органдарына ЭКСПО ашылуындағы жұмысы үшiн ризашылық бiлдiрдi

Мақаланың шыққан күні 16.06.2017

Елбасы құқық қорғау органдарына ЭКСПО ашылуындағы жұмысы үшiн ризашылық бiлдiрдi

ҚазАқпарат — Елбасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Кәрiм Мәсiмов пен Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметi.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегi қылмыстық ахуалдың жағдайы туралы есеп берiлдi. Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары жүргiзiп отырған шаралардың нәтижелерiне тоқталып, азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстың сапасын жақсарта беру қажеттiлiгiн атап өттi. «Жалпы, жағдай жақсарып келедi. Қылмыс жасау 16 пайызға азайды. Оларды ашу көрсеткiшi 60-тан 70,2 пайызға көтерiлдi. 26 мың адамға рақымшылық жасалып, 1200 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды», — дедi Қазақстан Президентi.

Iшкi iстер министрi Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесiн өткiзу кезiнде Астанадағы құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету барысында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндап, iшкi iстер органдарындағы реформалардың нәтижелерi жөнiнде айтты. Елбасы Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесiнiң ашылуында тиiстi қауiпсiздiктi қамтамасыз еткенi үшiн құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлерiне ризашылық бiлдiрдi. «Көптеген мемлекеттер басшылары мен қонақтар қатысқан «ЭКСПО-2017» көрмесiнiң ашылуында қауiпсiздiктi қамтамасыз еткен елiмiздiң бүкiл полиция қызметiне, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, «Сырбар» сыртқы барлау қызметiне және басқа да органдарға алғыс айтамын. Бiз көрменiң ашылуын ұйымшылдықпен өткiздiк, — дедi Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев мұндай iс-шараларды өткiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң айрықша күрделi мәселе екенiне тоқталып, барлық құқық қорғау органдарының жұмысын жоғары бағалады. «Астанаға облыстардан адамдар жiберiлдi. Офицерлердiң барлығы белгiленген орындарынан табыла бiлдi. Әрқайсысы өзiне тапсырылған iспен айналысты. Барлық салада да кәсiбилiктiң жоғары деңгейi қамтамасыз етiлдi», — дедi Қазақстан Президентi. Кездесi соңында Елбасы бiрқатар нақты тапсырма бердi.

Қаралым саны: 1023
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 80
35%
Әлеуметтік сала - 55
24%
Денсаулық сақтау - 54
24%
Мәдениет - 20
9%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы