A- A A+
Бас прокуратура азаматтарды заңсыз әрекеттерге бармауға шақырады

Мақаланың шыққан күні 03.07.2019

Соңғы кезде әлеуметтiк желiлерде және мессенджерлерде көрiнеу жалған ақпараттарды тарату жағдайлары көбейiп кеттi.

Атап айтқанда, Арыс қаласында 350 тұрғынның хабар-ошарсыз кеткендiгi және қайтадан жарылыстардың болу байланысты ол жерде тұрудың қауiптi екенi туралы жалған қауесет те орын алды. Мұның өзi көпшiлiктiң арасында үрей туғызып, Шымкент қаласында заңсыз акциялардың өтуiне итермеледi.

Арыс қаласындағы жағдайға қатысты терiс ақпарат фактiлерi бойынша, сотқа дейiнгi тергеп-тексеру жүргiзiлуде.

Сонымен қатар елiмiздiң жаңа ұлттық валюта — «алтынға» көшетiнi, жинаған ақшаны соған байланысты дереу долларға айырбастап, жылжымайтын мүлiктi сатып алу үшiн жаңа қарыздарды ресiмдеу қажеттiгi туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтердi таратушылар байқалуда.

Шығыс Қазақстан облысындағы жерлердiң шетелдiктерге сатылғаны туралы шындыққа сай келмейтiн әрi арандатушылық ақпараттардың тарауы да азаматтарды мазасыз күйге түсiрдi.

Осы айтылған мән-жайларды ескере келе, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында «Прокуратура туралы» Заңның 32-бабын басшылыққа ала отырып, Бас прокуратура төмендегi жағдайларды түсiндiредi.

Мемлекет әр адамның ақпаратты еркiн алу әрi тарату құқығына кепiлдiк бередi.

«Ақпаратқа қол жеткiзу туралы» Заңға сай, азаматтар қажеттi ақпаратты алу үшiн мемлекеттiк органдарға жүгiнуге құқылы.

Өз кезегiнде, мемлекеттiк орган қол жеткiзуге шектеу қойылған ақпараттардан басқа сұратылып отырған мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.

Мемлекеттiк органдардан алған ресми ақпаратты азаматтар қандай да бiр шектеусiз бөлiсуге құқылы.

Мемлекетке, қоғам мен адамның құқықтарына елеулi зиян келтiретiн экстремистiк және көрiнеу жалған ақпаратты таратуға тыйым салынады.

Атап айтқанда, қоғамдық тәртiптi бұзатын немесе азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттiң заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiретiн осындай әрбiр факт бойынша Қылмыстық кодекстiң 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген.

Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желiлерiн пайдалана отырып жасалған осындай әрекеттер үш жылға дейiн бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Жаппай тәртiпсiздiктерге арандатып, азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үшiн Қылмыстық кодекстiң 272-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды.

Осы айтылған мән-жайларды ескере отырып, Бас прокуратура азаматтарды жанжалдар тудыратын және қоғамдық тәртiптi бұзатын заңсыз әрекеттерге барудан, оның iшiнде жалған ақпараттарды таратудан тартынуға шақырады.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметi

Қаралым саны: 407
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Шілде 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы