A- A A+
Германия президентi ЭКСПО-ны өз көзiмен көру үшiн келдi

Мақаланың шыққан күні 12.07.2017

Германия президентi ЭКСПО-ны өз көзiмен көру үшiн келдi

ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Германия президентi Франк-Вальтер Штайнмайердi қабылдады. Штайнмайер мырза қазiргi қызметiне сайланғаннан кейiн Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келiп отыр. Бұған дейiн ол осы елдiң сыртқы iстер министрi қызметiн атқарған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

«Сiздiң осы қызметке сайлануыңыздан кейiн Қазақстанға алғашқы сапарды жасап, ЭКСПО-2017 көрмесiн өз көзiңiзбен көруге шешiм қабылдағаныңыз үшiн алғыс айтамыз. Бiз Сiздi бұрыннан берi жақсы бiлемiз. Сондықтан президент қызметiне сайланғаныңызға қуаныштымыз. Германия — iрi мемлекет әрi үлкен экономикалық күштiң иесi. Дәл осы елмен тығыз байланыстарды жүргiзiп жатқанымызға ризамыз. Бiз ол қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға мүдделiмiз», — дедi Нұрсұлтан Назарбаев шағын құрамдағы кездесу кезiнде. Президенттiң айтуынша, бүгiн Қазақстан-Германия iскерлiк кеңесi аясында 20 келiсiм рәсiмделедi.

Сондай-ақ, екi елдiң басшылары ЭКСПО көрмесiне барып, Германияның павильонын аралап шықпақшы. Өз кезегiнде Франк-Вальтер Штайнмайер қонақжайлық үшiн алғыс бiлдiрiп, Қазақстанға президент болып келгенiне қуанышты екенiн жеткiздi.

«Мен бұған дейiн де Қазақстанда болғанмын. Алайда президент ретiнде алғаш рет келiп отырмын. Бұл жаққа келуге себептер көп. Қазақстанды мен жақсы бiлемiн. Алайда биылғы жылдың жөнi бөлек. Себебi Германия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 25 жыл толып отыр. Осы уақыттың iшiнде қыруар жұмыстар атқарылды. Бүгiнде Германияның бiраз компаниялары ЭКСПО көрмесiне қатысып жатыр. Осының өзi екiжақты байланыстың көрiнiсi болса керек», — дедi Штайнмайер.

Айта кетейiк, ағымдағы жылы ақпан айында өткен сайлауда Германияның бұрынғы сыртқы iстер министрi Франк-Вальтер Штайнмайер сайлаушылар дауысының жартысынан көбiн жинап, осы елдiң 12-шi президентi атанған болатын.

Қаралым саны: 1596
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы