A- A A+
Ердоғанның Путинге тағдыршештi хатын жеткiзудiң мән-жайы белгiлi болды

Ердоғанның Путинге тағдыршештi хатын жеткiзудiң мән-жайы белгiлi болды

ҚазАқпарат — Өткен жылдың маусымында Түркия Президентi Режеп Тайып Ердоғанның тағдыршештi хаты РФ Президентi Владимир Путинге Ташкентке шұғыл түрде жеткiзiлдi. Бұл Өзбекстан астанасындағы ШЫҰ саммитiнен тыс Қазақстан Президентiнiң қатар атқарған елеулi еңбегiнiң арқасында мүмкiн болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған хат қалай жеткiзiлгенiн Қазақстан, Ресей және Түркия президенттерiнiң көмекшiлерi «Бiтiмгер миссиясы» атты деректi фильмiнде егжей-тегжейлi баяндап бердi.

Атап айтқанда, Ташкенттегi кездесуде Ресей мен Түркия арасындағы шиеленiскен қатынастар мәселесi күнтәртiбiнде тұрмаған едi, алайда Нұрсұлтан Назарбаев РФ Президентi Владимир Путинмен келiссөз жүргiзiп, оның Қытайға сапары алдында Режеп Ердоғанның хатын қабылдауы керектiгiн айтты. Нәтижесiнде Ресей Президентi келiсiмiн берген. Саммитте мемлекет басшылары резиденцияларына кеткен кезде де, Қазақстан Президентi жұмысты жалғастырып, Түркия басшысымен телефон байланысын шұғыл орнату тапсырмасын бердi.

Осыдан кейiн Түркиядағы дипломатиялық команда тағдыршештi хатты даярлауға кiрiседi, онда Ердоған қиындықтарға қарамастан, Ресей тарапымен қатынастардың жаңа кезеңi жайында айтады. Таңертең ерте Түркия президентiнiң көмекшiсi Ибрагим Калын чартерлiк рейспен Ташкентке шұғыл түрде аттанып кетедi. Оған бiрнеше сағаттың iшiнде аталған хатты РФ президентiнiң көмекшiсi Юрий Ушаковтың қолына жеке табыстау тапсырмасы берiледi. Алайда саммитке байланысты Өзбекстанның әуе кеңiстiгi жабық тұрғандықтан, аталған елге ұшақпен қону проблемасы болған едi. «Бiз қатты асыққандықтан, Грузия, Әзербайжан, Түрiкменстан және Өзбекстан әуе кеңiстiгiн қиып өтуге рұқсат алып үлгермедiк. Грузия шекарасына дейiн 50-60 минут қалды, осы уақытта рұқсат алуға қатты үмiттендiк. Грузия шекарасына жақындаған кезде рұқсатты алдық, осыдан кейiн бiзге Әзербайжан мен Түрiкменстан елдерi де өздерiнiң әуе кеңiстiгiн ашты. Бiрақ Өзбекстаннан рұқсат алу мүмкiн болмады. Осылайша, ұшақ әуеде қона алмай жүрдi», — дедi И. Калын.

Осы мерзiмде қазақстандық делегацияның мүшелерi ұшақты қондыруға рұқсат алу мәселесiмен айналысты. «Мемлекет басшысы сол кездегi Өзбекстан президентi Ислам Кәрiмовпен жеке сөйлесетiнiн айтты. Шағын құрамдағы кездесуден кейiн Нұрсұлтан Назарбаев ұшақты Ташкентте қондыру туралы уағдаластыққа қол жеткiздi»,-дедi ҚР Президентiнiң көмекшiсi Нұрлан Онжанов.

Ибрагим Калынды Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Ерiк Өтембаев қарсы алды. Хаттың мәтiнi құпия түрде Қазақстан Президентiне жеткiзiлiп, Елбасы оны Владимир Путинге беру тапсырмасын бердi. Саммит аяқталғаннан кейiн Ибрагим Калын Түркия Президентi Режеп Ердоғанның қолтаңбасы ресми қойылған хаттың нұсқасын Н. Назарбаевтың резиденциясына жеткiзiп бердi. Кейiннен осы жерге Юрий Ушаков шақыртылды. Айта кетейiк, «Бiтiмгер миссиясы» — бұл Президент баспасөз қызметi мен «Хабар» телеарнасының бiрлескен жобасы.

Фильмде Түркияның шекара аумағына кiрiп кеткен Ресейдiң СУ-24 ұшағының атып түсiрiлуiнен кейiн екi елдiң арасында туындаған шиеленiскен ахуалды реттеудiң қадамдар зерттелген.

Бұл тұрғыда Түркия мен Ресей арасындағы жағдайды ретке келтiруге бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды әрi парасатты еңбегi егжей-тегжейлi баяндалады.

Осы орайда Түркия Республикасының Президентi Режеп Тайып Ердоғанның тағдыршештi хатын РФ Президентi Владимир Путинге жеткiзу қадамы қалай өрбiгендегi, осы маңызды iсте тараптардың атқарған қызметi толық көрсетiлген.

Мақаланың шыққан күні 04.07.2017
Қаралым саны: 1410
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы